Потенциал және потенциалдар айырымы Есеп шығару. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Электростатика негіздері Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: Қатысқандар саны:

Сынып: 8 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Потенциал және потенциалдар айырымы

Есеп шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.9 – потенциалдар айырымының және потенциалдың физикалық мағынасын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

- электр өрісінде зарядты орын ауыстыру кезінде өріс күштерініӊ жұмысын анықтау;

- потенциал, потенциалдар айырмасы, кернеу формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Бағалау критерийлері

  • электр өрісінде зарядты орын ауыстыру кезінде өріс күштерініӊ жұмысын анықтайды
  • потенциал, потенциалдар айырмасы, кернеу формулаларын есептер шығаруда қолданады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар заряд орын ауыстырған кезде электр өрісініӊ жұмысы туралы ұғымға ие болатынын түсіндіреді Зарядты орын ауыстырған электр өрісініӊ жұмысын есептейді

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрлік құбылыстар

Заряд-

Оң заряд

Теріс заряд

Тебісу

Тартысу

Зарядтың сақталу заңы

Электроскоп

Электрометр

Электр өрісі

Электр өрісініӊ кернеулігі

Электр өрісініӊ күш сызықтары

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Зарядты орын ауыстыру кезіндегі электр өрісініӊ күштері жұмысы атқарады.

Потенциал – бірлік оң зарядты электр өрісінің берілген нүктесінен шексіздікке көшіргенде өріс күштерінің жұмысымен анықталатын физикалық шама. Электростатикалық өрістің берілген нүктесіндегі потенциалы осы нүктеге орналастырылған бірлік оң зарядтың потенциалдық энергиясымен анықталады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау дағдысын дамытуға және коммуникативтік дағдысын жетілдіруге бағытталған

Пәнаралық байланыстар

Электр өрісінің жұмысын және потенциалын есептеуде математика пәнімен байланыс

Өткен сабақ материалдары

Электр өрісініӊ күш сызықтары. Электр өрісінің күштік сипаттамасы кенеулік жайлы біледі.

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-5 мин

1. Өткен сабақтағы материалды еске түсіреміз

  • Нүктелік заряд дегеніміз не?
  • Электр өрісі дегеніміз не?
  • Электр өрісінің кернеулігі нені сипаттайды.
  • Электроскоппен нені өлшейді.
  • Электр өрісінің күш сызықтары дегеніміз не?
  • Кулон заңы тұжырымдамасы.

Мұғалім оқушылардың жауабын кері байланыс жасай отырып бағалайды.

Сабақ ортасы

5-30 мин

30-35 мин

2. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін потенциал және потенциалдар айырымы (кернеу) , электр өрісі жұмысы формуласына есептер шығарады

Өздік жұмыс:

1. Біртекті электр өрісінің кернеулігі 2Н/Кл өріс күштерінің сызықтары бойымен 3 Кл заряд қашықтықта орын ауыстырды. Электр өрісіндегі зарядтардың орын ауыстыру күшінің жұмысын анықтаӊыз.

2.Кернеулігі 2,5 кВ/м біртекті электр өрісі 10-5 Кл зарядпен 10 мДж жұмыс жасағанда,оның орын ауыстыратын ара қашықтығын табыӊыз.

3.Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысын анықтаӊыз

4.Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы табыӊыз

5.Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын зарядтыӊ шамасын табыӊыз

6.Нүктелер арасында потенциалдар айырмасы 12 В нүктелік q заряд орын ауыстырғанда 3 Дж жұмыс атқарады. Орын ауыстырған q зарядтың шамасын табыӊыз

Бағалау критерийлері

Дескриптор

электр өрісінде зарядты орын ауыстыру кезінде өріс күштерініӊ жұмысын анықтайды және

потенциал, потенциалдар айырмасы, кернеу шамаларын есептер шығаруда қолданады

  • электр өрісіндегі жұмыс формуласын біледі;
  • электр өрісінің жұмысын анықтайды;
  • жұмыс формуласын қолданып арақашықтықтың формуласын өрнектейді;
  • электр өрісінің жұмысының потенциалға тәуелді формуласын қолданады;
  • зарядтың шамасын анықтайды.

Оқушылар өзара бағалау жүргізеді. Жіберілген қателіктер бойынша бір-біріне кері байланыс жасайды. Қажеттілік туындаса мүғалім көмектеседі.

Сабақ соңы

35-40 мин

3. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

4. Үйге тапсырма:

Физика және астрономия. 8-сынып.

§ 33оқу 16- жаттығу №6-8

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы, талдауға қатысуға көмектесу. Қабілетті оқушылар потенциа формуласын қолданып есептер шығарады.

Өздік жұмысты бақылау, есептер шығарту арқылы формуланы қолдану дағдысын бағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу