Потенциал және потенциалдар айырымы Есеп шығару. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Потенциал және потенциалдар айырымы. Есеп шығару.

Сабақ мақсаты:

- электр өрісінде зарядты орын ауыстыру кезінде өріс күштерініӊ жұмысын анықтау;

- потенциал, потенциалдар айырмасы, кернеу формулаларын есептер шығаруда қолдану.

Тапсырмалар.

1. Біртекті электр өрісінің кернеулігі 2Н/Кл өріс күштерінің сызықтары бойымен 3 Кл заряд қашықтықта орын ауыстырды. Электр өрісіндегі зарядтардың орын ауыстыру күшінің жұмысын анықтаӊыз.

2.Кернеулігі 2,5 кВ/м біртекті электр өрісі 10-5 Кл зарядпен 10 мДж жұмыс жасағанда,оның орын ауыстыратын ара қашықтығын табыӊыз.

3.Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысын анықтаӊыз

4.Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы табыӊыз

5.Нүктелер арасындағы потенциалдар айырмасы ∆φ = 100 В, А =400 Дж энергия жұмсағанда, осы нүктелер арасында орын ауыстыратын зарядтыӊ шамасын табыӊыз

6.Нүктелер арасында потенциалдар айырмасы 12 В нүктелік q заряд орын ауыстырғанда 3 Дж жұмыс атқарады. Орын ауыстырған q зарядтың шамасын табыӊыз

Қосымша тест тапсырмалары:

1. Кернеулігі 2,5 кВ/м біртекті электр өрісі 10-5 Кл зарядпен 10 мДж жұмыс жасағанда,оның орын ауыстыратын ара қашықтығы....

A) 0,4 м.

B) 2,5 м.

C) 2,5·106 м.

D) 400 м.

E) 40 м.

2. Потенциалы 20 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге 2 Кл заряд орын ауыстырғандағы электр өріс күштерінің жұмысы.

A) 40 Дж.

B) 30 Дж.

C) 20 Дж.

D) 10 Дж.

E) 0 Дж.

3. Екі нүктенің потенциал айырмасы ∆φ = 25 В. Осы нүктелер арасында q = 10 Кл зарядтың орын ауыстыру жұмысы...

A) 250 Дж.

B) 150 Дж.

C) 0,25 Дж.

D) 2,5 Дж.

E) 250 кДж.

4. Электр өрісіндегі кернеулік сызықтары бойымен бағытталған потенциал

А) артады.

В) кемиді.

С) өзгермейді.

D) артады, содан соң кемиді.

Е) кемиді, содан соң артады.

5. Электрон зарядының потенциалға көбейтіндісіне тең физикалық шама

А) күш.

В) энергия.

С) импульс.

D) кернеулік.

Е) кернеу.

6. А нүктесіндегі электр өрісінің потенциалы 100 В, В нүктесіндегі потенциалы 200 В. Шамасы 5 мКл зарядты А нүктесінен В нүктесіне орын ауыстырғанда электр өрісі күштерінің атқаратын жұмыс

А) 0,5 Дж

В) -0,5 Дж

С) 0,05 Дж

D) -0,05 Дж

Е) 0,005 Дж

7. Электрон біртекті электр өрісінде кернеулік сызықтар бойымен, үлкен потенциал нүктесінен кіші потенциал нүктеге өткенде, оның жылдамдығы

А) артады.

В) азаяды.

С) өзгермейді.

D) артады, содан соң азаяды.

Е) азаяды, содан соң артады.

8. Ядросында бір протоны бар атом, бір электроннан айырылса, бұл бөлшек

А) элементар бөлшегі, –1,6·10-19 Кл теріс зарядына тең

В) элементар бөлшегі, +1,6·10-19Кл оң зарядына тең

С) сутек ионы

D) гелий ионы

Е) неон ионы

9. Егер нүктелік зарядтың арақашықтығын 3 есе азайтса, онда өріс потенциалы

А) 3 есе артады

В) 3 есе азаяды

С) 9 есе артады

D) 9 есе азаяды

Е) өзгермейді

10. Нүктелер арасында потенциалдар айырмасы 12 В нүктелік q заряд орын ауыстырғанда 3 Дж жұмыс атқарады. Орын ауыстырған q зарядтың шамасы

А) 0,5 Кл

В) 1 Кл

С) 1,5 Кл

D) 0,25 Кл

Е) 2 Кл

11. q зарядын электростатикалық өрістен нүктесінен потенциал нүктесіне ауыстырды. Зарядтың орын ауыстыруының жұмысын есептеуге болатын формула 1) А = q(-); 2) A = q(-); 3) A = q/(-)

А) 3

В) 2

С) 1

D) 1 және 2

Е) 1 және 3

12. Біртекті электр өрісінің кернеулігі 2Н/Кл өріс күштерінің сызықтары бойымен 3 Кл заряд 0,5 м қашықтықта орын ауыстырды. Электр өрісіндегі зарядтардың орын ауыстыру күшінің жұмысы

А) 1Дж

В) 3Дж

С) 0,5 Дж

D) 50 Дж

Е) 0,1 Дж

13. Күш сызықтарында бір-бірінен 6 см қашықтықта жатқан нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы 60 В-қа тең. Егер олар біртекті болса, онда электр өрістің кернеулігі

А) 1000 В/м

В) 60 В/м

С) 360 В/м

D) 10 В/м

Е) 3600 В/м

14. Потенциалдар айырымының өлшем бірлігі

А) 1В = А/Кл

В) 1В = 1Н/Кл

С) 1В = 1Дж/1Кл

D) 1В = 1 Н · 1 Кл

Е) 1В = 1 Дж ·1 Кл

15. Біртекті өрісте кернеулігі Е = 2В/м күш бағытымен заряд 0,2 м қашықтыққа орын ауыстырды. Потенциалдар айырмы

А) U = 40B

В) U = 0,1B

С) U = 10B

D) U = 0,4B

Е) U = 100B

16. Электрленген өткізгіште еркін зарядтардың орналасуы...

1) Өткізгіштің бетінде.

2) Өткізгіштің центрінде.

3) Өткізгіштің барлық жерінде бір қалыпты бөлінген.

A) 1,2,3.

B) 1,2.

C) 1.

D) 2.

E) 3.

17. Еркін электр зарядтары жоқ материалдар-......

A) өткізгіштер.

B) парамагнетиктер.

C) диэлектриктер.

D) диамагнетиктер.

E) ферромагнетиктер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу