Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

10.1C. Статика және гидростатика

Мұғалімнің аты-жөні: Тулеуова А.Б.

Сынып: 10

Күні:

Оқушы саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • қатты дененің тепе-теңдік шарттарын түсіндіреді;
  • тепе –теңдік түрлерін сипаттайды;
  • дененің массалар центрін тәжірибе арқылы анықтайды;

 Тілдік мақсат

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Дененің тепе-теңдігі, күш моменті, иіндік, күш иіні, тірек нүктесі, тепе-теңдік: орнықты, орнықсыз, талғаусыз

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Дене тепе-теңдікте болуы үшін оған әсер ететін ... .... нөлге тең болуы керек.(күштер қосындысы және күш моменттерінің қосындысы)

Дене тепе-теңдікте болады, егер ол ..... және ...... (қозғалмаса, айналмаса)

Денені тепе-теңдіктен шығарған соң, оны .... ... .... күш пайда болса, тепе-теңдік орнықты деп аталады. (бастапқы орнына қайтаруға бағытталған)

Денені тепе-теңдіктен шығарған соң, оны .... ... .... күш пайда болса, тепе-теңдік орнықсыз деп аталады.( бастапқы орынынан әкетуге бағытталған)

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;
  • Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;
  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру;

Пәнаралық байланыстар

Математика:тура және кері тәуелділіктер

АКТ қолдану дағдылары

Презентация Power Point, сайттар: классная физика; bilimland.kz

Бастапқы білім

7, 9-сыныптардан айналатын денелердің тере-теңдік шарттарын біледі, моменттер ережелерін түсіндіре алады. 9-сыныптан Ньютонның І-заңын біледі, сұрақтарды талдау кезінде қолдана алуы керек.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1-2 минут

2-3 минут

І. Сабақты ұйымдастыру кезеңі:

Сабақтың мақсатын, оқу мақсатын таныстыру

ІІ. Демонстрация

  • Бір оқушыға штативті табанынан көтеріп, сосын біртіндеп қолын жылжыта отырып, бірақ үнемі штативті горизонталь күйінде ұстауды сұрайды.

Сонан соң оқушы пікірін тыңдау: шативті қай кезде көтеру жеңіл болды?

  • Көлбеу жазықтыққа цилиндрді орналастырады, содан кейін цилиндр ауып кеткенше біртіндеп жазықтықтың көлбеулік бұрышын арттырады

Оқушыларға талқылау үшін сұрақ қойылады:

  • қай кезде дене тепе-теңдікте тұр деп айта аламыз?
  • Дене тепе-теңдікте болуы үшін қандай шарттар орындалуы қажет?

Цилиндр, жазықтық, штатив

Презентациямен жұмыс

20-25 минут

ІІІ. Жаңа тақырыпты талдау

7 және 9-сынып физика кұрсында оқыған иіндіктің тепе-теңдік шарттарын еске түсіре отырып, жаңа материал талданады.

  • Тепе-теңдік шарттары:
  • Тепе-теңдік түрлері және олардың анықтамаларын демонстрациялар арқылы таныстыру
  • орнықты (жіпке ілінген шар, неваляшка ойыншығы, т.б.)
  • орнықсыз (көлбеу жазықтықтағы цидиндр)
  • талғаусыз ( шарды тегіс жазықтықта орналастыру)
  • Бой сергіту: оқушыларға денесін және аяқтарын 900 тік ұстап, орындықтан тұруға әрекет жасау ұсынылады. Байқалған құбылысты түсіндіру сұралады.
  • Массалар центрі ұғымын таныстыру
  • Дұрыс пішінді денелердің массалар центрі
  • Кез-келген пішінді денелердің массалар центрі
  • Бейнематериалмен танысу, оқушылардың не түсінгендерін талдау
  • Денелердің орнықтылығы және тепе-теңдікті практика қолдану туралы әңгімелеу, оқушылар пікірін тыңдау
  • Бекіту сұрақтары:
  • Ауыр жүкті арқалап келе жатқан адам неліктен алға еңкейіп жүруі керек?
  • Велосипедтің тежегіші неліктен артқы дөңгелекке орнатылады?

Бейне материал:

https://www.youtube.com/watch?v=MkIXJYwfsqM

эксперимент: https://www.youtube.com/watch?v=AGswxqgPBhk

6-7 минут

IV. Практикалық тапсырма:

Ағаш білеушені бір шетінен перпендикуляр күш түсіріп 1 см, 2 см, 3 см –ге көтеру үшін қажет күшті анықтаңыз. Нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.

Құралдар: ағаш білеуше, динамометр, сызғыш

2-3 минут

V. Рефлексия: оқушылар сабақ соңында стикерге өз ойларын төмендегі сұрақтар бойынша жазады:

-нені білдім?

- нені үйрендім?

- нені түсінбедім?

VІ. Үйге тапсырма:

  • «Тепе-теңдік және цирк» тақырыбында сапалық сұрақтар дайындау және оны түсіндіру
  • Өз бетімен шығаруға арналған есептер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Өткен тақырыптарды естеріне түсіру үшін бағыттаушы сұрақтар қою және демонстрациялар көрсету
  • Дененің тепе-теңдік шарттарын талдап, түсіндіреді. Сапалық, практикалық тапсырмаларға қорытынды жасайды. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Тапсырмалар орындау кезінде қосымша сұрақтар қою, оқушылар өзара түсіндіру кезінде бір-біріне сұрақтар қоюы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу