Интеллектуалды музыка. Музыка, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Интеллектуалды музыка
Сабақ мақсаты
Ауызша жазбаша жұмыс орындауда оқушылар пәндік терминологияны қолданады;
Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасына талдау жүргізеді, басқа өнер түрлерімен байланысын табады.
Бағалау критерийлері
Ауызша жазбаша жұмыс орындауда оқушылар пәндік терминологияны қолданады;
Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасына талдау жүргізеді, басқа өнер түрлерімен байланысын табады;
интеллектуалды музыканың даму кезеңдерін анықтайды.
Тапсырма.Топтық жұмыс.
Топтарға берілген тақырып бойынша мәліметтермен таныстыру.
Сыныпты топтарға бөлу:
1 топ – Фольклорлық музыкасы
2 топ – Симфониялық музыкасы
3 топ - Романс
4 топ - Мюзикл
5 топ - Рок музыка
Тапсырма. Талқылау.
1 топ:
- Сезімдер мен эмоцияны, көңіл-күйді, композитордың ойын жеткізу үшін қандай көркемдеу тәсілдері пайдаланылады?
- Неге бір музыкалық шығарма әртүрлі эмоциялар мен сезімдер туғызады?
2 топ:
- Қандай музыка адамды қайырлы істер жасауға шабыттандырады?
- Қандай музыка адамды ойландырады, жасампаздыққа жетелейді?
3 топ:
- Қандай музыкамен көңіл сергітіп, демалыс жасауға болады? Неге?
- Адамды қайырымдылыққа, тілектестікке, ақжарқын болуға музыканың қандай түрлері тәрбиелейді?
4 топ:
- Эстетикалық талғам нені білдіреді?
- Эстетикалық талғамды қандай музыка тәрбиелейді?
- Сіздер музыканың қандай түрлерімен, жанрларымен, стильдерімен таныстыңыздар?
5 топ:
- Неге адамдарға әртүрлі музыка ұнайды?
- Интеллектуалды (байсалды) және жеңіл (ойын-сауық) музыка дегеніміз не?
Бағалауға арналған критерийлер:
Пәндік терминологияны қолданады;
Топтағы әр оқушы қатысады;
Сұраққа мысал келтіру арқылы, толық жауап береді.
Тапсырма. Ақпарат іздеу.
Зерттеу. Топпен бірге зерттеу жүргізіп, қандай музыканың өмір туралы, бейбітшілік, достық, батылдық, отансүйгіштік туралы ойландыратынын анықтау.
Атап беріңіз:
• Қазақтың халық әндерінің ерекшеліктері;
• Батыс еуропа композиторларының классикалық шығарма ерекшеліктері;
• Орыс композиторларының шығарма ерекшеліктері;
• Қазіргі заманғы әндер ерекшеліктері.
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
Берілген жанрларға сай шығармаларды қарастырады;
Пәндік терминологияны қолдана отырып талқылайды;
Тапсырма сұрақтарына толық жауап береді.
Тапсырма. Тыңдау және талдау. (ауызша тапсырма)
Л.Бетховеннің «Айлы түн» сонатасын тыңдаңыздар. «Айлы түн» сонатасын тыңдағанда бөленетін көңіл-күйлеріңізді суреттеңіздер. Ол үшін 10 сын есімді қолданыңыздар.
- Неге бұл шығарманы «интеллектуалды немесе байсалды» музыка деп атауға болады?
- Тыңдаған сәтте сіздер өмірдегі қандай картинаны елестеттіңіздер?
- Тыңдалған шығармаларды музыканың қай түріне жатқызамыз? «байсалды» музыкаға жата ма, әлде «жеңіл» музыкаға ма? Неге?
Рефлексия
Не жақсарды?
Нені білдіңіз?
Нені білгіңіз келеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?