Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы. Шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс. Физика, 10 сынып, қосымша материал 2.


Центрге тартқыш үдеу. Есептер шығару

  • Дене шеңбер бойымен тұрақты жылдамдықпен қозғалады. Шеңбер радиусын 4 есе арттырғанда, ал жылдамдықты 2 есе азайтқанда центрге тартқыш үдеу қалай өзгереді?
  • Егер 5 с уақытта бұрыштың ығысуы 3,14 тең болса, дене қандай бұрыштық жылдамдықпен қозғалады?
  • Дене радиусы 50 м шеңбер доғасы бойымен қозғалады. Егер бұрыштық жылдамдығы 3,14 рад/с болса, дене қозғалысының сызықтық жылдамдығы қандай?
  • Дененің бұрыштық жылдамдығы 62,8 рад/с болса, дененің айналу жиілігін және периодын анықта.
  • Жылдамдығы 72 км/сағ, ал доңғалағының айналу жиілігі8 с-1 автомобильдің жерге тиіп тұрған доңғалақ нүктелерінің центрге тартқыш үдеуін анықтау керек.
  • Бу турбинасына қарағанда гидротурбинаның жұмыстық қалақтарының радиусы 8 есе артық, ал айналу жиілігі 40 есе кем. Турбина қалақтарының сызықтық жылдамдықтары мен үдеулерін салыстырыңдар.
  • 0,05 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналып тұрған карусельдегі баланың сызықтық жылдамдығының модулі неге тең? Айналу осі мен бала арасындағы қашықтық 10 м.
  • Радиусы 10 см доңғалақ 3 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің құрсауындағы нүктелердің сызықтық жылдамдығын табыңыз.
  • Диск секундына 25 айналым жасаса, дискінің бұрыштық жылдамдығы қандай?
  • Сағаттың секундық тілі 5 рет айналғанда оның минуттық тілі қандай бұрышқа бұрылады?
  • Бірқалыпты айналатын дөңгелектің жиегіндегі нүкте 5с ішінде оның центріне қатысты 600қа бұрылады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы мен айналу жиілігін табыңыз
  • Дене тік жоғары 10 м/с бастапқы жылдамдықпен лақтырылған. Дененің көтерілу биіктігін табыңыз.
  • Дене тік жоғары 30 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Қозғалыс басталғаннан кейін 5 с өткенде дененің жылдамдығы қандай болады?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу