Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Физика, 10 сынып, презентация.


Бүкіләлемдік

тартылыс заңы

* Гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсіну және гравитациялық өрістің тұрақтысын масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтау;

* Жер бетіне жақын ара қашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсіну;

* Бүкіләлемдік тартылыс заңын білу және пайдалану;

* Бүкіләлемдік тартылыс заңынан гравитациялық өрістің тұрақтысының g=GM/r2 формуласын шығару және оны есепті шығару кезінде пайдалану

Сабақтың мақсаты:

Жетістік критерийлері

Гравитациялық өрісті түсінеді;

Еркін түсу үдеуінің физикалық мағынасын түсінеді;

Бүкіләлемдік тартылыс заңын біледі;

Гравитациялақ өрістің тұрақтысын есептеп шығара алады;

Бүкіләлемдік тартылыс заңына есептер шығара алады;

Исаак Ньютон – ағылшын физигі және математигі

4.01.1643ж. –31.03.1727ж.

Табиғат – оған ашық кітаптай, үнемі оқумен болатын

А. ЭЙНШТЕЙН

БҮКІЛӘЛЕМДІК

ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

ҚАЛАЙ АШЫЛДЫ?

Бүкіләлемдік тартылыс заңы

ФАКТ: СОЛ АЛМА АҒАШЫ

Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын қалай ашқаны туралы бір қызық оқиға бар:

бақшада отырған кезінде ол алма ағашынан алмалардың Жерге құлауын бақылай отырып, осы заңды ашқан екен деген болжам бар.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы.

Заңды И. Ньютон 1667 жылы ашты. 1665 жылы 23-жасында Ньютон Айды орбитада ұстап тұратын күш, Жерге алманың құлауына септігін тигізетін күш табиғатына ұқсас екендігін болжап айтты. Оның болжамы бойынша Әлемдегі барлық денелер арасында массалар центрін жалғастыратын түзу бойымен тартылыс (гравитациялық күштер) күштері әсер етеді.

Жер – Ай жүйесі

Айдың центрге тартқыш үдеуі

Екі үдеудің де мәнінің тең болуы заңның дұрыстығын көрсетті:

1678 ж. Ньютон механиканың негізгі заңдары болып табылатын бүкіләлемдік тартылыс заңын жазды:

Екі дене бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады,

мұндағы m1 және m2 – өзара әрекеттесуші екі дененің массасы, r – денелердің арақашықтығы, G – гравитациялық тұрақтылық (латынша gravitas – ауырлық деген сөзді білдіреді).

Табиғаттағы көптеген құбылыстар бүкіләлемдік тартылыс заңымен түсіндіріледі

Күн жүйесіндегі ғаламшарлар қозғалысы

Жердің жасанды серігінің қозғалыстары

Баллистикалық зымырандардың ұшу траекториясы

Жерге жақын денелердің қозғалысы

Денелердің жерге құлауы

Тасу және қайту

Сарқырамалар

Қол сөмкесінің ауырлығы

Жер атмосферасының болуы т.б

1798 ж. гравитациялық тұрақтылық ағылшын физигі Генри Кавендиштің иірілмелі таразысының көмегімен өлшенді.

Кавендиш тәжірибесі

Гравитациялық әреттесу

Н – жіңішке жіп

L – екіметрлік өзекше

m – қорғасын шар(диаметрі 5см, массасы 775г)

M – қорғасын шар(диаметрі 20см, массасы 49,5кг)

r – үлкен және кіші шарлардың арақашықтығы

Иірілмелі таразы

G гравитациялық тұрақтылық, оның сандық мәні, массалары белгілі денелердің бір-біріне тартылатын күшін өлшеу жолымен анықталады.

Физикалық мағынасы:массалары 1 кг, бір-бірінен 1 м қашықтықта орналасқан 2 дене өзара F=6,67 10 -11 Н күшпен тартылады.

G=6,67 10 -11 Н м2 /кг 2

Барлық денелер жер бетіне тартылыс әрекетінен, еркін түсу үдеуімен қозғала отырып құлайды

Гравитациялық тұрақтылықтың физикалық мағынасы

F = gm

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1. Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады?

2. Формуласын көрсет.

3. Гравитациялық тұрақтылықтың сан мәні неге тең?

4. Гравитациялық тұрақтылықтың физикалық мағынасын түсіндіріңдер.

Есептер шығару:

Массасы 1 кг шар жерге қандай күшпен тартылады:Жердің массасы 61024кг, шардың массасы 1 кг, олардың центрлерінің ара қашықтығы жер радиусына 6,4106м-ге тең. Жер мен оның үстінде жатқан шардың арасындағы тартылыс күшін есепте.

2. Массалары 1000кг екі дене арасы қандай болғанда

әсерлесу күші 6,67*10-9Н-ға тең болады?

3. Жер радиусының жартысындай биіктікте еркін түсу үдеуі қандай болады?

4. Меркурий планетасының орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2м. Меркурийдің массасын анықтаңдар.

5. Шолпанның орташа тығыздығы 5200кг/м3, ал планетаның радиусы 6100 км. Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуін табыңдар.

Үйге тапсырма:

Баяндама дайындау

«Г. Кавендиштің өмірі мен еңбектері»

Бүкіләлемдік тартылыс заңын оқу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу