Тілшікті (клавишті) аспаптар. Музыка, 5 сынып, дидактикалық материал.
Органның алғашқы түрлері Грекия, Италия, Египет, Византия елдерінде пайда болды. 7 ғасырдан бастап Еуропада, көбіне шіркеулерде хорды сүйемелдеу үшін пайдаланған. Органның дыбыс тембрі ерекше және түрлі регистрде шығады. Ол күрделі механизмдерден тұрады. Оның металдан жасалған ұзындығы әр түрлі түтіктері болады. Әр түтік белгілі тембрде бір дыбыс шығарады. Әрбір регистр үрлеп ойнайтын бір музыкалық аспабының дыбысын береді. Сөйтіп, түтіктен шыққан бір дыбыс пен бір уақытта шыққан бірнеше регистрлер бүкіл оркестрдің дыбысын құрайды. Органның 1 – 7 мануал (әрқайсысында 72 клавиштан), аяқпен басатын педалі болады. Органға арналған ноталар скрипка мен фортепьяноға жазылатын сияқты үш түрлі нота сызықтарына жазылады. Органға арнап И.С. Йоганн Себастиан Бах, В.А. Моцарт, Л.Бетховен, Й.Гайдн, И.Брамс, Д.Шостакович, т.б. композиторлар шығарма жазған. Орган Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ консерваториясының үлкен залында (1967) орнатылып, орган класы ашылған. [1] Алматыдағы Қазақ филармониясында, Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясында (2005) орган орнатылды
Клавесин (франц. clavecіn) – клавишті-шертпелі ішекті музыкалық аспап. Клавесин жайындағы жазба деректер 1511 жылдарға, ал бүгінгі күнге дейін сақталған ең көне италиялық шеберлерден шыққан аспап 1521 жылға жатады. Клавесин барлық еуропалық елдерде таралған; Ресейде 16 ғасырда пайда болды. Тегі псалтериум (гуслиге ұқсас) аспабынан шыққан. Диапазоны 4 – 5 октава. Француз клавесин мектебінің негізін салушы Ж. Шамбоньер (1601 – 1670/72) болды. Клавесинде асқан шеберлікпен ойнаудың тамаша үлгісін жасаған – италиялық композитор әрі орындаушы Д.Скарлатти (1685 – 1757). 17 – 18 ғасырлардағы белгілі француз клавесиншілері: Ф.Куперен (1668 – 1733), Ж.Ф. Рамо (1683 – 1764), Л.К. Дакен (1694 – 1772) т.б. 18 ғасырда фортепианоның пайда болуына байланысты Клавесиннің рөлі төмендеді. Клавесин жеке камералық-ансамбльдік, сонымен қатар оркестрлік аспап ретінде қолданылды.
Рояль (фр. royal — корольдық) — ішекті соқпалы-пернелі музыкалық аспап, фортепианоның бір түрі. Рояль алғашқы нұсқасы пианофортені (фортепиано) италиялық Б.Кристофори жасаған (1709-11). Ресейде ол рояль деп аталған. Рояль үшбұрышты, көлемі ұзынша, ені жалпақ, үш аяқты болып келеді. Тұрқының ішінде резонанс беретін декасы және керілген жуанды-жіңішкелі сым ішектері болады. Дыбыс диапазоны 7 не 7 1/4 октава. Рояль концерттерде көп қолданылады. Дыбысы қатты және анық естілу үшін рояльдің үстіндегі қақпағы ашық қойылады. Рояльдің ұзындығы әртүрлі (мысалы, миньон 1,1-1,5 м; бөлмелік 1,6-1,8 м; концерттік 3 м.). Қазақ даласына ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап тарады.
Фортепиано (итал. fortepіano, forte — қатты және pіano — ақырын) — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы.[1] Фортепианоның алғашқы үлгісін Италияда Б.Кристофори 1709 — 11 ж. жасап шығарды. Фортепианоның екі түрі (рояль мен пианино) бар. Осы заманғы клавишті механикасы бар рояльды 19 ғасырдың басында С.Эрар (Парижде) ойлап тапқан. Фортепианоның екі педалі болады, ол дыбысты қатты немесе жайлап шығару үшін қолданылады; дыбыс көлемі 7 октава. Фортепианоның дыбыс шығаратын соқпалы балғашықтары мен ішектері сырт кескіні құстың қанатындай типылданған сандық ішіне орналастырылады. Фортепианоның ұзындығы 150-ден 270 см-ге дейін, ал ені 150 см болады. Фортепианода ойнау үшін арнайы көптеген музыкалық шығармалар (мысалы, Л. ван Бетховен, “Апассионата” сонатасы; Ф.Шуберт, “Фантазия”; Р.Шуман, “Симфониялық этюдтер”; Ф.Лист, “Кезбешілік жылдары”, т.б.) жазылды.
Тапсырманы орындау кезеңдері
- Асықтарды қолданып әуен шығарыңыз
- Әуеніңізге ырғақ ойлап табыңыз. Қанша нота бар сонша дыбыстан ырғақ кұралу керек.
- Топпен бірге өз әуеніңізді орындаңыз.
Дескрипторлар:
- топта бірігіп жұмыс жасайды;
- нота сызығына ноталарды дұрыс орналастырады - - әуеніне ырғақ ойлап табады
- әуенді дұрыс орындайды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?