Есептер шығару: Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Физика, 9 сынып, презентация.


Қайырлы таң!!!

Есептер шығару: Бүкіләлемдік тартылыс заңы

Оқу мақсаты:

9.2.2.6 - бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдау және оны есептер шығаруда қолдану

1. Ғалымды атаңыз.

2. аңызға сәйкес алма құлаған кездегі ашқан заңын атаңыз.

Есептер шығару.

Жұптық жұмыс

Айдың массасы Жердің массасынан 81 есе кем, ал Жер мен Ай центрлерінің орташа ара қашықтығы 60 Жер радиусына тең. Жер мен Айдың центрлерін қосатын кесіндінің қандай нүктесінде дене оларға бірдей күшпен тартылады?

Белгілі ара қашықтыққа тұрған, массалары бірдей екі дене F1 күшімен тартылып тұр. Егер ара қашықтығын өзгертпей, бірінші дененің массасының жартысын екінші денеге ауыстырса, F2 тартылыс күші қандай болып шығады?

Жеке жұмыс

Бір бірінен 1,00 *10-10 м ара қашықтықта орналасқан екі протон арасындағы тартылыс күшін есептеңіз. Протон массасы 1,67*10-27 кг.

Сыныппен жұмыс

4. (а) массалары m1=5 кг, m2=500 г қорғасын шарлардың ара қашықтығы r= 7 см болған кезде олардың өзара тартылу күші F= 34кН болды. Осы мәліметтерді пайдаланып гравитациялық тұрақтыны есептеңіз.

(b) экспериментте алынған мәндерді гравитациялық тұрақтының шын мәнімен салыстырыңыз, қорытынды келтіріңіз.

(с) экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз.

5. Ғаламшардың орташа радиусы 2420 км, ал еркін түсу үдеуі 3,72 м/с2. Ғаламшардың массасын табыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу