Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Физика, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Сынып: 7
  • Мектеп: Астана қаласындағы ФМБ НЗМ
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Қатысқандар саны:
  • Қатыспағандар саны:
  • Сабақ тақырыбы

Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы

Оқу мақсаттары

- механикалық қозғалыстың салыстырмалығын түсіну;

Сабақ мақсаттары

  • Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығын біледі.

Жетістік критерийлері

  • Дене қозғалыста болған санақ жүйесін дұрыс анықтаса ;
  • Әртүрлі санақ жүйелеріне қатысты денелердің қозғалыс траекториясын

дұрыс көрсете білсе;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Өлшеу нәтижесін сипаттап,ауызша және жазбаша түрде жалпылай алады.

Траектория, жол, орын ауыстыру, санақ жүйесі терминдерін қолданып қозғалысты сипаттай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология: физикалық шамалар, физикалық дене, зат,өлшем бірліктер, санның стандарт түрі, Халықаралық бірліктер жүйесі, құралдың бөлік құны, траектория, орын ауыстыру, жол, скалярлы жылдамдық, векторлық жылдамдық, орташа жылдамдық.

қазақша

русский

английский

траектория

траектория

trajectory

жол

путь

way

орын ауыстыру

перемещение

moving

санақ жүйесі

система отсчета

reference system

материалдық нүкте

материальная точка

material point

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз … жылдамдығын есептедік.

Біз … мен жылдамдықты есептедік.

Орташа жылдамдықты есептеу/анықтау үшін біз … өлшедік.

Орташа жылдамдық … жолымен есептелген болатын.

Біз … арқылы орташа жылдамдықты шығардық.

Біз деректерді/ақпаратты/нәтижені жазу/енгізу үшін …

Бізбен жасалған жұмыс нәтижелері/қорытындылары/кестелері

… екендігін көрсетеді.

Осы кестеден көрінетіндей...

Қорытындылай келе ...

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың белсенділігін арттыру;

Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;

Коммуникативтік дағдысын жетілдіру

Ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыстар

математика

АКТ қолдану

Интерактивті тақта

Бастапқы білім

Механикалық қозғалыс,траектория, жол, орын ауыстыру

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

3-6 мин

I.Ұйымдастыру

Сәлемдесу, мақсатқа бағыттау

II.Топпен жұмыс.

Механикалық қозғалыс тақырыбын қайталау

Қозғалыстың ең қарапайым түрі механикалық қозғалыс.

Денелердің қандай денелермен салыстырғанда қозғалатынын таныстырылым көрсету арқылы анықтату.

Механикалық қозғалыс деп уақыт өтуіне қарай оның басқа денелерге қатысты кеңістіктегі орын өзгертуін айтады.

http://bilimland.kz/index.php/kz/

Сабақтың ортасы

7-12 мин

13-15 мин

16-20 мин

21-23 мин

24-27 мин

28-31 мин

32-38 мин

III.Сыныппен жұмыс.

1.Санақ жүйесі ұғымын түсіндіру.

Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу қажет.

Шартты түрде қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.

Бір ғана дененің әртүрлі санақ жүйесіне қатысты қозғалысы түрліше болады.Жер бетіндегі денелердің қозғалысын қарастырғанда Жермен байланысты санақ жүйесін алған тиімді.

Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады.

IV.Жұптық жұмыс.

Асан поездға отырып келесі станциядан түспекші болады.Ол әлі билет алмағандықтан, билет тексерушілерді көріп, ол ұсталып қалмас үшін түзусызықты бірқалыпты келесі вагонға орын ауыстырады.Билет тексерушілер де сол бағытта келесі вагонға ауысады.Ал Асан болса келесі вагонға ауысады.Ең бірінші вагонға жетіп, баратын жері қалмағанда, дәл сол кезде өзіне керекті станцияға жетеді.Ол өзінің ұсталмағанына көңілді болып вагоннан түседі.

Сонда поезд екі станцияның арасын 5 километрді 5 минут ішінде жүрсе, ал Асан осы уақытта 5200 метр жүреді.Яғни, поездың ұзындығы қосылады.Біз осы жерде қозғалыстың салыстырмалылығымен ұшырасамыз.

V. Сыныппен жұмыс.

Бейнематериал көрсету.

http://bilimland.kz/index.php/kz/

VI.Жұптық жұмыс (таныстырылым бойынша).

1.Траекторияның салыстырмалылығын көрсету

2.Қозғалыстың салыстырмалылығы

  • Мотоциклші мотоциклге қатысты тыныштықта.
  • Мотоциклші жолға қатысты қозғалады .
  • Поезда отырған жолаушылар вагонмен салыстырғанда қозғалыста болады ма? Жермен салыстырғанда?
  • Аққу қандай денелерге қатысты тыныштықта болады?
  • Аққу қандай денелерге қатысты қозғалыста болады?
  • Тышқан немен салыстырғанда қозғалыста болады?
  • Тышқан немен салыстырғанда тыныштықта болады?

VII.Жеке жұмыс.

1.Әртүрлі санақ жүйелеріне қатысты

денелердің екі қозғалыс траекториясын сызады.

VIII.Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы бағалау

Қажетті құралдар: Ағаш білеуше, А-3 парағы.

Жұмыс барысы.

  • Ағаш білеушені қағаз парақтың үстіне қойыңдар.
  • Парақтың шетінен ақырын тартыңдар да, білеуше мен қағаз парағының қандай күйде болатынын бақылаңдар.

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

А) Қағаз парағы мен білеуше үстелге қатысты қандай күйде болады?

Ә) Қағаз парағына қатысты білеуше қандай күйде болады?

Б) Бұл күйлерді қандай белгілері бойынша анықтадыңдар?

В) Үстел білеушеге немесе қағаз парағына қатысты қозғалды деп айтуға болар ма еді?

Сабақтың соңы

39-40 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй тапсырмасын беру: §11, 8 –тапсырма, 73 бет.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зияттеориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етеа лады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу