Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Токтамысова И.Т.

Сынып: 10

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалуы. Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық. Центрге тартқыш үдеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • дененің шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалысын түсіну және сипаттау;

бұрыштық орын ауыстыруды радианмен көрсету;

  • есептерді шығарғанда v = rω формуласын білу және қолдану;
  • қисық сызықты траектория бойымен бұрыштық жылдамдықпен және үдеумен қозғалысты сапалы түсіндіру;
  • дене жылдамдығына перпендикуляр күштің әсерінен қисықсызықты траектория бойымен қозғмалысты сапалы түсіндіру және шеңбер бойымен тұрақты қозғалыс кезіндегі цетрге тартқыш үдеуді түсіну;

- центрге тартқыш үдеу формуласын білу және пайдалану;

- нәтижеге болжамалы баға беру;

 Сабақ мақсаттары

- Қисық сызықты траектория бойымен бұрыштық жылдамдықпен және үдеумен қозғалысты сапалы түсіндіре алады ;

  •  Бұрыштық және сызықтық жылдамдық арасындағы байланысты көрсететін формуланы есептеуде қолданады;
  •  Қисықсызықты қозғалысты сипаттайтын шамаларды есептеп анықтайды;
  •  Центрге тартылатын күш пен центрге тартылатын үдеудің бағытын біледі;

Центрге тартқыш үдеу түсігін қалыптастырып, формуласы біледі.

 Бағалау критерийлері

- Қисық сызықты қозғалысты кинематикалық сипаттау үшін дененің шеңбер бойымен қозғалысы және абсолютті қатты дененің қозғалмайтын ось бойымен айналма қозғалысын сипаттауға арналған шамаларды қолданады

- Сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланысты біледі: айналма қозғалыс кезіндегі өтілген жол, вектор-радиусының айналма бұрышы, шеңбер радиусы

- υ сызықтық және ω бұрыштық жылдамдық арасындағы байланысты біледі

- υ сызықтық және ω бұрыштық жылдамдықтың өлшем бірліктерін біледі

- Орталыққа тартылатын күш пен орталыққа тартылатын үдеудің бағытын біледі

- Орталыққа тартқыш үдеуді есептеу үшін формуланы пайдаланады

 Тілдік мақсаттар

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Арнайы пәндік лексика мен терминология:

Жылдамдық, векторлық жылдамдық, үдеу, орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдық, центрге тартқыш үдеу

Сөздік

қисықсызықты қозғалыс

криволинейное движение

curvilinear motion

радиан

радиан

radian

Бұрыштық жылдамдық

Угловая скорость

angular velocity

Сызықтық жылдамдық

линейная скорость

linear velocity

Центртартқыш үдеу

Центростремительное ускорение

centripetal acceleration

 Құндылықтарды дарыту

Жұппен бірге тапсырма орындау барысында ынтымақтастыққа, құрметке баулу. Оқушылар бірін-бірі бағалауда академиялық шыншылдықты ұстанады.

 Пәнаралық байланыстар

математика, биология

 АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Интернет ресурстары

Бастапқы білім

§5 Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу. Жылдамдық, арақашықтық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

1 мин

Оқушыларды түгендеу.

Тұйық траектория бойынша қозғалуы мүмкін денелерге мысал келтіруді ұсыну.

Мүмкін болатын шеңбер орбиталары:

  • ұшақ қозғалысындағы «өлі тұзақ»
  • жіп айналасында айналатын тас
  • айналмалы қозалыстағы CD
  • центрден тепкіш киім кептіргіште кептірілетін киім
  • центрифугадағы химикаттар
  • бұрылыстағы машина қозғалысы
  • ядро маңындағы орбитадағы электрондар
  • жәрмеңке алаңы бойынша серуендеу
  • орбитадағы серіктер немесе ғаламшарлар.

Критерий:

  • Барлық ақпарат негізделген
  • Шешендік
  • Қыска да нұсқа
  • Тілі женіл түсінікті

Сабақ тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерін айқындау

Сабақтың ортасы

12 мин

22 мин

Орындаған соң жауаптарын ауызша тексеру.

Критерий:

  • Барлық ақпарат негізделген
  • Шешендік
  • Қыска да нұсқа
  • Тілі женіл түсінікті

Оқушыларға іздену жұмысын беру.

Келесі терминдердің мағынасын ашады: бұрылу бұрышы, радиан,бұрыштық жылдамдық,сызықтық жылдамдық.(және v = 2πr/T, ω =2 πr/T нәтижесінде v = rω екендігі шығады.)

Оқушыларға перзентация арқылы формулаларды жаздыртып, түсіндіру.

Оқушылардан сабақта өткен негізгі терминдер мен ұғымдарды сұрау.Тексеру. Сабақты қорытындылау.

Түзусызықты қозғалыс пен айнымалы қозғалыстың кинематикалық шамалардың арасындағы ұқсастықтар кестесін жасату.

Түзу сызықты қозғалыс

Айналмалы қозғалыс

1.

x - координата

φ – бұрыш

2.

- сызықтық жылдамдық

- бұрыштық жылдамдық

3.

4.

5.

6

Оқушыларға бұрыштық және сызықтық жылдамдық арасындағы байланысты көрсететін, бұрыштық орын ауыстыру, бұрыштық жылдамдықты анықтайтын формуланы түрлендіріп орындайтын есептер шығарту

http://phet.colorado.edu/en/simulation/ladybug-motion-2d

Сабақтың соңы

2 мин

Жұмысқа қортынды жазылады:

  • Бүгінігі сабақтың оқу мақсаты не болды деп ойлайсыңдар?
  • Сабақта нені үйрендіңдер?
  • Қандай қиындықтар кездесті ?

Үй жұмысы: есептер жинағы № 7.1, 7.4, 7.6.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде берілді.

Саралау арқылы жұптық жұмыста оқушылар бір-біріне көмектесе отырып, бағалау жүргізіледі

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін кері байланыс практикалық жұмыс жасау кезінде критерийлер арқылы өзін-өзі бағалау әдісі қолданылады.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарымен таныстырылу жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқушылар оқу мақсатына жете алды. Оқу мақсаты оқушының тақырыпты ашу барысында талқыланып айқындалғандықтан, мақсат айқын болды. Сабақ барысында саралану дұрыс қолданылғанын, оқушылардың практикалық жұмыстарды жасау барысында салыстымалы түрде жоғарғы деңгейдегі оқушылар көшбасшылық рөлінде болып, көмектесіп отырды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: айтылған теориялық мағлұматтарды оқушылар, сабақ барысында тексере алып, көз жеткізді;

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: саралап оқытудың басқа да тәсілдерін пайдала отырып, тапсырманы күрделендіруге болады;

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сабақ барысында сынып толығымен қызығушылықтары жоғары деңгейде болды. Оқушыларды жұптастыру барысында және тапсырманын құрылымын оқушылардың жаңа мағлұматты қабылдау типтеріне байланысты бөлінетін психологиялық карталарына жүгініп жасаса болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу