Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, презентация.


Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары :

6.1.2.13

таңбалары бірдей, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды орындау

Бағалау критерийлері:

- таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін біледі;

- таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу ережесін қолданып есептер шығарады.

Ал, енді мына сурет бойынша есеп құрастырыңыз:

- бұл сурет теріс рационал сандарды қосудың мысалы бола ала ма?

- жоқ, дұрыс айтасыздар.

- бұл біздің бүгінгі қарастыратын тақырыбымыздың мысалы болады.

Координатасы (-5) нүктесіндегі оң бағытта 8 бірлік кесіндіге жылжығанда қосындының мәнін кескіндейтін нүкте координатасы (3) болады.

-5 + 8 = 3.

Қосындының мәні болатын 3 санының таңбасы қосылғыш 8 – дің таңбасындай, ал модулі берілген сандардың айырмасына тең.

Түсте ауаның температурасы +30С болды.

Кешке ауаның температурасы түскі температурадан 50С төмендеді. Кешке ауаның температурасы неше градус болды?

3 + (-5) = -2.

Кешке ауаның температурасы -20С болды.

Қосындының мәні болатын -2 санының таңбасы қосылғыш (-5) – тің таңбасындай, ал модулі берілген сандардың айырмасына тең.

Есіңе сақта!

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосу үшін:

- Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайту керек;

- Шыққан санның алдына модулі үлкен санның таңбасын қою керек.

Мысалдармен бекіту:

- 0,6 + (-2) = -(2 – 0,6) = -1,4.

-

Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең.

Мысалы:

Сергіту сәті

Рефлексия: «Пойыз»

Оқушы сабақтың әр бөліміндегі өзінің белсенділігіне сай фишканы вагондарға бекітеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу