Музыка және поэзия. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 1 - сабақ.


Абай

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де - бір кірпіш, дүниеге

Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да, қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,

Алдың - жалын, артың - мұз,

Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйгі алма

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Акырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстазтық қылған жалықпас

Үйретуден балаға.

Көлеңке басын үзартып,

Алысты көзден жасырса;

Күнді уақыт қызартып,

Көкжиектен асырса;

Күңгірт көңілім сырласар

Сүрғылт тартқан бейуаққа,

Төмен қарап мүңдасар,

Ой жіберіп әр жаққа.

Өткен өмір - қу соқпақ,

Қыдырады талайды.

Кім алдады, кім тоқпақ

Салды, соны санайды,

Нені тапсаң, оны тап,

Жарамайды керекке.

Өңкей уды жиып ап,

Себеді сорлы жүрекке.

Адасқан күшік секілді

Ұлып жүртқа қайтқан ой

Өкінді, жолың бекінді,

Әуре болма, оны қой.

Ермен шықты, ит қылып,

Бидай шашқан егінге.

Жай жүргенді уерд қылып,

Тыныш өлсеңші тегінде.

Топқа бөлуге және дифференциацияланған тапсырмаларды өткізуге арналған таратпа материал

Топтық жұмысқа арналған дидактикалық материал

1 топ - «Табиғатпен сырласу» өлеңі Қарсыбай Рамазан

Жазық дала, таулы өлке, жасыл орман – айналым,

Сұлулығын кең өлкемнің – көзбен қарап тоймағам.

Қандай ғажап туған жерім, қандай ғажап, мән берсең

Сұлулығын табиғаттың – жүрек қалап тоймаған.

Сылдырлаған өзенім мен шайдай ашық көк аспан,

Таудың биік шынарлары аспанменен таласқан.

Жан – жануар мекені мен өсімдіктер әлемі

Екі аққу көл бетінде бір–біріне жарасқан.

2 топ «Дана Абай атам» өлеңі Кемел Ділназ

Шыңғыстау мекенінде,

Абай атам туыпты.

Тіл шешендік өлеңдерін,

Халқымыз тұңғыш көріпті.

Құнанбайдан тараған,

Абай атам ақылшы.

Шыңғыстаудың мекенінде,

Толған ақын жырлары.

Даңқы биік, асыл мұра,

Кезберген жүрек Абайдың.

Сұлу, ақын жанары,

Дана Абайдың жырлары.

Жырлады ақын халық жайын,

Қиналды жүрек, мұңайды.

Халық жайын ойлаумен,

Абай атам толғанды.

3 топ - «Мен елімді сүйемін» өлеңі Серікжан Тілек

Еңселі елім, көркейе бер ұлы елім,

Сен деп соғар әрқашанда жүрегім.

О, туған ел оттай ыстық сезіммен,

Әлпештеген мені анамдай сүйемін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу