Менің елімнің әндері. Музыка, 4 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақ барысын оқушыларға сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырудан бастаңыз.

Музыка тыңдау және талдау.

Әннің түрі: салт-дәстүр, тұрмыстық, халықтық лирикалық, тарихи, төрт-түлікке арналған әндердің ерекшелігі жайында әңгімелеп берімін.

Төрт түлік, төлдері және олардан алынатын өнімдер жайында әңгімелеу.

Б.Бейсенованың әніне және сөзіне жазылған «Тұлпарым» әнін тыңдаңыз және сұраққа жауап беріңіз:

  • Бұл ән не жайында?
  • Әуеннің көңіл-күйі қандай?
  • Бұл ән қандай динамикада және екпінде орындалды.
  • Неліктен?
  • Төр түлікке қандай жануарлар жатады?
  • Төрт түліктің төлін білеміз бе?

«Төлдер » бейнебаянын қараңыз.

Музыка шығару және импровизация.

Берілген өлең жолдарынан бір түліктің өлеңін таңдап алыңыз және оған әуен шығарыңыз.

1. Қой баласы қоңырым,

Қойдан жуас момыным.

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасың.

2. Көк сиыр бұзау туғанда,

Қамап қойдық қораға.

Көк сиыр тұрды мөңіреп,

«Қайда менің балам», деп.

3. Төрт түліктің біріміз,

Түйе деген түріміз.

Желеп-жебеп жүретін

«Ойсылқара» –піріміз.

4. Құрық алып қолыма,

Қамшы салып торыға,

Жылқы айдаймын жайлауда,

Шаң ілеспей соңыма.

Өз шығармаңызға ұрмалы, шулы музыкалық аспаптарды қолдана отырып импровизация жасаңыз және орындаңыз.

Ән үйрену және орындау.

Б.Бейсенованың әніне және сөзіне жазылған «Тұлпарым» әнін үйреніңіз және оны екпіні мен динамикасын сақтап орындаңыз. Әнді канонмен орындаңыз.

Бағалау.

Өзіңіздің және сыныптасыңыздың жұмысын түсініктеме бере отырып бағалаңыз.

-Орындаған кезде не сәтті өтті?

-Нені жақсарту керек?

Рефлексия.

Сабақты мен білдім, білгім келеді, білемін әдісімен аяқтаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу