Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффиценті. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Термодинамика негiздерi

Күні:

Мектеп:

Мұғалім:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы:

Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэффиценті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.19 -жылу қозғалтқышының ПӘК-ін анықтау;

8.3.2.21- жылу қозғалтқыштарын дамыту жолдарын ұсыну

Сабақ мақсаты

  • Жылу қозғалтқыштарының классификациясын білу;
  • ІЖҚ жұмыс істеу принципін білу;
  • Қозғалтқыштың ПӘК ұғымын білу;
  • ПӘК формуласын есептер шығаруда қолдану;
  • Болашақта қозғалтқыштардың ПӘК-ін арттыру жолдарын анықтау

Бағалау критерийлері

  • Жылу қозғалтқыштарының классификациясын біледі;
  • ІЖҚ жұмыс істеу принципін біледі;
  • Қозғалтқыштың ПӘК ұғымын біледі;
  • ПӘК формуласын есептер шығаруда қолданады;
  • Болашақта қозғалтқыштардың ПӘК-ін арттыру жолдарын анықтау біледі

Құндылықтарды дарыту:

Бұл сабақ оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын, жауапкершіліктерін арттыруға және қорытынды жасау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар білуі тиіс:

«жылу қозғалтқыштары», «ПӘК» терминдерін жазбаша және ауызша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология:

ПӘК, іштен жану қозғалтқыштары, зымыран қозғалтқышы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылу қозғалтқыштары дегеніміз ........ ПӘК деп ...........

Пәнаралық байланыс:

Химия сабақтарында оқушылар жануды жылу бөліну процесі ретінде өткен, ал физика сабақтарында жылу қозғалтқыштары мысалында жылу энергиясын механикалық энергияға айналдыру процесі ретінде өтеді.

Алдыңғы білім:

Алдыңғы сабақтарда оқушылар термодинамиканың бірінше және екінші заңын өтті, жылу қозғалтқыштарының түрлерін біледі, ІЖҚ жұмыс принципін сипаттай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин.

5-10 мин.

1. Алдыңғы білімді қайталау, оқушылармен әңгіме:

  • Қандай құрылғыларды жылу қозғалтқыштары деп атайды? (Отынның ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын машиналар.)
  • Мылтықты жылу қозғалтқыштарына жатқызуға бола ма?(Иә. Жанған дәрінің энергиясы снарядтың механикалық энергиясына айналады).
  • Адам мағзасын жылу қозғалтқышына жатқызуға бола ма? (Иә.)
  • ІЖҚ су асты қайықтарында неге қолданылмайды?(ІЖҚна ауа қажет, су астында сұйылтылған ауаны қолдану керек, бұл пайдасыз және күрделі процесс).
  • Турбинадағы будың температурасы өзгере ме? (Иә, ол азаяды).
  • Барлық жылу қозғалтқыштары бірдей пайдалы ма? (Жоқ.)

2. Ой қозғау. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару мақсатында мәселе қойылады.

Демонстрация: Екі автомобилі бар слайд көрсетіледі.

Сұрақ: Бұл машиналардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

Жұппен талқылау. Оқушылардың әрбір жұбының жауабы. Жауап нұсқалары тақтаға жазылады.

Талқылау нәтижесінде оқушылар бірдей принциппен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың ПӘК-і әр түрлі болатынын түсінеді. Бұл жылдамдықта, қуатта т.б. көрінеді.

3. Мақсатты болжау. Мұғалім оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырады.

-жылу қозғалтқышының ПӘК-ін анықтау;

- жылу қозғалтқыштарын дамыту жолдарын ұсыну

Сабақтың ортасы

10-20 мин.

20-35 мин

4. Түсіндіру

(Т)Жаңа тақырыпты меңгеру. ПӘК анықтамасы енгізіледі.

Әдетте қозғалтқыштарды тиімділігін оның ПӘК-і анықтайды.

Физикалық сөздік.

Коэффициент (лат. тілінен coefficientis) әдетте тұрақты немесе белгілі шама – айнымалының немесе белгілі шаманың көбейткіші.

Сұрақ? Механиканы оқу барысында біз нені ПӘК дейміз? (пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы.)

(η = А п / АТ формуланы тақтаға жазу).

Жылу қозғалтқыштарының жұмысында механикалық жұмыс отын жануының ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыру есебінен жасалады. Яғни, ή есептеу формуласына математикалық түрлендірулер енгізе отырып ПӘК-ін есептеудің жаңа формулаларын аламыз. (оқушылар алдымен орындарында отырып, кейін тақтада қажетті түрлендірулерді жасайды).

Жылу қозғалтқыштары жұмыс жасағанда отын жануының ішкі энергиясының кейбір бөлігін ғана механикалық энергияға айналдыра алады.

Жанған отын энергиясының қанша бөлігін механикалық энергияға айналдырғандығын көрсететін физикалық шаманы қозғалтқыштың ПӘК-і деп атайды.

ПӘК формуласы бойынша есептеледі.

мұндағы Q – отын жануы нәтижесінде бөлінген энергия; А – қозғалтқыштың атқарған жұмысы.

Тапсырма: Жылу қозғалтқышының ПӘК анықтамасы мен есептеу формуласын табу. Берілген ұғымдардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

Сонымен қатар жылу қозғалтқышының ПӘК-ін мына формулалармен де есептеуге болады:

5. Сабақты бекіту.

Кең таралған жылу қозғалтқыштарының кейбір сипаттамаларын қарастырайық. (Презентациядағы кестені қара).

??? Жылу қозғалтқыштарының ішкі энергиясының көп бөлігі қайда жұмысалады деп ойлайсыңдар?

??? Экология тұрғысынан алып қарағанда жылу қозғалтқыштары қауіпсіз бе?

Сапалық есептер:

1. Оқушылардың бір есепті шығару барысында ПӘК 200% тең деген жауап алды. Оқушы есепті дұрыс шығарған ба? (Жоқ. Жылу қозғалтқышының ПӘКі 100% көп не 100% тең болуы мүмкін емес.)

2. Жылу қозғалтқышының ПӘКі 45%. Бұл сан нені білдіреді? (45% энергия пайдалы жұмыс атқаруға жұмсалады, ал 5% энергия қоршаған ортаны, қозғалтқышты жылытуға пайдасыз жұмсалады)

3. Жылу қозғалтқышының ПӘКі 1,8; 50; 4; 90; 100% болуы мүмкін бе? (Жылу қозғалтқышының ПӘКі әрқашан 100% кем болады)

Өздігінен шығаруға арналған есептер.

4. Жылу қозғалтқышы бір циклде жылтқыштан 1000 Дж энергия алады да тоңазытқышқа 800 Дж энергия береді. Жылу қозғалтқышының ПӘКі қандай? (20%)

5. Жылу қозғалтқышы бір циклде жылтқыштан 1000 Дж энергия алады да тоңазытқышқа 700 Дж энергия береді. Жылу қозғалтқышының ПӘКі қандай? (30%)

Есептер шығарылып болған соң шешімдерін өзара тексеру жүргізіледі.

презентация

Сабақтың соңы

35-40мин

6. Рефлексия. Өз жетістіктерін өздері анықтау мақсатында ауызша өткізіңіз.

Сабақ барысында...

  • Өз жетістігіңізді неде байқадыңыз?
  • Не нәрсеге үйрендіңіз?
  • Қуанышты сәттеріңіз болды ма, қай кезде?
  • Өзіңізге көңіліңіз толмаған кездер болды ма, қай кезде?

7. Үй тапсырмасы:

Оқулықтан жылу қозғалтқышының ПӘКі тақырыбын оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.

"Жылу қозғалтқыштарын дамыту жолдарын зерттеу"

эссе жазуды ұсыгыңыз.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Орташа қабілетті оқушыларға өздік жұмыс барысында бағыттаушы сұрақтар қойып, көмек көрсету. Қабілетті оқушылар ІЖҚ жұмыс істеу принципін түсіндіреді

Жаңа тақырып бойынша алған білімдеріне бағалау үшін сапалық есептер шығару Оқу мақсаттарына жетуді бағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу