Суреттерге жан бітті! Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А-бөлім: Менің мектебім | Мектеп: Көкшетау қаласындағы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кенесарина Д.С. | ||||||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Суреттерге жан бітті! | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.3.1 қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшеу 2.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап және оның маңыздылығын түсіне бастап материалдар мен құралдарды пайдалану 2.3.3.1 өз жұмысын жақсарту туралы қысқаша пікірлер ұсыну, қарапайым пікірлер айту | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Өткен сабақтарда жасаған қозғалмалы суреттері бар кітаптың парақтарын біріктіру, қосу, жинақтау,формасын келтіріп безендіру. | ||||||||||
Бағалау дескрипторлары
| Барлық парақтарды жинақтайды; Кітапты көркем безендіреді; Бөлшектерін берік біріктіреді; Жұмысты ұқыпты орындайды. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет көрсету; Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу; Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау; Бір-бірлеріне көмек көрсету. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны олдану. | ||||||||||
Бастапқы білім | Кітаптың соңғы парағын жасау. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 3 мин
| Оқушылармен амандасау. Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару. Оқушылар шеңберге тұрады. Шеңберде тұрған оқушылар бір – бірімен амандасады. Оқушылар сабақтың басындағы көңіл-күйлерін қимылмен көрсетеді, ал қалған оқушылар көңіл-күйді анықтайды. |
| |||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 2 мин 20 мин
| 1-тапсырма: Оқушылар алдыңғы үш сабақта орындаған ашықхаттарын жинақтап кітап жасау керек. Ол үшін ең алдымен бірінші сабақтағы "Білім күніне" жасаған ашықхатына екінші сабақта жасаған "сыныпта сабақ оқып отырған оқушылар" бейнеленген ашықхатты жабыстырады. Содан соң осы жұмысқа шінші сабақта жасаған "Сыңғырла соңғы қоңырау!" атты ашықхатын біріктіреді. Сонда оқушыларда үш парақты шағын кітапша шығады. Осы парақтарды біріктіру барысында: Дескрипторлар:
Сергіту сәті. Бейнематериалдағы қимылдарды қайталап билейді. 2-тапсырма: Оқушылар жасаған кітапшаларын қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, безендіреді. Ол үшін оқушылар қатырма қағаздан қырларын шығарып кітапшының мұқабасын жасайды. Мұқаба парақтардан тым үлкен немесе кішкентай болып қалмауы үшін ең алдымен парақтардың биіктігі мен енін өлшеп алады. Содан соң осы өлшемдерге сай қатырма қағазды өлшейді, белгілейді және қиып дайындайды. Мұқабаның сыртына кітапшаның атауын, қай жылы жасалғанын, қандай кітап екендігіне шағын сипаттама бере ақпараттар жазады. Мұқабаны түрлі-түсті қағаздармен, қарындаштармен, фломастерлермен немесе бояулармен безендіреді. Жұмысты орындау барысында оқушыларға қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін мндетті түрде ескеру қажет. Дескрипторлар:
Жұмысты орындап болған соң барлық жұмыстарды шағын көрмеге шығарып сыныппен қарастыру. Осы сәтте әр оқушы өз жұмысының жақсарту жолдарын ұсынады және қарапайым пікірлер айтады. | Оқушылардың өткен сабақтарда жасаған ашықхаттары, желім, қайшы. https://www.youtube. com/watch?v=Vwa5z BMF_WU Қайшы, желім, қарындаш, бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер.
| |||||||||
Сабақтың соңы 3 мин 2 мин | «Алақан» кері байланыс. Оқушылар қағазға өздерінің қолының суретін салып, әр саусаққа сабақта нені білгенін жазады. Жазғандарын берілген үлгіге сүйене айтады. Әр оқушы өзінің жұмыс орынын жинастырады. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Қосымша тапсырма. Шапшаң немесе өзінің жұмысын берілген уақыттан бұрын орындаған оқушыларға көмек қажет ететін сыныптастарына көмектесулерін ұсыну. | Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы бағалау. | Желім, үшкір және өткір заттармен жұмыс істеу барысында мндетті түрде қауіпсіздік ережесін ескеру. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру