Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.14

бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің анықтамасын біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңсіздікті шешудің алгоритмін біледі;
  • Жүйедегі теңсіздіктердің әрқайсысының шешімдерін таба алады;
  • Табылған шешімдерді бір координаталық түзуде кескіндей біледі;
  • Координаталық түзуден жүйедегі теңсіздіктердің ортақ шешімдерін таба алады.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал

«Мен елімді сүйемін»

1. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

2. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

3.Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

4.Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

5.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

6.Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар! 

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

«Бүгінгі сабағымызға сәттілік тілейміз!»

Оқушыларға төмендегі сұрақтар қою арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттырамыз.

- Балалар, бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерің көтеріңкі ме? (Иә)

- Жұппен жұмыс істеу білім алуларыңа көмектесе ме? (Иә)

- Есептер шығаруда достарыңның көмегі қажет пе? (Иә)

Олай болса, бүгінгі сабаққа бәрімізге сәттілік тілеп, сабағымызды бастайық.

Сабақты бастамас бұрын өткен сабаққа саяхат жасайық. Өткен сабақта сіздер не өттіңіздер? Сұрақтарға жауап бере отырып өткен сабақты пысықтау. Оқушылар сұрақтарға жеке парақшада жауап береді. Уақыт аяқталғанда қаламдарын қойып, кім неше сұраққа жауап бергені тексеріледі.

«Кім көп біледі»

С-1: Қандай сан аралығын білесіңдер?

С-2: Қандай сан аралығы интервал деп аталады? Мысал келтір.

С-3: Қандай сан аралығы кесінді деп аталады? Мысал келтір.

С-4: Қандай сан аралығын А және В аралықтарының қиылысуы деп атайды? Мысал келтір.

С-5: Қандай сан аралығын А және В аралықтарының бірігуі деп атайды? Мысал келтір.

С-6: Қандай жағдайда сан аралықтарының қиылысуы бос жиын болады? Мысал келтір.

С-7: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтамыз? Мысал келтір.

С-8: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктің шешімі деп нені айтамыз?

С-9: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу алгоритмі қалай ?

С-10: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімі дегеніміз не?

С-11: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімдерін қалай табуға болады?

Жақсы жауап берген оқушыларды мадақтау немесе әр түрлі смайликтермен мадақтау.

Сіздердің айтқандарыңызды қорытындылай келе, бүгінгі сабағымыз қалай өтетіндігіне мақсат қояйық.

Мақсатымыз: Бірайнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін шешу

Оқу мақсатын меңгеру мақсатында жұптық тапсырма беру. Оқушылар орындарында отырып орындайды, түсінбеген тапсырмаларын бір-бірінен көмек алып шығарады.

Жұптық жұмыс

І жұп

№1. Теңсіздікті шешіңдер:

№2. Теңсіздіктерді шешіп, дұрыс жауабын табыңыздар:

шешімдері

теңсіздіктер

балл саны

2 балл

+

3 балл

+

2х+5<x+3

4 балл

+

5 балл

+

ІІ жұп

№1. Теңсіздікті шешіңдер:

№2. Теңсіздіктерді шешіп, дұрыс жауабын табыңыздар:

шешімдері

теңсіздіктер

балл саны

2 балл

+

3 балл

+

7+3х>x-1

4 балл

+

5 балл

+

Бағалау: Тапсырмалары бірдей қатар отырған жұптар бір-бірінің жұмыстарын дайын жауап бойынша тексереді және бағалайды.

Жұптық жұмыс болғаннан соң оқушылармен сергіту сәтін жүргізу.

Сергіту сәті

«Көңіл-күйімізді жаттықтыру»

Мұғалім: Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.

  • Қабағы түйілген, ашулы адамның кейпі;
  • Қасқырдан қорыққан қоянның;
  • Ұядан түсіп қалған балапанының;
  • Мысықтың қорыққан тышқанның;
  • Иттен қорыққан баланың бет-әлпеті;
  • Жылап тұрған адамды көрсету;
  • Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету;
  • Өлең айтып тұрған адамнын сезімін көрсете білу.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында жеке жұмыстар жүргізу. Деңгейлік тапсырмалар беру.

Жеке жұмыс

А - деңгейі

В - деңгейі

С - деңгейі

Жеке жұмыс аяқталғаннан соң, топта отырған оқушылар бір-бірінің тапсырмаларын дайын жауап бойынша тексереді. Әр топ топтық жұмыстар бойынша жалпы қорытынды жасайды

Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №1058 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия: Алдарыңда тұрған стикерлерге бүгінгі сабақтан алған өз ой-пікірлеріңді жазып, тақтадағы қоржындарға жапсырамыз.

«Білім қоржыны»

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу