Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Жылуөткізгіштік. Конвекция. Сәуле шығару

Оқу мақсаты: Жылу берілудің түрлерін салыстыру

1-топтың эксперименттік тапсырмалары

Төменде сіздерге штатив, спиртовка, сіріңке, темір және алюминнен жасалған шыбықтар, кеңсе кнопкасы, пластилин берілген.

1.Осы құралдарды пайдаланып жылуөткізгіштік құбылысын сипаттаңдар

2.Жылу өткізгіштің заттың тегіне байланысты болатынын түсіндіріңдер

Штатив, пробирка, су, мұз, жанарғысы берілген.

3.Жылу өткізгіштік заттың күйіне байланысты екенін дәлелдеңдер

Тәжірибе нәтижесін топта талдаңдар

4.Жылу өткізгіштігі жақсы және нашар денелерге мысал келтіріңдер

5. Оқулықтағы 2-жаттығу 1,2,5,6 сұрақтар басқа топ мүшелеріне қою, өз жауаптарыңды топ ішінде талдау.

2-топтың эксперименттік тапсырмалары

1-эксперимент

Сынауыққа су құйып жоғарғы жағынан қыздырыңдар.Оның төменгі және жоғарғы жағындағы температураны салыстырыңдар.Судың жылу өткізгіштігіне байланысты тиісті қорытынды жасаңдар.

2-Эксперимент

Сынауыққа су құйып енді жылуды төменгі жағынан беріңдер. Төменгі және жоғарғы бөліктегі температураны салыстырыңдар . Бірінші тәжірибе арасындағы айырмашылықты түсіндіріңдер.

Сұйықтарда жылу қалай берілетінін топта талдаңдар.

3 – эксперимент Конвекция құбылысын сипаттау үшін қыздырғыш плита, колба, перманганат калий түйіршіктері берілген.осы құралдарды пайдаланып сұйықтарда жылу төменнен жоғарыға қарай берілетінін тәжірибе арқылы дәлелдеңдер.

1.Судың төменгі қабаты қызғанда , оның көлемі қалай өзгеретін сипаттаңдар.

2. Судың төменгі жағындағы қызған қабаты мен жоғарғы жағындағы салқын қабаты неліктен орын ауыстырады

3.Неліктен конвекция газдар мен сұйықтарда жүретінін болжаңдар

4.Заттың қандай күйінде конвекция жүру мүмкін емес? Жауаптарыңды негіздеңдер

5.Оқулықтағы 3-жаттығу 1,2,3 сұрақтарды топ мүшелеріне қою, өз жауаптарыңды топ ішінде талдау

3-топтың эксперименттік тапсырмалары

1-эксперимент

Плитканы қыздыру, қызған плиткаға қолымызды жақындатамыз.Жылу бізге қалай беріледі ?

Тірек сөздерге назар аударыңдар?

Біздің қолымыз бен плитка арасында не бар?

Ауа жылуды қалай өткізеді ( қатты заттар мен сұйықтарға қарағанда?

Мысалы плиткаға қасықты қойсақ ол тез қызады, ыдыстағы суды қойсақ олда тез қызады)

2-эксперимент Қажетті құралдар сұйықты Монометр ( газдың немесе сұйықтың қысымын өлшейтін құрал ), жылу қабылдағыш ( оның құрлысына назар аударыңдар), стол лампасы немесе электр плиткасы

1.Монометрді жылу қабылдағышқа қосу, жылу қабылдағышты қыздыру

Монометрдегі сұйық бағаны орын ауыстырды. Болжамдарыңды топ ішінде талдаңдар

2.Жылу қабылдағыш пен қызған дене арасына қағаз парағын қой. Нәтижесін бақылап талдаңдар

3.Қызған денеден жылу қабылдағышқа жылу қалай берілуі мүмкін екенін түсіндіріңдер

4.Сәулелену қарқындылығы қашықтыққа және, температураға,беттің түсіне байланысты екендігін дәлелдейтін тәжірибені жүргізіңдер, нәтижесін топта талдаңдар

5.Сәулелену қандай ортада жүзеге асады? Қатты , сұйық, газ немесе вакуум

Топ ішінде 4-жаттығудың 1,2,3 талдап басқа топ мүшелеріне қойыңдар.

Тест тапсырмалары «Жылуөткізгіштік, конвекция және сәулелену»

  • Оқушы бір қолына шыны стақанды ұстайды және оны жылдам ыстық сумен толтырады. Оқушының қолы бірнеше секундтан кейін ыстықты сезеді. Неліктен ол ыстықты уақыт ӛткеннен кейін сезді?

А) су жылуды жаман өткізеді

В) су жылуды жақсы өткіздеді

С) шыны жылуды нашар өткізеді

Д) шыны жылуды жақсы өткізеді

  • Неліктен сұйықты қыздырғанда конвекциялық ағын пайда болады?

А) сұйықтарды қыздырғанда олар ұлғаяды

В)қайнаунүктесінежақындағандасұйықтардакөпіршектерпайдабола бастайды

С) сұйықтарды қыздырғанда олардың молекулалары ұлғаяды

Д) сұйық бетіне жақын молекулалар сұйықты тастап ауаға өтеді

  • Жылуөткізгіштігі ең жақсы металды анықтау үшін тәжірибе өткізілді. Бірдей доптар балауыз көмегімен әртүрлі металдан жасалған өзекшелерге Х суретте көрсетілгендей жапсырылды. өзекшелер бір шетінен қыздырылды. Кейбір доптар құлады, кейбір доптар Y суреттегідей өзекшеде қалды.

Қай металдың (А,В,С,Д) жылуөткізгіштігі ең жақсы болып табылады?

  • Х термометрі мұз бөлігінің жоғарғы жағында орналасқан және Y термометрі сондай қашықтықта мұз бөлігінің астында орналасқан. Бірнеше минуттан кейін термометрлердің біреуінің көрсетуі өзгерді. Мұз бөлігі ерімеді.

Қай термометрдің көрсетуі өзгерді және неліктен?

Термометр

Себебі

А

X

суық ауа мұздан жоғары қарай көтеріледі

В

X

жылы ауа мұздан жоғары қарай көтеріледі

С

Y

суық ауа мұздан төмен қарай түседі

Д

Y

жылы ауа мұздан төмен қарай түседі

  • Темір өзекшенің (стержень) бір ұшын жалында ұстап тұрмыз. Көп ұзамай өзекшенің басқа ұшыда ыстық болып кетті.

Темір өзекше бойымен жылу қалай таралды?

А) жылуөткізгіштік арқылы

В) конвекция арқылы

С) ұлғаю арқылы

Д) сәулелену арқылы

  • Суретте кӛрсетілген мұз блогы жылы бөлмеде орналасқан. Қай нүктеде температура төменірек болады?
  • Екі пластик ыдыс бірінің ішіне бірі кигізілген. Суретте көрсетілгендей ішкі ыдысқа ыстық су құйылды және қақпағы жабылды.

Қай тұжырым дұрыс?

А) Ауасы бар кіші саңылау сәулелену арқылы жылу жоғалудың алдын алады

В) Ыдыстардың бүйір қабырғалары арқылы жылу шықпайды

С) Сыртқы ыдыстың түбінен болатын конвекция арқылы орындық қызады

Д) Конвекция арқылы жылудың жоғалуын азайту үшін қақпақты қолданамыз

  • Бөлмеде қыздырғыш орналасқан.

Қай суретте бөлмені қыздырғанда ауа ағысының қозғалысы дұрыс көрсетілген?

  • Нанды қыздыру элементіне тигізбей төменге қойып пісіруге болады.

Қыздыру элементінен нанға жылу энергиясы қандай процесс арқылы беріледі?

А) жылуөткізгіштікВ) сәулеленуС) конвекцияД) оқшауланған

  • Жылу энергиясының тасымалдануы туралы қай тұжырым дұрыс?

А) барлық металдар жылу энергиясын теңдей жақсы өткізеді

В) конвекция тек қана қатты денелерде және сұйықтарда жүзеге асады

С) жылу энергиясын тасымалдайтын сәулелену электромагниттік сәулеленудің бір түрі болып табылады

Д) конвекция сұйықтарда жүзеге асады өйткені ыстық сұйықтың салқын сұйыққа қарағанда тығыздығы үлкен

  • Суыбарпробиркалардаорналасқантөртбірдеймұзбөлігісуретте көрсетілгендей қыздырылып жатыр.

Қай пробиркадағы мұз бөлігіне еру үшін көп уақыт кетеді?

  • Мұғалім конвекциялық ағынды көрсету үшін екі түтіндігі бар қорапты және жанып тұрған майшамды қолданды. Ол түтінді Р нүктеде көлбеу жағдайда ұстап тұрыпты.

Конвекциялық ағын түтінді қай бағытта қозғалысқа келтіреді?

  • Суретте салқын бөлмеде тұрған ішінде ыстық сұйығы бар термостың көлденең қимасы көрсетілген. X және Y термос қабырғаларының ішкі бетіндегі нүктелер.
  • нүктесінен Y нүктесіне жылу энергиясы қалай тасымалданады?

А) жылуөткізгіштік және конвекция арқылы

В) тек қана жылуөткізгіштік арқылы

С) сәулелену және конвекция арқылы

Д) тек қана сәулелену арқылы

  • Суреттетермометржәнеоныңжоғарысындаорналасқанқыздырғыш көрсетілген. Термометр колбасы суретте көрсетілгендей орналасқан.

Қыздырғыштан термометрге баратын жылу энергиясының негізгі бөлігі қалай тасымалданады?

жылуөткізгіштік

конвекция

сәулелену

А

ия

ия

жоқ

В

ия

жоқ

ия

С

жоқ

ия

жоқ

Д

жоқ

жоқ

ия

  • Қыздырғыштың алдында шкаф орналасқан. Шкафтың астындағы саңылау арқылы ауа қозғала алады.

Саңылау ішіндегі ауаның температурасын және қозғалыс бағытын сипаттайтын дұрыс жауапты таңдаңыз.

ауаның температурасы

ауаның қозғалыс бағыты

А

салқын

қыздырғыштан сыртқа

В

салқын

қыздырғышқа қарай

С

жылы

қыздырғыштан сыртқа

Д

жылы

қыздырғышқа қарай

  • Әртүрлі материалдардан жасалған қасықтар төрт бірдей ыдыстарға құйылған ыстық шайға салынды. Қай қасықтың Х нүктесі басқаларына салыстырғанда ыстық болады?
  • Цилиндр пішінді дене бір-біріне қосылған мыс және ағаштан жасалған. Дене ортасындағы қосылған жерінен шамамен бір минуттай қыздырылады. Қай нүктенің температурасы төмен болады?
  • Оқушы оттың жанында қолдарын жылытып жатыр.

Оныңқолдарынақайтолқындаржылутасымалдайды?Бұлтолқындар электромагниттік толқындар ма?

толқындар

электромагниттік

А

инфра-қызыл

жоқ

В

инфра-қызыл

ия

С

көрінетін жарық

жоқ

Д

көрінетін жарық

ия

  • Суретте жалын көрсетілген.

Неліктен түтін жалын үстіне шығады?

А) Түтін жоғары температурада жылдам буланады

В) Жоғары температурада түтін молекулалары жылдам диффузияланады С) Жоғары температурада ауаның тығыздығы кішірек болады

Д) Жоғары температурада ауаның қысымы үлкенірек болады

  • Термоста тұрған ыстық сұйық өте баяу салқындайды (ұзақ уақыт ыстық болып тұрады). Мұның себебі жылу берілудің кейбір түрлері вакуумда жүзеге аспайды.

Жылу берілудің қай түрлері вакуумда жүзеге аспайды?

А) жылуөткізгіштік және конвекция

В) жылуөткізгіштік және сәулелену

С) конвекция және сәулелену

Д) жылуөткізгіштік, конвекция және сәулелену



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу