Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.10

бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • - координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды кескіндеу және салыстыру;
  • - координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын табу;
  • - рационал сандарды қосуды және азайтуды орындау.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • . координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды кескіндей алады және салыстырады;
  • - координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын таба алады;
  • - рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • берілген бөлімнің математикалық терминологиясын қолданады;
  • координатасы рационал сан түрінде берілген нүктелерді координаталық түзуде кескіндеуін сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • қарама-қарсы сандар;
  • рационал сан;
  • бүтін сандар жиыны;
  • рационал сандар жиыны;
  • координаталық түзу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • а санының модулі деп ... аталады;
  • координаталық түзуде үлкен (кіші) сан ... кескінделеді;
  • екі теріс санның ішінен ... үлкен;
  • A(-3) жазуын «координатасы минус 3 болатын А нүктесі» деп оқимыз;
  • C(2,6) жазуын «С нүктесінің координатасы екі бүтін оннан алтыға тең» деп оқимыз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Топтық, жұптық тапсырмаларды орындағанда академиялық әділдікті сақтау, ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. және қолдау, өзара жауапкершілікті қалыптастыру.

 Пәнаралық

  байланыстар

Бұл бөлімде алынған білім оқушыларға практикалық есептерді сонымен қатар рационал сандарға амалдар қолдану дағдыларды қажет ететін пәндерді жетік меңгеруге ықпал етеді.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақтаны қолдану дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру.

Бастапқы білім

Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 5 мин

Ұйымдастыру кезені.

Бірлескен оқу ортасын құру.

Оқушылармен бірлесе бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Жауабы:

№1. Координаталық түзудің көмегімен

а) С және В нүктелерінің координаталар қосындысы

0 тең;

б) С және А нүктелерінің координаталар қосындысы

- 2 тең.

Алған білімдерін жүйелеу.

1) Нөлмен оң сан қалай салыстырылады?

2) Нөлмен теріс санды қалай салыстыруға болады?

3) Оң мен теріс сандары қалай салыстырылады?

4) Екі теріс санды қалай салыстыруға болады?

5) Координаттық түзу көмегімен сандарды қалай салыстыруға болады?

6) Қандай түзуді координаттық деп атаймыз?

Өзара бағалау.

Слайд 4

Сабақтың ортасы

5 – 18 мин

18 – 20 мин

20 – 24 мин

2430 мин

30 – 32 мин

32 – 38 мин

Сыныппен жұмыс.

Оқушыларға «Шыбынды қуалау» ойынын ұсыныңыз. Ол үшін әр оқушы өз дәптерінде координаталық түзуді кескіндейді. Мұғалім жүргізушіні таңдайды. Жүргізуші координаталық түзудің қандай нүктесінде «шыбынды» орналастыру керектігін нұсқайды.

Жүргізуші амалдарды орындауды ұсынады. Мысалы:

(-3) - ті қосыңыз;

(2) - ні азайтыңыз;

(12) - ні қосыңыз;

(-4) - ті азайтыңыз.

Осылайша, оқушылар «шыбынды» координаталық түзуде әрі-бері жылжытады.

Тапсырма соңында оқушылар өз нүктелерінің координатасын – жүргізуші «шыбынның» координатасымен салыстырады.

№1. Сурет бойынша есептеулерді жазыңыз:

1 + (-4) =-3; 1 + 4 = 5.

-5 + 3 = -2.

-1 + (-4) = -5.

-4 + 7 = 3.

5 + (-5) = 0.

-2 + 0 = -2

№ 2. Сөйлемді аяқтаңыз.

А) Егер оң таңбалы санды қоссақ, онда қосынды ...

Б) Егер теріс таңаблы санды қоссақ, онда қосынды ...

В) Егер нөл санын қоссақ, онда қосынды ...

Г) Қарама-қарсы сандардың қосындысы ... тең.

Жауабы: артады; кемиді; өзгермейді; нөл.

№3. Термометр координаттық түзу болады ма? Оны қалай орналастыру қажет: қай жағында теріс мәні

«–» аяз болады, ал қай жағында оң мәні «+» жылы болады?

Жауабы: иә; вертикаль; төмен, жоғары.

Қатар отырған оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бірін – бірі бағалауды жүргізеді.

Жұптық жұмыс.

Дидактикалық ойын « Математикалық лото» 

Қайсысы үлкен

-5,5 немесе 1,5

Қайсысы кіші -2,5 немесе 0,25

Қайсысы артық -5,5 немесе -3,5

Қайсысы кем -200 немесе 0

│48│∙│0,5│

│10│+│1,2│

│240│:│-80│

│10│-│-4,5│

-(-56) = ?

- x =-0,3,

х =?

x =-2,85,

- x =?

10 = - ?

? ‹3,4‹?

? ‹ -4 ‹?

? ‹ 0 ‹?

? ‹ -1,5 ‹?

Өз бетімен жұмыс.

1) Термометр -200С көрсетіп тұр. Температура көрсеткіші қандай болуы мүмкін, егер + 500С өзгеру болса?

2) Термометр 300С белгіленіп тұр. Температура көрсеткіші қандай болуы мүмкін, егер - 500С өзгеру болса?

3) Термометр - 200С көрсетіп тұр. Температура көрсеткіші қандай болуы мүмкін, егер - 300С өзгеру болса?

№ 4. Координаталық түзу арқылы сандардың қосындысын табыңыз:

1) -1 және 2;

2) 3 және -4;

5) -5 және 6;

3) -3 және 6;

4) 1 және -5;

6) -3 және -2.

Мұғалім бағалау жүргізеді.

Көзге жаттығу ұйымдастыру.

Жеке орындауға тест тапсырмасын ұсыну

1. Н нүктесінің координатасын 8 бірлікке өзгерткенде қай нүктеге көшеді?

1.N; 2. L; 3. R; 4. K.

2. Координаталық түзуде С нүктесіінің координатасын табыңыз, егер А(4 + а ); В(4 + (-а)) және С нүктесі АВ кесіндісінің ортасы болса.

1.4; 2. 8; 3. -4; 4. 0.

3. Бастапқыда ауа температурасы 80С, соңынан -50С-қа өзгерсе, ауа температурасының мәнін табыңыз.

1.3; 2. -3; 3. 13; 4. -13.

4. К(-3) нүктесін координаталық түзуде 3 бірлікке, сосын тағы да 5 бірлікке өзгертсе, онда К нүктесі қалай орналасады?

1.оңға қарай 8 бірлік; 2. солға қарай 8 бірлік; 3. оңға 5 бірлік; 4. солға 3 бірлік.

5. Сәйкестікті табыңыз:

0 - 13 + (-27) + 40

-29,8 -12,1 + ( -3,3) + (-14,4)

-1

-13,9 -8 +

6. Координаталық түзуде – 100,5 және нүктелерінен бірдей қашықтықтағы санды табыңыз.

1. -99,35; 2. -99,7; 3. -99,5; 4. -99,45.

Жауаптары: N; 4; 3; оңға қарай 8 бірлік; -99,35.

Оқушылар дайын жауап арқылы өзін – өзі бағалайды.

Қосымша 1

Слайд 5

Қосымша 2

Слайд 6-7

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с. ISBN 9965-34-442-6

Қосымша 3

Слайд 8

Қосымша 4

Слайд 9

Қосымша 5

Слайд 10

Қосымша 6

Слайд 11

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с. ISBN 9965-34-442-6

Сабақтың соңы

38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • . координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды кескіндеу және салыстыру;
  • - координаталық түзуде кесіндінің ұзындығын табу;

- рационал сандарды қосуды және азайтуды орындайдау.

Үй тапсырмасы.

№1. Термометр координаттық түзу болады ма? Оны қалай орналастыру қажет: қай жағында теріс мәні

«–» аяз болады, ал қай жағында оң мәні «+» жылы болады?

Рефлексия.

«Светофор» әдісі (қызыл, сары, жасыл түстер) бойынша әр оқушы өз жұмысына баға береді:

Слайд 12

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Оқушының ойлау қабілетін шыңдау барысында өз бетімен орындалатын тапсырмалар ұсынылады.

Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру.

Көзге жаттығу жүргізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу