Жанды ойыншықтар. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А-бөлім: Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жанды ойыншықтар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1

материалдар және оларды үйлестіру тәсілдерін анықтай отырып, формалар мен бұйымдардың жасалу жолын және олардың қалай жұмыс істейтінін түсіну

2.1.6.1

өзіндік және жинақталған тәжірибелер

негізінде қабылданған шешімдерді қолдау үшін ақпаратты жинақтай отырып, шығармашылық идеяларын шығару және дамыту

2.1.6.2

идеяларды әртүрлі формаларда көрсетуге болатынын түсіну

 Сабақ мақсаттары

- Пішінмен бұйымның қалай жасалғанын түсінуі.

- Шығармашылық идеяларды дамыту.

- Олардың үйлесу әдістерімен материалдарын анықтау.

 Бағалау критерийлері

-пішін мен бұйымның қалай жасалғанын түсінеді.

- идеяларды әртүрлі формаларда көрсетуге болатынын түсіну

 Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қуыршақ/ойыншық қандай материалдан жасалған?
  • Ол қалай жиналған?
  • Қандай материалдар қолданылды?
  • Материалдар бір-бірімен қалай біріктірілді?

Неге ….. айта аласың ба?

  • … олар көз/бет/дене үшін, ағашты/металды/жіпті қолданғанын

…олар мына жерді желімдеп, мынаны неге тіккенін

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыныптасының пікіріне сыйластықпен қарау.

Құндылықтарды дарыту диалогтік оқыту арқылы жүзеге асады (қуыршақтың құрылымын талқылау, басқада ойыншықтарды).

 Пәнаралық байланыстар

Музыка; ойыншықтарға дауысберу арқылы.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АҚТ технологиясын қолдану дағдылары дамымайды.

Бастапқы білім

Жансыз заттар жайында 1 сыныпта алған білімдеріне біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

- оқушылардың көңілін сабақтың тақырыбына аудару.

- оқушылармен бірге видеоны қарап сабақтың мақсатын анықтау.

- күтілетін нәтиже: оқушылар өздерінің ойыншықтарын жобалап бітіреді

Буратино https://www.youtube.com/watch?v=muqxrIPl560

Сабақтың ортасы

«Буратино». мультфильмін үзіндісін көргеннен кейін сабақ мақсатын тақырыбын анықтайды

Одан кейін оқушылар келесі сұрақтарға жауап береді «Олар қалай қозғалады? Олар неден жасалған? Қалай ойлайсыңдар олар неге олай қозғалады?

Оқушыларды 3 топқа бөлемін

Одан кейін оқушыларға карточкалар жасырамын қуыршақтардың суреттері бейнеленген

1 2 3

(Ж.қ) Оқушылар таңдап алынған ойыншық немесе қуыршақ туралы сұрақ-жауап сайысының сұрақтарына жауап береді: Ойыншықтар қайдан пайда болатынын табыңыз? Ойыншық неше жаста? Оны қайдан білесіздер? Иесі кім? Қандай материалдар қолданылды? Материалдар қалай жинақталған? Ойыншық қалай жұмыс жасайды? Ойыншық қалай жасалған? Ойыншықтың сипаттық ерекшеліктері бар ма? Неге олай ойлайсыңдар?

(Ө) Оқушылар сурет салуға арналған альбомдарында қарапайым ойыншықтың/қуыршақтың нобайын жасайды, оларды мүмкіндігінше қалай біріктірілгені мен жиналғандығын, материалдарын көрсете отырып, , ерекшеліктері мен компоненттерін атайды.

Ойыншық хикаясы. https://www.youtube.com/watch?v=etHr5keTm7Q

Буратино https://www.youtube.com/watch?v=muqxrIPl560

Қуыршақтарды, қолғап қуыршақтарды, оймақ-қуыршықтарды және қарапайым механизмдері бар қуыршықтарды қоса қарапайым ойыншықтар және/немесе қуыршақты (бұрынғы және қазіргі) таңдау.

Сандық камералар

Нобайларға арналған альбом, қағаз

Сабақтың соңы

Оқушылар өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын өздері құрастырған дискрипторлар бойынша бағалайды:

-қарындашпен орындау;

-қағаздың ортасында орналасуы;

-өлшемін дұрыс сақтау;

-ойыншықты бояуы;

-ұқыптылық.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- не білдіңдер, не үйрендіңдер?

- не түсініксіз болды?

- немен жұмыс жасау керек?

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация:

Бұл сабақта оқушылар өздерінің қуыршақтарының нобайларын салуға кірісерде өздерінің шамаларына ыңғайларына қарап таңдап салады

Мұғаліммен бірге жасалған критерилер бойынша өзін-өзі, бір-бірін бағалайды.

Денсаулық сақтау технологиялары интерактивті тақтаны 10 минуттан көп қолданбау.

Сабақта белсенді оқу әрекеті жүреді

Техника қауіпсіздігін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу