Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Осьтік және центрлік симметрия
Оқу мақсаты: 6.3.2.5 Тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны салу
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі:
Оқушы:
1. симметриялы нүктелердің координаталарын анықтай алады;
2. координаталар басына қарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала алады.
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
І .Ұйымдастыру:
1.Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұптастырып отырғызу. Оқушыларды жұптастырып отырғызу үшін оқушыларға келесіндей карточкалар ұсынуға болады:
1-оқушыға және 2-оқушыға
2. Үй тапсырмасын тексеруді ауызша формада немесе алдын ала слайдқа жазылған жауаптар арқылы тексеруге болады.
3. Білімдерін жинақтау:
а. Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет өтілген материалдарды еске түсіру
б. Әдісі: ауызша сұрақ жауап
в. Ұйымдастыру формасы: ауызша
г. Оқушы: тапсырмаларды ауызша орындайды
д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, бағалайды
е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады, не ескерту беріледі
ж. Мазмұны:
1.Симметрия дегенді қалай түсінесіздер?
2.Симметрияның қандай түрлерін білесіздер?
3.Остік симметрия дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
4.Центрлік симметрия дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.
5.Түзуге қатысты симметриялы нүкте салу үшін не істейміз?
4. Сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне болжай отырып тұжырымдауларын сұрауға болады. Жұмыс жоспарымен таныстырғаннан соң, оқушыларға бағалау критерийлерін құруды ұсынған жөн.
Жаңа тақырыпты меңгерту
1.Жұптық жұмыс
а. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгеру
б. Әдісі: жұптық жұмыс
в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша
г. Оқушы: тапсырмаларды нұсқаулыққа сәйкес орындайды, қорытындылайды
д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы қорытынды жасауға жетелейді.
е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады
ж. Мазмұны: (Қосымша1)
Оқушылар Тапсырма 1 орындап болғаннан соң мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударып осы тапсырманы фронтальді түрде бір қорытындылап алғаны дұрыс, слайдта көрсетуге болады. Мұнда өзара симметриялы нүктелер координата бас нүктесінен бірдей қашықтықта орналасатыны және бір түзудің бойында жататыны айтылуы тиіс.
Тапсырма 1.
Келесі суреттерде қай фигуралар координата басына қарағанда симметриялы болады? Жауаптарыңызды сызбада дәлелдеп көрсетіңіздер:
1. 2.
3. 4.
5.
Жауаптары:
1)иә 2)жоқ
3)иә 4)жоқ
5)
Тапсырма 2.
1. Координаталық жазықтықта берілген фигуралар координата басына қарағанда симметриялы болатынын сызбада көрсетіңдер.
2. F фигурасының барлық нүктелерінің координаталарын анықтап, кестенің бірінші қатарына жазыңдар;
3. F1 фигурасының барлық нүктелерінің координаталарын анықтап, кестенің екінші қатарына жазыңдар;
4. Екі фигуранын сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз;
5. Қорытындылаңыз;
Жауабы:
F фигурасының төбелерінің координаталары | А(2; 1) | В(2; 3) | С(4; 4) | D(6; 3) | Е(6; 1) |
F1 фигурасының төбелерінің координаталары | (-2; -1) | (-2; -3) | (-4; -4) | (--6; -3) | (-6; -1) |
Тапсырма 3
Сызба сызбай-ақ А(3;2), В(3;-2), С(-4;0) нүктелерін координаталар басына қатысты симметриялы көшіргенде пайда болатын нүктелердің координаттарын анықтап көріңіздер.
Жауабы: А1(-3;-2), В1(-3;2), С1(4;0)
2.Жұптық жұмысты қорытындылау:
а. Мақсаты: Жұптардың жұмыстарына ой түйін жасау, қорытындылау
в. Әдісі: фронтальді жұмыс, сұрақ-жауап. Соңғы қорытқы тұжырымды презентация арқылы көрнекі түрде көрсетуге болады.
г. Ұйымдастыру формасы: ауызша
д. Оқушы: қорытындылайды
Мұғалім: оқушының қорытындысының математикалық тілде сауатты айтылуын қадағалайды
Қорытынды: Координаталар басына симметриялы екі нүктенің сәйкес абсциссасы мен ординаталары өзара қарама-қарсы болады.
3.Көзге жаттығу
4.Тақырыпты бекіту
а. Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту
б. Әдісі: жұптық жұмыс
в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша
г. Оқушы: бүгінгі алған білімдерін пайдаланып, тапсырмаларды орындайды,
д. Мұғалім: жұптардың жұмысын бақылап, кері байланыс береді.
е. Нәтижені бағалау: оқушылардың дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі бағалауы арқылы жүзеге асады, мұғалім тарапынан ауызша марапатталады.
ж. Мазмұны: (Қосымша 2)
№1. Координата бас нүктесіне қарағанда А нүктесіне симметриялы болатын А1 нүктесін сал, қалай анықтағаныңды түсіндір.
Алдағы мүмкін болатын қателерді болдырмау мақсатымен №1 есептің жауабын талқылап алу маңызды. Ол үшін бірнеше жұптан сызбаны қалай жүргізгендігі туралы ашып айтуларын сұрауға болады.
Жауабы:
№2. Келесі фигураларға координаталар басына қатысты симметриялы болатын фигураларды сызып көрсет;
а) ә)
б) в)
Дескрептор:
- координаталар басына қарағанда симметриялы нүктені сала алады;
-координаталар басына қарағанда симметриялы фигураны сала алады.
Жауабы:
а) в)
№3.Келесі нүктелерге координата басына қатысты симметриялы болатын нүктелердің координаталарын жазыңдар:
А(5;6), В(-3;6), С(-9;-7), Е(1, 0), Н(7;7), К(0; -5), М(-4;-1).
Дескрептор:
- координаталар басына қарағанда симметриялы нүктелердің арасындағы қатынасты тұжырымдай біледі;
-нүктеге координаталар басына қарағанда симметриялы болатын нүктенің координатасын анықтайды.
Жауабы: А1(-5;-6), В1(3;-6), С1(9;7), Е1(-1, 0), Н1(-7;-7), К1(0; 5), М1(4;1).
Қосымша есеп: (Қосымша 3) сұлбасын сызу жеткілікті.
№4. Келесі қисыққа координата басына қатысты симметриялы болатын қисық сыз:
а) ә)
б)
Дескрептор:
- координаталар басына қарағанда симметриялы нүктені сала алады;
-координаталар басына қарағанда симметриялы фигураны сала алады.
Жауабы:
а) ә) б)
Сабақты қорытындылау үшін келесі сұрақтарды пайдалануға болады:
1.Сабақтың мақсаты қандай болды?
2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек еді?
3.Сабақ мақсатына жеттіңдер ма?
4. Неліктен олай ойлайсыңдар?
Сабақ соңында оқушылардан жазбаша рефлексия алуда келесі сұрақтарды пайдалануға болады:
- тақырып бойынша не білемін?
- не істей аламын?
- тағы не білгім келеді?
Үйге тапсырма: Координата басына қарағанда өзара симметриялы болатын екі қисық сызық және екі фигураның суретін салыңдар.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
- 1. «Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015
- 2. «Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин
- Bilimland.kz
- www.onlinemath4all.com
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру