Музыка және поэзия. Музыка, 6 сынып, презентация. 2 сабақ.
6 сынып Музыка
3 Бөлім: Музыка және өнер түрлері
2 сабақ МУЗЫКА ЖӘНЕ ПОЭЗИЯ
ОҚУ МАҚСАТЫ:
6.1.1.1 тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау
6.1.2.3 көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру
6.1.3.1 әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау
6.2.2.1 музыкалық аспаптар мен дауысын қолдана отырып, музыкалық композициялар шығару және импровизация жасау
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ
Шығарманың көркемдеуші құралдарын салыстырып, анықтау;
Әуеннің көркем бейнесін жеткізе отырып орындайды;
көркемдеуші құралдарды, дауысты, музыкалық аспаптарды қолдана отырып, композицияны импровизациялайды.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ
музыкалық шығарманы талдайды;
музыкалық композиция мен поэзияны сәйкестендіреді;
әуенді орындауда көркем бейнесін жеткізеді;
дауыс пен музыкалық аспаптар көмегімен композицияны орындайды.
Тапсырма. Тыңдау және талдау.
«Судың атқып аспанға тамшылары,
Найзағайдай қайтадан шаншылады.Бір тамшыда кешкі күн батуыменБір қабысқан жанатын таң шырағы.Бір тамшыда бар бояу басын қосқан:Сарғылт жаға,Көк теңіз,Жасыл аспан.Теңіз шебер жатқандай алқа жасап,Жеті түсті ғажайып асыл тастан».- Өлең жолдары сіздерге қандай көңіл күй сыйлады?
- Осы көңіл күйді қандай сөздермен белгілеп айтар едіңіз?
- С.Мәуленов осы өлең жолдарын жазған мезетте қандай сезімде болды деп ойлайсыңдар?
Тапсырма. Шығарма жазу және импровизация.
Сырбай Мәуленовтың «Теңіз тамшысы» шығармасын топқа берілген тапсырмалар бойынша интерпретациялау.
1 топ – өлеңді мәнерлеп оқу;
2 топ - шағын қойылым көрсету;
3 топ – музыкалық сүйемелдеу орындау.
Бағалау критерийлері:
шығарманың көркем бейнесін жеткізеді;
ансабльдік ережелерді сақтайды;
музыкалық аспапты сүйемелдеуге қолданады;
топтық жұмыста өз рөлін орындайды.
РЕФЛЕКСИЯ
«Музыкалық үшбұрыш»сабақтағы жаңалық?
қандай жұмыс сәтті орындалды?
нені жақсарту қажет?
Рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?