алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер

Оқу мақсаты:

  • электр зарядын сипаттау;
  • үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;
  • электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру

Тест тапсырмалары

  •  Суретте электрленген шарлардың үш жұбы көрсетілген. Қай жұптағы шарлар бір біріне тартылады?

 

    •  № 1
    •  № 2
    •  № 3
    •  № 1 және 2.
  •  Электроскоптардың қайсысына ең кіші электр заряды берілген? Электроскоптардың қайсысы зарядталмаған?
    •  № 1, № 3
    •  № 1, №2
    •  № 2, №3
    •  № 3, №2.
  •  Электр заряды +q су тамшысы электр заряды –q болатын басқа тамшымен қосылды.

 Пайда болған тамшының электр заряды қандай?

    •  -q
    •  2q
    •  0
    •  -2q
  •  А және С зарядталған денелерінің арасына В зарядталмаған дене орналастырылған. Егер В денені зарядталған шыны және болат таяқшалармен байланыстырса, ол зарядталама?

 

    •  Зарядталмайды
    •  Оң зарядпен зарядталады
    •  Теріс зарядпен зарядталады
    •  Оң және теріс зарядтармен зарядталады
  • Электрленген денедегі барлық зарядтарды толығымен алып тастау үшін ...
    •  .... оны кез келген зарядталмаған денемен түйістіру керек;
    •  ... осы денені өткізгіш арқылы зарядталмаған металл затпен жалғау керек;
    •  ... оны өткізгіш арқылы Жермен жалғау керек;
    •  ... оны басқа таңбалы зарядпен зарядталған денемен түйістіру керек.
  • Зарядтарының модулі тең бірдей жеңіл шарлар жібек жіпке ілінген. Бір шардың заряды суретте көрсетілген. Қай сурет 2-ші заряд теріс зарядталған жағдайға сәйкес келеді?

    • А
    • Б
    • В
    • А және В
  • Жіпке үш жұпты шариктер ілінген. Қай жұптағы шариктер зарядталмаған?

  • Бірінші
  • Екінші
  • Үшінші
  • Барлық шариктер зарядталмаған.

  • Біреуі зарядталған екі электроскоп стержень арқылы қосылған. Стержень қандай материалдан жасалған?

А. Болаттан.

В. Алюминийден

С. Шыныдан

D.Мыстан

  • Егер жеңіл гильзаға теріс зарядталған таяқшаны жақындатса, таяқшаға жақын ұшында электрондар жинақталады, ал екінші ұшында ... A. ...оң зарядтар саны артық.
  • ...теріс зарядтар саны артық.
  • ... оң зарядтар саны кемиді.
  • ... теріс зарядтар саны кемиді.
  • Үйкеліс арқылы электрленудің механизмі:
  • Бір дененің протондары екіншісіне өтеді;
  • Бір дененің электрондары екіншісіне өтеді;
  • Үйкеліс әсерінен денеде теріс заряд пайда болады;
  • Үйкеліс әсерінен денеде оң немесе теріс заряд пайда болады

11. Екі дене қалай әсерлеседі.

а) егер олардың бірі зарядталып, екіншісі бейтарап, яғни зарядсыз болса?

б) бір-бірімен үйкелу арқылы зарядталған болса?

  • а) өзара әсерлеспейді б) тартылады
  • Екі жағдайда да әсерлеспейді
  • Екі жағдайда да тартылады
  • Екі жағдайда да тебіледі
  • Үш зарядталған шар P, Q және R изоляцияланған жіптерге ілінген. P шары теріс зарядталған.

Q шары P шарына жақындатылған.

Q шары енді R шарына жақындатылған.

Q және R шарларының зарядтары қандай?

Q шары

R шары

A

оң

оң

B

оң

теріс

C

теріс

оң

D

теріс

теріс

13. Сөйлемдегі бос орындарға сәйкес жауапты таңдаңыз. Үйкеліс арқылы екі дене ......... зарядталады және олар зарядталғаннан кейін......

A) .... аттас........ бір-біріне тартылады.

  • .... аттас........ бір-бірінен тебіледі.
  • .... әр аттас........ бір-біріне тартылады.
  • .... әр аттас........ бір-бірінен тебіледі.

14.Электр зарядының дұрыс анықтамасын таңдаңыз.

  • Денелердің немесе бөлшектердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуын сипаттайтын физикалық шама.
  • Денелердің немесе бөлшектердің өзара магниттік әрекеттесу қабылетіне ие болуын сипаттайтын физикалық шама.
  • Үйкеліс арқылы зарядталған дене.
  • Жанасу арқылы зарядталған дене.

15.Қандай жағдайды дене теріс зарядталады, егер денедегі барлық оң зарятардың қосындысы

    • барлық теріс зарядтардың қосындысына тең болса;
    • барлық теріс зарядтардың қосындысынан көп болса;
    • барлық теріс зарядтардың қосындысынан аз болса.
    • барлық оң зарядтардың қосындысынан аз болса;

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы