Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Осьтік және центрлік симметрия

Оқу мақсаты: 6.3.2.5 Тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны салу

Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).

 Бағалау критерийі:

Оқушы:

1. Берілген нүктеге координаталық осьтерге қарағанда симметриялы нүктенің координатасын анықтай алады;

2. Координаталық осьтерге қарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала алады;

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

1 .Ұйымдастыру:

Оқушылармен сәлемдесу; Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды жұптастырып отырғызу.

Әдісі: осьтік симметриясы бар суретті немесе координаталық жазықтықта бейнеленген фигураның суретін осі бойынша қырқып жұптастыруға болады.

2. Үй тапсырмасын тексеру: (4 минут)

Есептердің жауаптары ауызша тексеріледі.

3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

4.Білімдерін жинақтау: Ауызша жаттығу (3 минут)

а. Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет өтілген материалдарды еске түсіру

б. Әдісі: ауызша сұрақ жауап

в. Ұйымдастыру формасы: ауызша

г. Оқушы: тапсырмаларды ауызша орындайды

д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, бағалайды

е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады, не ескерту беріледі

ж. Мазмұны: презентацияда көрсетіледі

Сұрақтары:

1. Екі координаталық түзу координаталық ... ты құрайды (жазықтық)

2. Координаталық түзу – бұл координаталық … (ось)

3. Екі координаталық түзу қиылысқанда қандай бұрыш пайда болады? (тік)

4. Жазықтықта нүктені аңықтайтын сандар жұбы қалай аталады? (координата)

5. Нүктенін бірінші координатасы қалай аталады? (абсцисса)

6. Нүктенін екінші координатасы қалай аталады? (ордината)

7. Координаталық жазықтық координаталық түзулерімен неше бөлікке бөлінеді? (төрт)

5.Жаңа тақырыпты меңгерту. Жұптық жұмыс (10 минут)

а. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгеру

б. Әдісі: жұптық жұмыс

в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша

г. Оқушы: тапсырмаларды нұсқаулыққа сәйкес орындайды, қорытындылайды

д. Мұғалім: жұмыс басында мұғалім оқушылармен фронтальді жұмыс жүргізеді. Берілген тапсырмаларда екі өзара симметриялы фигуралардың берілгендігін айтады. Оқушылардан осы екі жағдайдың әрқайсысында симметрия осін анықтауды сұрайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарын ескере отырып берілген тапсырманың мақсатын түсіндіріп өтеді және жұмыс соңында оқушылар ох және оу осьтеріне қарағанда симметриялы екі нүктенің координаталары немен ерекшеленетінін айтатындарын ескертеді. Жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылайды, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы қорытынды жасауға жетелейді.

е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады

ж. Мазмұны: (Қосымша 1)

Тапсырма 1.

Суретте екі бірдей фигура бейнеленген, бірақ орналасуы әр түрлі. Егер бетті ордината осі бойынша бүгсе, онда суреттер беттеседі. Бұл жағдайда, фигураларды ордината осіне қарағанда симметриялы деп айтады.

1. Нүктелерді 1 ден 17 дейін нөмірлендер;

2. Сол жақтағы фигураның барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін бірінші қатарына жазыңдар;

3. Оң жақтағы фигураның барлық нүктелерінін координаталарын анықтап кестенін екінші қатарына жазыңдар;

4. Екі фигуранын сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз;

5. Қорытындылаңыз.

Жауабы:

Тапсырма 2.

Суретте көбелек бейнеленген. Егер бетті абсцисса осі бойынша бүгсе, онда суреттін жоғарғы және төменгі бөліктері беттеседі. Бұл жағдайда, абсцисса осі фигуранын симметрия осі болады, ал жоғарғы және төменгі бөліктер абсцисса осіне қарағанда симметриялы деп айтады.

1. Екі бөлігінің сәйкес нүктелерін1 ден 18 дейін нөмірлеңдер;

2. Фигураның жоғарғы бөлігінің барлық нүктелерінің координаталарын анықтап кестенің бірінші қатарына жазыңдар;

3. Фигураның төменгі бөлігінің барлық нүктелерінің координаталарын анықтап кестенін екінші қатарына жазыңдар;

4. Екі бөліктің сәйкес нүктелерінің координаталарын салыстырыңыз;

5. Қорытындыланыз.

Жауабы:

6. Жұптық жұмысты қорытындылау: (3 минут)

а. Мақсаты: Жұптық жұмыстарына ой түйін жасау, қорытындылау

в. Әдісі: жұптық жұмыс

г. Ұйымдастыру формасы: ауызша

д. Оқушы: қорытындылайды

Мұғалім: оқушының қорытындысының математикалық тілде сауатты айтылуын қадағалайды.

Қорытынды:

1. ОУ осіне қарағанда симметриялы фигуралардың нүктелерінін ординаталары өзгермейді, ал абсциссалары қарама-қарсы болады.

2. ОХ осіне қарағанда симметриялы фигуралардың нүктелерінін абсциссалары өзгермейді, ал ординаталары қарама-қарсы болады.

7.Көзге жаттығу

8.Практикалық тапсырма (12 минут)

а. Мақсаты: жаңа тақырыпты бекіту

б. Әдісі: жұптық жұмыс

в. Ұйымдастыру формасы: жазбаша

г. Оқушы: бүгінгі алған білімдерін пайдаланып, тапсырмаларды орындайды

д. Мұғалім: тапсырмалардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс жасайды

е. Нәтижені бағалау: тек ауызша марапатталады

ж. Мазмұны: (Қосымша 2)

№1. Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз:

Жауабы:

№4. Абсцисса осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз:

Жауабы:

№2.а) Абсцисса осіне; б) ордината осіне қарағанда А(0; 1), В (3; - 1), С(0; -2) нүктелеріне симметриялы нүктелерінің координаталарын табыңдар.

№3. Берілген нүкте мен үшбұрышқа симметриялы фигураларды салыңыз. . Қандай әрекеттер жасағаныңызды айтып түсіндіріңіздер.

Нұсқаулық:

1.Нүкте және үшбұрыш сызыңыздар;

2.Кез келген жерден түзу сызыңыздар;

3.Нүктені және үшбұрышты осы түзуге байланысты симметриялы көшіріңіздер.

№3 тапсырма нәтижесінде оқушыларға түзуге қатысты симметриялы нүктені, фигураны салу алгоритмін құрғызуға болады.

Ескерту: Жекелеген оқушыларға №4 есептің шартын өзгертіп, ордината осіне қарағанда симметриялы фигура тұрғызуға тапсырма беруге болады.

9. Жұптық жұмысты қорытындылау: (2 минут)

а. Мақсаты: Жұптық жұмыстарына ой түйін жасау, қорытындылау

в. Әдісі: жұптық жұмыс

г. Ұйымдастыру формасы: ауызша

д. Оқушы: қорытындылайды

Мұғалім: оқушының қорытындысының математикалық тілде сауатты айтылуын қадағалайды.

10.Сабақты қорытындылау үшін келесі сұрақтарды қоюға болады

1.Сабақтың мақсаты қандай болды?

2.Сабақтың мақсатына жету үшін нені білу керек?

3.Нені түсінбедіңдер?

11. Сабақ соңында оқушылардан рефлексия алу және өзін-өзі бағалау парағын толтырту

- тақырып бойынша не білемін?

- тағы не білгім келеді?

- не істей аламын?

Өзін-өзі бағалау үшін келесі сұрақтарды ұсынуға болады:

а) координаталық осьтеріне қарағанда симметриялы нүктелердің координаталарын анықтай аламын/ анықтауда қиналамын/анықтай алмаймын

б) тікбұрышты координаталар жүйесінде координата осьтеріне қарағанда симметриялы нүктені және фигураны сала аламын/ салуда қиналамын/ сала алмаймын

12.Үйге тапсырма:

Ордината осіне қарағанда берілген фигураға симметриялы фигураны тұрғызыңыз.

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • 1. «Математика» оқулығы 6 сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланов, А. «Атамұра» 2015
  • 2. «Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин
  • Bilimland.kz
  • www.onlinemath4all.com


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу