Ойдан шығарған тіршілік иелеріне жан бітті. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4В-бөлім: Қоршаған әлем | Мектеп: Көкшетау қаласындағы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кенесарина Д.С. | ||||||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ойдан шығарған тіршілік иелеріне жан бітті | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.3.3.1 өз жұмысын жақсарту туралы қысқаша пікірлер ұсыну, қарапайым пікірлер айту 2.2.4.1 қауіпсіздік техникасын сақтап және оның маңыздылығын түсіне бастап, материалдар мен құралдарды пайдалану | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Өз жұмысын жақсарту үшін ұсыныстар ұсыну; Қиял-ғажайып тіршілік иесін жасауды жалғастыру және аяқтау. | ||||||||||
Бағалау дескрипторлары
|
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет көрсету; Жұптық және топтық жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсету; Еңбек және шығармашылық; Ынтымақтастық. | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе пәндерімен байланыс | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентацияны көрсету барысында АКТ-ны қолдану | ||||||||||
Бастапқы білім | Қиялдағы тіршілік иесін жасауды бастау. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 минут. | Сабақтың басы. 2 минут. Сабақтың тақырыбын айту және мақсатын қою. Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Ойдан шығарған тіршілік иелеріне жан бітті»-деп аталады. Бүгін біз сабақта:
| Оқушыларды сабақтың мақсатымен және тақырыбымен таныстырған кезде, презентацияның алғашқы бетін ашып қою. | |||||||||
Сабақтың ортасы 2 мин 5 минут 6 минут
20-минут
| Оқушылардан өткен сабақта қандай жұмыс жасағанымызды сұрау. Өткен сабақта әр оқушы өз жұмысына қорытынды жасап, бүгінгі сабақта қандай іс-әрекеттер жасайтынын жоспарлаған болатын. Оқушыларға олардың тіршілік иелерін жасауды жалғастыратындықтарын түсіндіру, алайда оларға тапсырманы жақсы орындау үшін кейбір берілген сұрақтар туралы ойланулары қажет. 1-тапсырма: Жұптық жұмыс: Оқушылар бірге отырған сыныптастарымен жұптаса жұмыс атқарады. Яғни әр жұп өткен сабақта жасаған жұмыстарымен алмасады. Сыныптастар бір-бірінің жұмыстарын жақсарту үшін ұсыныстар ұсынады. Ұсыныстар ұсынған соң әр оқушы өз жұмысын алып, сұрақтарға жауап бере отырып, әрі қарай орындайтын іс-әрекетін жоспарлайды. Оқушыларға сұрақтар қою:
Бағалау дескрипторлары:
2-тапсырма. Шығармашылық жұмыс: Оқушылар өздерінің қиял-ғажайып тіршілік иесін жасауды жалғастырады. Ол үшін жоғарыда сыныптасы ұсынған ұсыныстарды ескере отырып жасайды. Оқушылар текстурамен, ұсақ (көз, ауыз, тіс, тіл, тырнақ) бөлшектермен жұмыс жасайды. Оқушыларға жұмысын аяқтауға қанша уақыт берілгенін ескеру және осы сабақтың соңында өз жұмыстарын аяқтап тапсыру керектігін ескеру.
Бағалау дескрипторлары:
| ||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин 2 минут | Рефлексия: «Алақан» кері байланысы. қағазға өзіңіздің қолыңыздың суретін салып, әр саусаққа сабақта нені білгеніңізді жазыңыз.
Әр оқушы өзінің жұмыс орынын жинастырады. | Презентацияның соңғы беті. | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Сабақ барысында қиыншылықтармен кездескен немесе үлгермей жатқан оқушыларға, тапсырманы уақыттан бұрын орындаған оқушылар көмек көрсете алады. | Оқушылар, әр тапсырманың астында берілген дескрипторлар бойынша бағалайды. | Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу барысында қауіпсіздік ережесін сақтайды. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?