Мерекеге дайындаламыз. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 – сабақ.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

8 бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»

2 тақырып «Мерекеге дайындаламыз»

Музыкалық сәлемдесу

1. Сыныпты талқылау

- Оқу жылының соңғы сабағын қалай ұйымдастыруға болады?

- Музыкалық конкурс немесе викторинаны қалай ұйымдастыруға болады?

- Ойынның қатысушыларын қандай критерийлер бойынша бағалай аласыз?

- Балалар, биылғы жылы музыкалық сабақтарда не үйренгенімізді еске түсірейік.

 Оқушылар өздері оқыған әндері, тыңдаған музыкасы туралы әңгімелейді, сіздерге оркестр құрғанын айтып береді..

2. Мұғалім оқушыларды 8 топқа біріктіреді. Топқа біріктіру үшін оқушыларға топпен жұмыс жасайтын сегіз топтық орынды алдын ала дайындау керек.

Әр топқа бөлім атауы беріледі.

1-бөлім Тірі табиғат

2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

3 бөлім. Уақыт

4-бөлім Сәулет

5-бөлім Өнер

6-бөлім Атақты тұлғалар

7 бөлім Су – тіршілік көзі

8-бөлім Демалыс мәдениеті. Мерекелер.

3. Идея зерттеу және дамыту. Топтық тапсырма.

  • Осы бөлімде оқығандарыңызды есте түсіріңіз, оқулық және жұмыс дәптерін қолданыңыз. Музыкалық номер үшін бір бағытты таңдаңыз – ол оркестрге, биге арналған әнге немесе музыкаға арналған музыкалық шығарма болсын.
  • Сынып үшін қандай музыкалық нөмірді дайындауға болатынын ойланып, сыныпқа айтып беріңіз.
  • Музыкалық нөмірлерді дайындау жоспарын жасаңыз.

Әр топ өз идеяларымен бөліседі. Дайындалуға кіріспе бастайды.

Бұл тапсырмада оқушылар өзара идея бөлісіп, бір біріне пікір білдіріп ортақ шешімге келуі керек. Мұғалім оқушыларға топтық талқылау кезінде өзара сыйластық болу қажет екенін ескертеді.

Мереке жасайтын топтар үшін үлгілік жұмыс жоспары

1. Музыкалық шығарма таңдаңыз

2. Сіздің мерекеңізге плакат(жарнама) жасаңыз

3. Сіздің музыкалық жұмысыңыз үшін қажетті атрибуттарды алыңыз.

4. Сіздің орындауыңызды қайталаңыз.

Балаларға осы шығармашылық жұмыстарды «Музыка фестивалі» деп аталатын келесі сабақта топтармен көрсететіні туралы айту қажет.

4. Оқушыларға сол уақыттағы болатын мереке туралы ән беру ұсынылады. Оқушылармен бірге әннің әуенін тыңдап орындап, сөздерінің мағынасын ашып бірнеше рет әуені балалардың есінде қалғанынша орындату қажет.

5. Ән орындаудаудан соң оқушыларды төрт топқа біріктіріңіз. Топтарға әр түрлі тапсырма беріңіз.

1 топ - әнді дауыспен орындайды;

2-топ – аспаптардың көмегімен ырғақты орындайды;

3-топ - әуендерді ноталардың түрлі-түсті фишкаларын қолданып шығарады;

4-топ - ноталардың ұзақтығын қолданып әннің ырғағын шығарады;

3-топтың тапсырмасына арнап нота сызығы мен нота дөңгелекшелірн юеру қажет. Оқушыларға әннің и нотасын айтып, көмек көрсету керек. СЕебі ол топтың тапсырамсы басқа топтарға қарағанда күрделірек.

4-топ шапалақтау арқылы ырғақты анықтап, нота ұзақтықтарынан ырғақ құрастырады. Мұғалім ол топқа әннің өлшемін айтып көмек көрсетуі керек.

Тапсырма бойынша бағалау критерийлері:

Әнге импровизация жасау идеясын ұсынады.

Әнді көркемдік бейнені жеткізе отырып орындайды.

Ноталардың түрлі-түсті дөңгілекшелері көмегімен әннің әуенін нота сызығына дұрыс орналастырады.

Оқушыларға бұл тапсырмаға дайындалу үшін 7 минут беріледі. Уақытты таймер арқылы қадағалауға болады.

6. Презентация және бағалау кезінде мұғалім топтардың тапсырмасының әр түрлі болса да әрбір оқушыны топтың жасаған жұмысының дұрыс не қате екеніне көз жеткізуін қадағалау керек. Оқушылар әр топтың жұмысына анализ жасайды, пікір білдіреді.

8. Рефлексия

«Көңіл күй баспалдағы»

Баспалдақ түрінде бейнеленген көңіл-күй:

Біріншісі - өте жаман көңіл-күй.

Екінші - жаман.

Үшінші жақсы.

Төртінші – өз күшіне сенімді.

Бесінші - керемет.

Сабақтың соңында оқушы өзін көңіл-күйі қандай , сол сатыға қояды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу