Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. Есептер шығару. физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Сынып: 7 А
  • Мектеп: Көкшетау қаласындағы НЗМ
  • Күні: 10.11.16
  • Мұғалімнің аты-жөні: Шайзада Б.
  • Қатысқандар саны:12
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. Есептер шығару

Оқу мақсаттары

туынды өлшем бірліктер мен негізгі ХБЖ бірліктерді ажырату

дұрыс, дұрыс емес пішінді және сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттау

тығыздықтың анықтамасын білу және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізу;

Сабақ мақсаттары

  • Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың белсенділігін арттыру, өзіне-өзі баға беруге, өзінің жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға үйрету.

Бағалау критерийлері

дұрыс, дұрыс емес пішінді және сұйықтардың тығыздығын анықтау әдісін сипаттайды

тығыздықтың анықтамасын біледі және тығыздық = масса / көлем формуласы бойынша есеп жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар

Масса

Mass

Масса

Көлем

Volume

Объем

Өлшеу

Measure

Измерение

Дене

Body

тело

Тығыздық

Density

Плотность

Құндылықтарды дарыту

Жолдастарын тыңдай білу, ой пікірлерімен санасу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Көлем, масса. Осы шамаларды өлшеу

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5

Сәлемдесу, мақсатқа бағыттау

Сабақтың ортасы

5-35 мин

35-75

Жалпылама сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қайталау:

Масса дегеніміз не? Оны қалай өлшейміз? Қандай әріппен белгіленеді? ХБЖ өлшем бірлігі қандай?

Көлем дегеніміз не? Ол қандай әріппен белгіленеді? Көлемді қалай өлшейміз? ХБЖ өлшем бірлігі қандай?

проблемалық сұрақ:

Неге көлемі бірдей денелердің массалары әр түрлі?

Ал массалары бірдей денелердің көлемдері әр түрлі? Неліктен? Қалай ойлайсыңдар?

Сонымен, бұл қандай екі шаманың арасындағы тәуелділік деп ойлайсыңдар?

Біз жаңа нені өлшедік?

Сонымен масса мен көлем арасындағы қатынас тығыздық деген жаңа бір физикалық ұғымды береді. Ол әрпімен белгіленеді. Ал ХБЖ өлшем бірлігі осы формуладан шығарсақ қалай болады? Қосымша өлшем бірліктерді шығарайық. (слайдтар)

Енді осы массасы мен көлемі өлшенген денелердің тығыздықтарын есептеңдер.

Кестенің үшінші бағанын тақтаға бір оқушы шығып толтырады. Басқалары тексереді.

Әр топ бір біріне сұрақ қояды.

Сұйықтардың тығыздығын өлшейтін құрал ареометр деп аталады.

Сұйықтардың тығыздығы туралы бейнебаян көреді https://www.youtube.com/watch?v=47HskmWCX-s

Ал енді тақырыпты пысықтап есептер шығарайық:

1 деңгей

1. 63-суреттегі шарлардың массасы өзара тең. Заттардың тығыздығы бірдей ме?

2. Ас тұзының ірі кесектерінің тығыздығы 2160 кг/м8, ал майдаланған ұнтақтарының тығыздығы 800 кг/м3. Неге?

3°. Газ күйдегі сутектің тығыздығы 0,09 кг/м3, ал сұйык күйінде 69 кг/м3, қатты күйінде 80 кг/м3. Сутек тығыздығынын өзгеру себебі неде?

4. Ауыз су құйылған шелек пен теңіз суын құйған дәл сондай шелектің массасы бірдей ме?

5. Ағаш, алюминий және болат шарлардың мөлшері бірдей. Олардың қайсысының массасы ең үлкен, кайсыныкі ең кіші?

6. Табақтары теңелген таразының үстінде кубиктер орналастырылған (64-сурет). Кубиктер жасалған заттардың тығыздығы бірдей ме?

2 деңгей

1. Жиналған шөп массасы 40 кг және мөлшері 90х 40х55 см. Осы престелген шөптің тығыздығын табыңдар.

2. Цистернаға 2 т су сыяды. Осы цистернаға 2,5 м3 бензин құюға бола ма?

3. Бір заттың 1,5 см3 көлемінің маесасы 109,5 г. Оның 1 м3-нің массасы қанша болар еді?

3 деңгей

1*. Бір заттан тұтас жасалған кубтың массасы 2,5 кг. Егер қабырғасының ұзындығын екі есе қысқартса, осы кубтың массасы қандай болады?

2*. Кубтың барлық жақтарының ауданы 150 см2, ал кубты жасаған заттың тығыздығы 2700 кг/м3 болса, оның массасы қандай болады?

7*. Қимасы 2 мм2 мыс орамының массасы 1,13 кг. Орамды таратпай-ақ сымның ұзындығын қалай анықтауға болады? Ол неге тең?

адамның көлемі

http://www.practicalphysics.org/go/Experiment_758.html;jsessionid=aQZiDHjdNEc7?topic_id=$parameters.topic_id&collection_id=%24parameters.collection_id

Массалары бірдей көлемдері әр түрлі денелер, көлемдері бірдей массалары әр түрлі денелер, ареометр, электронды таразы, мензурка,

Сабақтың соңы

75-80 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасын беру: 32 тақырыпты оқу, ареометр жасау, эксперименттік тапсырма, 4.2.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зияттеориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етеа лады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Тексерген ӘБ жетекшсі:Кабылов М.Б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу