Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу»

Сабақтың мақсаты:

6.2.2.2 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің, мәндес теңдеулердің анықтамаларын білу;

6.2.2.3 бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын біледі;
  • Мәндес теңдеудің анықтамасын біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
  • Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шеше біледі.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал:

«Сіздің көңіл күйіңіз қандай?»

Мақсаты: оқушылар көңіл күйін білу.

1а) Интерпритация. Оқушылар өздері әртүрлі түсті айтады, сол бойынша сол оқушының қандай көңіл күйде отырғанын анықтайды.

Қызыл - қуанышты көңіл күй,

Алқызыл - ұнамды көңіл күй,

Сары - жағымды көңіл күй,

Көк - суық көңіл күй,

Қоңыр - қиналған көңіл күй,

Күлгін - алаңдаушы көңіл күй,

Қара - күш қуаттың төмендеуі,

Ақ - анықталмаған көңіл күй.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

Оқушыларға өткен тақырыптарды қайталау мақсатында ауызша тапсырмалар беріледі.

Ауызша тапсырмалар

1.Көп нүктенің орнына сандарды, ал жұлдызшаның орнына «+» ж»не «-» таңбаын қойыңдар.

а) (*5) + (*7) = 2; b) (*8) – (*8) = (*4) – 12;

c) (*9) + (*4) = -5; g) (-15) – (*…) = 0;

d) (*8) + (*…) = - 12; e) (*10) – (*…) = 12.

Жауабы: а) (-5) + (+7) = 2; b) (-8) – (+8) = (-4) – 12;

c) (-9) + (+4) = -5; g) (-15) – (-15) = 0;

d) (-8) + (-4) = - 12; e) (+10) – (-2) = 12.

2. Берілген теңдеуге мәндес теңдеу жазыңдар:

а) x – 7 = 5; b) 2x – 4 = 0;

c) x – 11 = x – 7; d) 2(x – 12) = 2x – 24.

Оқушыларға теңдеуді шешу алгоритмін меңгеруін бақылау мақсатында сайт бойынша есептер беріледі. Қатар отырған оқушылар бір-бірін дайын жауап бойынша тексеріп, бағалайды.

Өз беттік жұмыс

https://www.yaklass.ru/p/algebra/7-klass/matematicheskii-iazyk-matematicheskaia-model-11008/lineinoe-uravnenie-s-odnoi-peremennoi-9113

Берілген ресурс бойынша есептерді орындау.

№1. Теңдеудің түбірін табыңдар: 7x=9. Ж:

№2. Теңдеудің түбірін табыңдар:  y=12. Ж: 36.

№3. Теңдеудің түбірін табыңдар:  5(x+12)=0. Ж: - 12.

№4. Теңдеудің түбірін табыңдар: y= - 4. Ж: - 12.

№5. х – тің қандай мәнінде өрнегінің мәні нольге тең болады? Ж: - 12.

№6. Теңдеудің түбірін табыңдар: y+5,5=24,4. Ж: 18,9.

№7. -5 саны мына теңдеудің түбірі бола ма: y-5=0. Ж: Жоқ.

№8. 2 саны мына теңдеудің түбірі бола ма: 14−7y=0. Ж: Ия.

№9. Теңдеудің түбірін табыңдар: 3⋅y−3=−14+. Ж: - 22,5.

№10. Теңдеудің түбірін табыңдар: 13-0,1f=11. Ж: 20.

№11. Теңдеудің түбірін табыңдар:  2,2−6+(0,23m)=11+2,2−0,27m. Ж: 34.

№12. Теңдеудің түбірін табыңдар:  . Ж: 9.

Сынып оқушыларын түс (қызыл, жасыл, көк) бойынша 3 топқа бөлу. Топтарға ортақ тапсырма беріп, қай топтың тез есептеу қабілеттерінің жоғары екеніне жарыстыру.

Берілген теңдеулерді шеше отырып, белгісіз х, у – тің мәндерін тауып, координаталар жазықтығында салу. Салынған нүктелерді қосып, не шығатынын анықтау.

Топтық жұмыс

1. 3(х – 5) + 10 = 2(3 + х) – 14; (х; 1); Ж: (-3;1)

2.1,2(2х – 4) + 0,6 = 3х – 3,6; (х; 1) Ж: (-1;1)

3. 16у – 4 = 12у + 8; (–1; у) Ж: (-1;3)

4. 5(7 – 2х) + 13 = 9х + 48; (х; 3) Ж: (0;3)

5.4(3 – 7у) + 10 = –10у – 86; (–1; у) Ж: (-1;6)

6. 6у – 72 = 4у – 56; (0; у) Ж: (0;8)

7. 5х + (13,4 – 2х) = 16,4х; (х; 5) Ж: (1;5)

8. 12 – (4х + 5) = 7 + х; (х; 3) Ж: (0;3)

9. 5(2х – 3) + 11 = 6х; (х; 3) Ж: (1;3)

10. –2(7 – у) + 13 = у; (1; у) Ж: (1;1)

11. 5 – 3(2х – 1) = 4х – 22; (х; 1) Ж: (3;1)

12. 1,2х – 7 = 6х – 16,6; (х; 0) Ж: (2;0)

13.2(1,2у + 5) – 1 = 2у + 6,6; (2; у) Ж: (2; -6)

14. 1,7х + 0,9 = 2х; (х; –7) Ж: (3;-7)

15. 9 – 2(х + 4) = 2х + 13; (х; –7) Ж: (-4;-7)

16. –4(2 + 3х) + 11 = –15х – 3; (х; –6) Ж: (-2;-6)

17. 5у + 12 = –3у + 12; (–2; у) Ж: (-2;0)

18. 0,2(3у + 2) = 2,6у – 1,6; (–3; у) Ж: (-3;1)

Оқушылар топтық жұмыс тапсырмаларын орындап болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын тізбектеле отырып тексереді және қалай орындалғанын бағалайды.

Уақыт аяқталғаннан соң, сергіту сәтін жүргізу.

Сергіту сәті.

«Еден-төбе-мұрын» әдісі

Мұғалім сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе» , «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Мұғалім кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.

Келесі топқа тағы да тапсырма беріледі. Теңдеудің түбірлерін табудың жағдайларына тапсырмалар беріледі, оларды шығара отырып, түсіндіреді. Уақыт аяғында әр топ өз орындаған тапсырмаларын ортаға салып, топ мүшелері бірін соң бірі түсіндіреді. Қалған топтар орындарында отырып жазады, сұрақтары болса, қойып өз жауаптарын алады.

1 топ

№1. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар. 2x – 5 = 2(x+0, 5)Жауабы: a = 0 b ≠ 0, теңдеудің шешімі жоқ.№2. Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.2(3x - 5)- 3(x - 5) = x6x + 10 - 3x – 15 = x6x - 3x – x = - 10+152x = 25x = 25: 2x = 12, 5.

2 топ

№1. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар. 3, 5(2x – 1) = 3x – 3, 5Жауабы: a≠0 b=0, теңдеудің түбірі 0 - ге тең.№2. Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар.8y -(5y - 4) = 228y+5y+4 = 228y+5y = 22+413y = 26y = 26: 13y = 2.

3 топ

№1. Теңдеуді шешіп, коэффициенті мен бос мүшесінің қасиеттерін айтыңдар. 4, 2(x – 1) = 0,2(x+4)Жауабы: a ≠ 0 b ≠ 0, теңдеудің түбірі b/a - ға тең.

№2. Төмендегі есепті шығаруда кеткен қателіктерді анықтаңдар. – 1, 5(- 4x - 6) = 19+x- 6x+9 = 19+x- 6x – x = 19 - 9- 5x = 10x = 10:(- 5)x = - 2.

Топтық жұмыс аяқталғаннан соң, топтар өз орындаған тапсырмалары бойынша тұжырымдайды, қорытынды жасайды. Содан соң үйге тапсырма беріледі.

Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма: Теңдеуді шешудің үш жағдайына есептер құрастыру.

Содан соң бүгінгі сабақты қорытындылап, оқушылар оқу мақсатын қалай меңгергендігі туралы өз ой – пікірлерін айтады.

Рефлексия:

«МЕН ҮШІН БҮГІН САБАҚТА»

Оқушыларға жеке парақша беріледі, олар үш бағыт бойынша өз жұмысы бойынша қажет сөздің астын сызу керек.

Сабақ

Мен сабақта

Қорытынды

1. қызық

1. жұмыс істедім

1. материалды түсіндім.

2. қызықсыз

2.демалдым

2. білетінімнен де көп білдім.

3.енжарлық басым

3.басқаларға көмектестім.

3.түсінбедім

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

  • Математика, 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған,

Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу