Музыка жануарлар мен құстарды қорғайды! Музыка, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Қоршаған ортаны қорғау

3 сабақ

Мектеп: Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Г.Ғ.

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Музыка жануарлар мен құстарды қорғайды!

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.1.1-музыкалық терминдерді пайдаланып, әуеннің жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру;

4.2.1.2 – музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданып, қарапайым музыкалық-шығармашылық

жұмыстарды шығару және импровизациялау;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • «Аққу», «Қасқыр» күйлерін тыңдап, талдауды және салыстырады
  • Қазақ әдеби шығармаларындағы аққу мен қасқырдың образын зерттейді

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • музыкалық шығарманы музыкалық терминдерді пайдалана отырып талдайды және салыстырады

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • тиісті пәндік терминологияны пайдалана отырып, музыканы талқылау және таладай;
  • өз жұмысына түсініктемелер енгізу және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.

Пәндік лексикасы мен терминологиясы

Халық шығармашылығы

Күй

Қыл қобыз

Күйдегі құстар мен жануарлардың бейнесі

Талқылау сұрақтары:

  • Жануарлар мен құстарды қорғау үшін сіздер қандай игі іс жасадыңыз?
  • Қазақ халқы жануарлар мен құстарға неге көптеген күйлер арнаған?
  • Қазақ халқының ауыз екі шығармашылығында қасқыр ана мен аққу бейнесіне қандай рөл берілген?

Құндылықтарды

дарыту

Табиғатты қорғауға тәрбиелеу

Ұжымдық жұмыс жасау, бір-бірінің пікірін құрметтеу

Пәнаралық

байланыстар

Қазақ тілі мен әдебиеті – оқушылар аңыз бен әдеби шығармалардағы аққу мен қасқырдың бейнесі жайлы айтады.

Бастапқы білім

Оқушылар «Заман ай», «Аралым» әндерін тыңдады, табиғат туралы өз әндерін шығарды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Оқушылармен сәлемдесу

1-тапсырма. Талқылау

  • Келесі үндеуді қалай түсінесіз: «Жануарлар мен құстарды қорғаңыздар!»?
  • Оларды кімнен және неге қорғау керек?
  • Жануарлар мен құстарды қорғау үшін сіздер қандай игі іс жасадыңыз?
  • Қазақ халқы жануарлар мен құстарға неге көптеген күйлер арнаған?

Сабақ мақсаты:

  • халық күйлерін тыңдап, талдаймыз және салыстырамыз.
  • қазақ әдеби шығармаларындағы құстар мен жануарлардың образын зерттейді

2-тапсырма. Тыңдалым және талдау

Оқушыларға жұптарға бірігеді.

Мұғалім оқушыларға екі күй тыңдатады.

Екі күй тыңдаған соң жұппен ақылдасып мұғалім сұрағына жауап береді.

  • тыңдалған күй қай аспапта орындалды?
  • қандай құс пен жануарға арналып жазылғанын анықтаңдар.

1 минут ақылдасып өз ойларымен бөліседі.

Сұрақтар

1 күй

2 күй

Тыңдалған күй қандай аспапта орындалды?

Күйді қай жануарға сәйкестендіруге болады? Неліктен?

Күйге атау ойлап тап.

Күйдің музыканық көркемдеуші құралдарын анықтап жаз.

Білім алушы

-күйде ойналған аспапты анықтайды;

-күйдің сипатын анықтайды;

-музыкалық көркемдеуші құралдарды анықтайды;

-екі күйді салыстырады.

Сабақтың ортасы

Жануарлар туралы қандай күйлер тыңдағаныңызды есіңізге түсіріп, атаңыз.

Қазақтың халық күйлерін тыңдаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Аңыз айтатын күйлер қалай аталады?
  • Сіздер қандай жануарлардың дауыстарын естідіңіз?
  • Бұл күйлерді сіз қалай атаушы едіңіз?
  • Күйлердің сипаты қандай?
  • Қасқыр мен аққу бейнелерін қандай көркемдеуші құралдары жеткізеді?

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Бір топқа аққу, бір топқа қасқырдың бейнесін әдеби шығармалардың алатын орнын зерттеу тапсырмасы беріледі.

3-тапсырма. «Мен - күйшімін»

Қандай да бір жануардың немесе құстың дауысын келтіріңіз. Сюжет ойлап тауып, өзіңіздің күйіңізге ат қойыңыз. Дауысты, шулы, соққыш құралды пайдаланыңыз.

Күйдің сюжеты туралы айтып беріңіз, оны орындаңыз.

«Қасқыр» күйі https://www.youtube.com/watch?v=F8idFGLD178

Қазақтың «Аққу» күйі https://www.youtube.com/watch?v=WsCiCRwTrO4

Сабақтың соңы

Рефлексия.

  • Мен бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдым?
  • Сабақ маған несімен қызықты болды?
  • Маған қай тапсырма қиын немесе түсініксіз болды?

Оқушылар топтарда ақылдасып мұғалімнің үш сұрағына ауызша жауап береді.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қажет болған жағдайда оқушыларға қосымша көпіршелер орнату, көмек көрсету.

Дескрипторлар арқылы

Бақылау

Бағалау критерийлері

Сабақ барысында қауіпсіздік ережелерді сақтайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу