Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері. Физика, 10 сынып, презентация.


Денелердің тепе-теңдік шарттары. Массалар центрі

Астана қаласы ФМБ НЗМ

Тулеуова А.Б. - физика пәнінің мұғалімі.

Оқу мақсаты:

10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және тепе-теңдік түрлерін түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

тепе –теңдік түрлерін сипаттайды;

қатты дененің тепе-теңдік шарттарын анықтайды;

дененің массалар центрін тәжірибе арқылы анықтайды;

Денелердің тепе-теңдік шарттары

«Тірек нүктесін көрсетсеңіз, мен Жерді де көтеремін..»

Архимед

Статика

Бұл механиканың тепе-теңдік пен абсолют қатты денелердің тепе-теңдік шартын зерттейтін бөлімі.

Бұл бөлімде біз барлық денелерді абсолют қатты деп және осы денелердің тыныштық күйде болған жағдайларды қарастырамыз.

Тепе-теңдік —әсер ететін барлық сыртқы және ішкі күштердің геометриялық қосындысы нөлге тең болатын күй.

 

1

 

 

2

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тепе-теңдіктің І-шарты:

Тепе-теңдіктің ІІ-шарты:

Денеге әсер ететін барлық күштер моменттерінің алгебралық қосындысы нөлге тең болғанда дене тепе-теңдікте болады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орнықты

Орнықсыз

Талғаусыз

Егер дене өзінің тепе-теңдік күйінен ауытқу кезінде оны қайтадан тепе-теңдік күйіне алып келуге тырысатын күштер немесе күш моменті пайда болатын тепе-теңдік орнықты деп аталады.

Егер дене өзінің тепе-теңдік күйінен ауытқу кезінде осы ауытқуды арттыруға тырысатын күштер немесе күш моментері пайда болса, бұл тепе-теңдік орнықсыз деп аталады.

Егер дене өзінің тепе-теңдік күйінен аз ауытқу кезіндеде тепе-теңдік күйде болатын болса, онда бұл тепе-теңдік талғаусыз деп аталады.

Орнықты тепе-теңдік

Орнықсыз тепе-теңдік

Талғаусыз тепе-теңдік

Денелердің ауырлық центрі- денеге әрекет ететін ауырлық күшінің мәніне тең теңәрекетті күш түсірілген нүкте

Массалар центрі –денені құрайтын бөлшектердің жүйесін сипаттайтын және радиус –векторы мына формуламен анықталатын геометриялық нүкте:

Жазық фигуралардың массалар центрі

Денелердің орнықтылығы

Денеге әсер ететін ауырлық күші жатқан сызық дененің тірек ауданы арқылы өткенде, дене тепе – теңдікте болады.

Өмірдегі тепе-теңдіктер

Көліктердің тепе-теңдігі

Ауырлық центрі төмен болған сайын, кеме орнықты болады.

Практикалық тапсырма:

Ағаш білеушені бір шетінен перпендикуляр күш түсіріп 1 см, 2 см, 3 см –ге көтеру үшін қажет күшті анықтаңыз.

Нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.

Құралдар: динамометр, білеуше, сызғыш

Қолданылған ресурстар:

Физика. 10 класс: оқулық (базалық деңгей ) / С.А. Тихомирова, Б.М. Яворский.-

Физика. Анықтамалық / О.Ф. Кабардин. М. : Просвещение, 1991.

www.wallpaperworld.com

www.photo.kommersant.ru



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу