Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, презентация.
Мәнерлеп сырғанаушылар жарысында сырғанаушылар жұбына сырғанаудағы мәнері үшін 6 әділ қазылар мүшелері 5,4; 5,2; 4,8; 5,5; 4,7; 5,0 ұпайларын көтерді.
Тақтада (таблода) мәнерлеп сырғанаушылар жұбына орта ұпай - 5,1 ұпай деп көрсетілді? Бұл ұпай қалай есептелінді?Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлашОқу мақсаттары:6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық
ортасы, санды деректердің құлашы,модасының
анықтамаларын білу;
6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды
есептеу.
Бағалау критерийлері:
Көп салаларда мәліметтерді талдау үшін статистиканы қолданады:
Статистика
Әмбебап дүкен
Мемлекет
Бала-бақша
Аурухана
Банктер
Мектептер
ЖОО
Статистика - мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.
«Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды.
Математикалық статистика – статистикалық деректерді өңдеу және талдау әдістерін зерттейтін математика саласы.
Арифметикалық орта, мода және медиана – жинақталған мәліметтерге қатысты барлық сандардың мәнін көрсететін бір ғана санды таңдаудың әр түрлі тәсілдері.
Арифметикалық орта деп таңдау мәліметтерінің барлық сан мәндерінің қосындысын осы мәліметтердің санына бөлгенде шығатын санын айтады.
Мода-ең қарапайым және жеткілікті мәліметтердің орташа сипаттамасы, яғни мода деп таңдауда ең жиі кездесетін мәнді айтады.
Сандар қатарының қарапайым көрсеткіші ең үлкен және ең кіші сандар арасындағы айырымға тең сан құлаш (RВ) болып табылады, яғни
Белгіленуі:
Сабақты қорытындылау.
Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
Неліктен?
Жұмыста нені ескермедіңіздер?
Неліктен?
Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім;
- нені толық түсінбедім;
- немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма:
Туыстар мен отбасы мүшелерінің туылған күндерінің санын бір қатарға жазып, оларға статистикалық санды сипаттамалар есептеу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру