Интеллектуалды музыка. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім:Музыка - өмір тынысы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Интеллектуалды музыка

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.4 – ауызша және жазбаша жұмыстар орындау барысында музыкалық терминологияны пайдалану;

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

 Сабақ мақсаттары

 

Оқушылар:

  • Ауызша жазбаша жұмыс орындауда оқушылар пәндік терминологияны қолданады;
  • Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасына талдау жүргізеді, басқа өнер түрлерімен байланысын табады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Ауызша жазбаша жұмыс орындауда оқушылар пәндік терминологияны қолданады;
  • Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасына талдау жүргізеді, басқа өнер түрлерімен байланысын табады;
  • интеллектуалды музыканың даму кезеңдерін анықтайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • адам өміріндегі музыканың мәні мен орны туралы талқылайды;

Талқылауға арналған сұрақтар:

Неге бұл шығарманы «интеллектуалды немесе байсалды» музыка деп атауға болады?

-Тыңдаған сәтте сіздер өмірдегі қандай картинаны елестеттіңіздер?

-Тыңдалған шығармаларды музыканың қай түріне жатқызамыз? «байсалды» музыкаға жата ма, әлде «жеңіл» музыкаға ма? Неге?

Диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • адам өмірінде маңызды орын алады, сондықтан…..
  • Бірақ музыканың басқа да түрлері бар, олар ………. болғандықтан ойлануды қажет етпейді.
  • Байсалды және жеңіл музыканың айырмашылығы……..

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

интеллектуалды (байсалды) және жеңіл (ойын сауық) музыка, халықтық, классикалық, заманауи музыка, соната.

Құндылықтарды

дарыту

Әлемдік және ұлттық музыкаларды талдау арқылы, өзге елдің және өз елінің музыкалық құндылықтарын сезіне алады.

Пәнаралық

байланыстар

Музыканың адам көңіл-күйіне әсерін талдауда өзін-өзі тану пәнімен пәнаралық байланысты көруге болады.

Бастапқы білім

Оқушыларда жанр, стиль жөнінде алдыңғы білімдері бар. Сонымен қатар, сабақ барысында талданатын тақырыптар бойынша жеткілікті пәндік терминология білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин.

5 мин.

10 мин.

Ұйымдастыру кезеңі: жақын арада даму аймағын құру,оқушы зейінін шоғырландыру. Мақсат пен бағалау критерийлерін ұғындыру. Тақырып мазмұнын ашу, термин сөздіктерді талдау.

Сыныпты топтарға бөлу:

1 топ – Фольклорлық музыкасы

2 топ – Симфониялық музыкасы

3 топ - Романс

4 топ - Мюзикл

5 топ - Рок музыка

Топтарға берілген тақырып бойынша мәліметтермен таныстыру.

Тапсырма. Талқылау.

Оқушылармен ой бөлісу арқылы тақырыпты ашу.

Тапсырмаға берілген бағалау критерийлері:

  • Пәндік терминологияны қолданады;
  • Топтағы әр оқушы қатысады;
  • Сұраққа мысал келтіру арқылы, толық жауап береді.

1 топ:

- Сезімдер мен эмоцияны, көңіл-күйді, композитордың ойын жеткізу үшін қандай көркемдеу тәсілдері пайдаланылады?

- Неге бір музыкалық шығарма әртүрлі эмоциялар мен сезімдер туғызады?

2 топ:

-Қандай музыка адамды қайырлы істер жасауға шабыттандырады?

- Қандай музыка адамды ойландырады, жасампаздыққа жетелейді?

3 топ:

-Қандай музыкамен көңіл сергітіп, демалыс жасауға болады? Неге?

-Адамды қайырымдылыққа, тілектестікке, ақжарқын болуға музыканың қандай түрлері тәрбиелейді?

4 топ:

-Эстетикалық талғам нені білдіреді?

- Эстетикалық талғамды қандай музыка тәрбиелейді?

- Сіздер музыканың қандай түрлерімен, жанрларымен, стильдерімен таныстыңыздар?

5 топ:

-Неге адамдарға әртүрлі музыка ұнайды?

-Интеллектуалды (байсалды) және жеңіл (ойын-сауық) музыка дегеніміз не?

Слайдтық презентация

Карточкалар

Сабақтың ортасы

10 мин

10 мин.

Тапсырма. Ақпарат іздеу.

Зерттеу. Топпен бірге зерттеу жүргізіп, қандай музыканың өмір туралы, бейбітшілік, достық, батылдық, отансүйгіштік туралы ойландыратынын анықтау.

Атап беріңіз:

Қазақтың халық әндерінің ерекшеліктері;

Батыс еуропа композиторларының классикалық шығарма ерекшеліктері;

Орыс композиторларының шығарма ерекшеліктері;

Қазіргі заманғы әндер ерекшеліктері.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

  • Берілген жанрларға сай шығармаларды қарастырады;
  • Пәндік терминологияны қолдана отырып талқылайды;
  • Тапсырма сұрақтарына толық жауап береді.

Тапсырма. Тыңдау және талдау. (ауызша тапсырма)

Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасын тыңдаңыздар. «Айлы түн» сонатасын тыңдағанда бөленетін көңіл-күйлеріңізді суреттеңіздер. Ол үшін 10 сын есімді қолданыңыздар.

-Неге бұл шығарманы «интеллектуалды немесе байсалды» музыка деп атауға болады?

-Тыңдаған сәтте сіздер өмірдегі қандай картинаны елестеттіңіздер?

-Тыңдалған шығармаларды музыканың қай түріне жатқызамыз? «байсалды» музыкаға жата ма, әлде «жеңіл» музыкаға ма? Неге?

Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасы https://www.youtube.com/watch?v=dRzG0Jq88Vc

Сабақтың соңы

2 мин.

Рефлексия:

-Не жақсарды?

-Нені білдіңіз?

- Нені білгіңіз келеді?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдаукөрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар адам өміріндегі музыканың рөлі жөнінде өз ойларымен бөлісе алады.

Кейбір оқушылар музыканы талдауда мысалдар арқылы өз ойларын жеткізе алады.

Өзін өзі бағалау;

Сабаққа арналған бағалау критерийлері;

Мұғалімнің кері байланысы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу