Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.14

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
  • Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;
  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;
  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар. Қазір бәріміз алдарыңыздағы қағазға өз есімдеріңізді жазып, оған бастапқы әріптен басталатын бір сын есімін қосасыздар. Мәселен, «Айгуль» есімі «А» әрпінен басталады, яғни «алғыр» (немесе «ақылды», «айбынды», «асқақ», «айлалы», «арынды», т.б.) («думанды», «дарынды», «даңқты») («байсады», «берекелі», «бақытты») (еңді, жалынды, сабырлы, сымбатты).

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру.

Психологиялық ахуал

Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.Есепсіз өмір деген мазмұнсыз - ау,Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

Сыныпты топтарға бөлу.

Киімдер бейнеленген карточкалар ұсыну. Оқушылар таңдаған киімдерге сай топтарға бөлінеді.

Топқа арналған ереже:

  • белсенді болу;
  • шыдамдылық таныту;
  • достық қарым-қатынаста болу;
  • бір-бірінің ойын сыйлау;
  • басқа адамды тыңдай білу;
  • барлығын бірге жасау;
  • ынтымақтастықта жұмыс жасау.

Сабақты бастамас бұрын өткен сабаққа саяхат жасайық. Өткен сабақта сіздер не өттіңіздер?

«Ой шақыру»

С-1. түріндегі сызықтық теңсіздіктерді қалай шешеміз.

С-2. Алгебралық түрлендірулердің көмегімен теңсіздіктерді , түріндегі теңсіздіктерге қалай келтіреміз.

С-3. Теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде қалай кескіндейміз, мысал келтіру.

С-4. Теңсіздіктердің шешімдерін сан аралығына қалай белгілейміз, мысал келтір.

С-5: Берілген сан аралығын теңсіздік түрінде қалай жазамыз, мысал келтір.

ІІ. «Қай топ тез» Жан – жақты білімдерін тексеру. Шапшаңдыққа берілген есептер. Оқушылардың өткен сабақ бойынша оқу мақсатын меңгеруін бақылау.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

ІV топ

Берілген сан аралықтары бойынша не білесің?

[ -5; 1]

( 0;12]

(; -0,8]

(-2; 2,5)

[ 1; 5]

[3; 7]

( 1;8)

(5; 10)

[ -7; 0]

[-3; 5]

;10)

-;6)

2х-1

А) (

Ә) (-1;+

Б) (

В) (

Х+34

А) (

Ә) (-1;+

Б) (

В) (

3х-15

А) (

Ә) (-1;+

Б) (

В) (

2-х0

А) (

Ә) (-1;+

Б) (

В) (

Жақсы шығарған оқушыларды, топтарды немесе орындарынан тез есептеген оқушыларды мадақтау немесе әр түрлі смайликтермен мадақтау.

Сіздердің айтқандарыңызды қорытындылай келе, бүгінгі сабағымыз қалай өтетіндігіне мақсат қояйық.

Жаңа сабақ

Бірайнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу

Бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз – жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысын тура теңсіздікке айналдыратын айнымалының мәндері.

Жүйедегі теңсіздіктердің барлығына ортақ шешімдер жиыны жүйенің шешімдері болады.

Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктердің шешімдерін табу үшін:

  • жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табу керек;
  • табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндеу керек;
  • координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табу керек немесе бірде бір шешімі болмайтынын дәлелдеу керек.

Жүйедегі теңсіздіктердің шешімдері жиындарының қиылысуы жүйенің шешімдері болады.

https://www.youtube.com/watch?v=gELE-VRTlcY сайт бойынша жаңа сабақтың түсіндірілуін және мысалдарды қарастыру.

Оқушылардың білімін пысықтау мақсатында топтық жұмыста тапсырмалар беру. Топтар бір-бірінің жұмыстарын дескриптормен және дайын жауаппен тексеріп, бағалайды.

Топтық жұмыс

1 топ

№1061. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

№1068. Қос теңсіздіктің шешімдерін шешіңдер:

2 топ

№1061. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

№1068. Қос теңсіздіктің шешімдерін шешіңдер:

3 топ

№1061. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

№1068. Қос теңсіздіктің шешімдерін шешіңдер:

4 топ

№1061. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

№1068. Қос теңсіздіктің шешімдерін шешіңдер:

Дескриптор:

  • Қос теңсіздікті теңсіздіктер жүйесінде жазады;
  • жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін табады;
  • табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндейді;
  • координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін табады.

Топтық жұмыс болғаннан соң оқушылармен сергіту сәтін жүргізу.

Сергіту сәті

«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында өзбеттік жұмыстар жүргізу.

Өз беттік жұмыс

№1062. Теңсіздіктер жүйесін шешіңдер:

1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Өз беттік жұмыс аяқталғаннан соң, топта отырған оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын дайын жауап бойынша тексереді. Әр топ топтық жұмыстар бойынша жалпы қорытынды жасайды

Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №1054 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия: «Бағдаршам» әдісі

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу