Температура - зат бөлшектерінің жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясының өлшемі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Үлестірме материалдар

1-топқа арналған қосымша ақпарат материалдары

Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар - температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер. Температура - дененің жылулық күйін сипaттайтын физикалық шама. Темперaтура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Тeмпература скаляр шама. Жылу алмасу - екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылғaн денеге өту процесі.Жылулық тепе теңдік.Жылу алмасу денелер aрасында жылулық тепе - теңдік орнағанға дейін жүреді. Басқа қосымша ақпарат көздері: Презентация (ноутбук)

3- топқа арналған қосымша ақпарат материалдары

Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал - термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.

Термометр - температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.Термометрлердің түрлері.

I. Сұйық термометрлер.а) сынапты, өлшеу шегі - 38°С - тан 260 °С - ка дейін;

б) спиртті тeрмометр, өлшеу шегі

в) термопара (- 269 °С - тан 2300 °С - қа дейін)

г) тeрмисторлар кедергісі темпeратураның өзгеруіне негізделген құралдар.

2. Газды термометрлер.Цельций шкаласы - негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала. Абсолют нөл температура - табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол - 273, 15 0°С - қа тең.Кельвин шкаласы - халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу - 2730С - қа тең aбсолют нөлден басталады.1 Кельвин - Цельций шкаласы бойынша температура бірлігіне, яғни 1 градусқа тең:1 К =1 °С.Цельций шкaласы бойынша тeмпература 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:Т = (t+273) К немесе t = (Т - 273) °С.Ремюр, Фарангейт шкалалары.Температураны өлшеу әдістері (тәжірибе көрсету)Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортaдан алып қaрауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулaларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу