Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.4

түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің арақашықтығын пайдалана алады;

  • Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын пайдалана алады;

  • Есептеулерде санның модулінің қасиеттерін пайдалана алады;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру.

Психологиялық ахуал

Өмірде ойлап тұрсаң, бәріде есеп,Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп.Есепсіз өмір деген мазмұнсыз - ау,Дүниенің бар тұлғасы есеп десек.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

«Кім жылдам?» ойыны. Шапшаңдыққа берілген есептер. Оқушылардың өткен сабақ бойынша оқу мақсатын меңгеруін бақылау. Айнымалысы модуль таңбасы астында болатын бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешудің қасиеттерін меңгеруін бақылау.

жауаптар

теңдеуді шешу

5

-3; 3

-1; 2,5

-8; 8

Жақсы шығарған оқушыларды немесе орындарынан тез есептеген оқушыларды мадақтау немесе әр түрлі смайликтермен мадақтау.

Оқушылардың білімін пысықтау мақсатында жұптық жұмыста тапсырмалар беру. Жұпта отырған оқушылар бір-бірінің жұмыстарын дескриптормен және дайын жауаппен тексеріп, бағалау.

Жұптық жұмыс

№1

Теңдеуді шешіңдер:

а) ; б) ; в) .

Жауаптары: а) шешімі жоқ; б) -5; 9. в) 3; -1

Дескриптор: Білім алушы

- теңдеудің шешімі бар жоқтығын анықтайды;

- модульдік теңдеуден сызықтық теңдеуге көшеді;

- рационал сандарға амалдар орындайды;

- модулі бар теңдеудің түбірін табады.

№ 2

Теңдеуді шешіңдер:

; Жауабы: -4; 4; 0.

Дескриптор: Білім алушы

- сыртқы модульді ашады;

- ішкі модульді ашады;

- модульдік теңдеуден сызықтық теңдеуге көшеді;

- модулі бар теңдеудің түбірін табады.

Жұптық жұмыс болғаннан соң оқушылармен сергіту сәтін жүргізу.

Сергіту сәті

«Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі

Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады.

Сергіту сәті аяқталғаннан соң оқушылармен оқу мақсатын меңгеруін тексеру мақсатында өзбеттік жұмыстар жүргізу. Оқушылар өз жұмыстарын дескриптор және дайын жауаптар арқылы тексереді.

Өз беттік жұмыс

1-тапсырма

Теңдеуді шешіңіз: ; Жауабы: -1.

2-тапсырма

Теңдеуді шешіңіз: ; Жауабы: шешім жоқ.

3-тапсырма

Теңдеуді шешіңіз: Жауабы: 0,5.

Дескриптор: Білім алушы

- түрлендірулерді орындайды;

- сызықты теңдеулерге көшеді;

- сызықтық теңдеулерді шешеді;

- теңдеу түбірлерінің санын табады;

- есептің жауабын негіздейді.

Өз беттік жұмыс талданып аяқталғаннан соң, әр оқушы өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, жауаптарын дескриптор және дайын жауап бойынша тексереді, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма:Оқулық бойынша №932 есеп.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия: «Парталас көршіңе бір сөз таңда»

  • Сен жарайсың.
  • Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.
  • Сенің мүмкіндігің оданда зор.

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу