Рационал сандарды көбейту. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурсеитова З.Р.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды көбейту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.15

рационал сандарды көбейтуді орындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды көбейтуді орындайды;
  • ауызша көбейте білу машықтарын дамытады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • рационал сандарды кобейтуді орындайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;
  • рационал сандарды көбейтуді ауызша айқындайды;
  • рационал сандарды көбейту ережелерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • рационал сан;
  • санның модулі;
  • таңбалары бірдей сандар;
  • таңбалары әртүрлі сандар;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңбалары әртүрлі сандарды көбейту үшін;
  • таңбалары бірдей сандарды көбейту үшін;
  • таңбалары әртүрлі екі санды көбейту үшін;
  • таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін;
  • екі көбейткіштің біреуі ... болса, ... .

 Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Химия. География.

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

1) Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру.

2) Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

4) Үй тапсырмасын тексеру.

5) Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.

6) Ауызша есепте.

7) Қаншаға тең?

8) Тапсырма.

9) Ойын. «Қоян қайда секіреді?»

Слайдтар 1-3.

Қосымша 1.

Слайдтар 4-7.

Қосымша 2.

Слайд 8.

Сабақтың ортасы

Өткен сабақта өтілген материалды бекіту

Тақтада және өз орында әрбір оқушы рационал сандарды көбейтуге байланысты сөзді есептер шығарады.

№1.

Қыздырылған қалайы суығанда оның температурасы 1 минутта -қа өзгереді. Қыздырылған қалайының температурасы минутта неше градусқа төмендейді? Есепті өрнек құрастырып алып, шығарыңдар. Мұндағы

Жауабы: есептің өрнегі.

№2.

Автобус аялдамаға жақындағанда тоқтау үшін әр секнд сайын жылдамдығы

-қа өзгертті де, өткенде тоқтады. Автобус жылдамдығын қаншаға азайтты?

Жауабы: Автобус жылдамдығын -қа азайтты.

Әрбір оқушы деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Содан кейін оқушының әрбіреуі бір бірін бағалайды.

«А»

№3.

Ауаның температурасы -қа өзгергенді термометрдегі сұйықтың бағаны -ге өзгереді. Егер ауаның температурасы: -ты; -ты; -ты; -ты көрсетсе, термометрдегі сұйықтың бағаны -тағы деңгейден қалай өзгереді?

Жауабы: Термометрдегі сұйықтың бағаны -тағы деңгейден – төмен түседі.

«С»

5.

Жер бетінен әрбір 100 метрге көтерілген сайын ауаның температурасы

-қа өзгереді.Таудың етегінде болғанда, тау етегінен 1 км, 2 км және 3 км биіктіктегі ауаның температурасы неше градус болады?

Жауабы: +(

+(

+(

Оқушыларды жұптастырып, төмендегі тапсырмаларды орындай отырып, жасырылған қазақ мақалын табуды ұсыныңыз.

Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардан денеге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.

«Арқаға арналған жаттығу».

№6. Рационал сандарға көбейтуді орында.

Слайдтар 9-18.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

Қосымша 5.

Қосымша 6.

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қою.

1. Қай жағдайда қосындыны көбейтінді түрінде өрнектеуге болады?

2. Көбейтуді әрдайым қосу амалын қолданып есептпеуге бола ма? Мысал келтіріңдер.

3. Екі санның көбейтіндісі оң сан. Көбейткіштердің таңбалары қандай болуы мүмкін?

4. көбейткіштердің таңбаларын анықтаңдар.

5. Теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтіндінің таңбасы қандай болады?

6. Натурал сандардың жұптығын, тақтығын өрнектейтін формулаларды еске түсіріп жазып көрсетіңдер.

7. Көбейтудің қасиеттерін жазып беріңдер.

Үйге тапсырма беру, түсіндіру. Оқушылар білімін бағалау. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Сабақ бойынша әрбір оқушы рефлексия жасайды. Рефлексияны жазбаша жүргізу керек.

Рефлексия

  • Рефлексия

«SMS»

Оқушыларға қағаздан жасалған ұялы телефон арқылы досына сабақта қалай жұмыс істегені туралы және сабақ қаншалықты қызықты өткені туралы SMS –хабарлама жіберуін ұсыныңыз.

Слайдтар 19-20.

Қосымша 7.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұпта жұмыс жасайды. Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы саралау қарастырылған. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалған.

Әрбір оқушы өзін өзі бағалайды және бір-бірін жұпта бағалайды.

Сабақта сергіту сәті көз жаттығуы қарастырылған.

Сабақта сыныпта қозғалып жүруге арналған белсенді іс-әрекет түрлері қарастырылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
Пікір жазу