Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | Мектеп: НЗМ ХББ Атырау қаласы | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.10 бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық, жұптық тапсырмаларды орындағанда академиялық әділдікті сақтау, ынтымақтастық құндылықтарын дарыту. және қолдау, өзара жауапкершілікті қалыптастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Бұл бөлімде алынған білім оқушыларға практикалық есептерді сонымен қатар рационал сандарға амалдар қолдану дағдыларды қажет ететін пәндерді жетік меңгеруге ықпал етеді. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Оқушылардың ActiveBoard белсенді тақтаны қолдану дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. | |||||
Бастапқы білім | Координаталық сәуле туралы ұғым. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды орындай алу. Жай және ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндей алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 0 – 5 мин | Ұйымдастыру кезені. Бірлескен оқу ортасын құру. Үй тапсырмасын тексеру: №1. Рационал сандарды салыстыру ережелерін пайдаланып, дұрыс салыстыру таңбасын қойыңыз: а) –1 > –2.5; б) – 2,5 > – 4,5; в) –1 > – 4,5. №2. Сөйлемді аяқтап, қорытынды шығарыңыз: Екі теріс таңбалы сандарды салыстырғанда, модулі кіші сан артық болып саналады. Оқушылармен бірлесе бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсаттарын анықтаймыз. Алған білімдерін жүйелеу. 1) Координаталық түзуде -5 және 3 сандары нөлге қатысты қалай орналасады? 2) -5 санның модулі нешеге тең? 3 санның модулі нешеге тең? 3) Санның модулі дегеніміз не? 4) -5 саны қандай бүтін сандар арасында орналасады? 3 саны қандай бүтін сандар арасында орналасады? 5) Қандай сандарды бүтін сандар деп атаймыз? 6) -5 санына қарама-қарсы санды атаңыз; 3 санына қарама-қарсы санды атаңыз. 7) Қандай сандарды қарама-қарсы деп атайды? 8) -5 және 3; -5 және 0; 3 және 0 сандардын салыстырыңыз. | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. – 224с. ISBN 9965-34-442-6 Қосымша 1 Слайд 4 | ||||
Сабақтың ортасы 5 – 20 мин 20 – 24 мин 24 – 25 мин 25 – 30 мин 30 – 36 мин 36 – 38 мин | Жаңа тақырып. Сыныппен жұмыс. Ойын ұсыныңыз: Екі оқушыға координаталық түзудің макетін горизонталь қалыпта ұстап тұруды және осы түзудегі мәселен, А(-3) және В(4) «нүктелері» болуды сұраңыз. Жүргізуші таңдалынады. Сынып мысалдар ұсынады, мәселен, - 3 + 2 және 4 + 2; –3 + (-2) және 4 + (-2); -3 + 5 және 4 + 5; –3 + (-6) және 4 + (-6)). Жүргізуші «нүктелерді» оң (сол) бағытта 2 бірлікке жылжытады, ал оқушылар жауаптарды тақтаға және дәптерге жазады. Сыныппен талқылаңыз және жалпы қорытындыны жазыңыз. Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу ережелері. Координаталық түзудің көмегімен – 4 және 3 сандарының қосындысын табайық: 1) А (–4) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз; 2) оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжымыз; 3) В (–1) нүктесін қоямыз. а санын b бірлікке өзгеруі а санына b санын қосу болып табылады. Координаталық түзудің көмегімен 2 және 4 сандардың айырмасын табайық: 1) А (2) нүктесін координаталық түзуде белгілейміз; 2) солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжымыз; 3) В (–2) нүктесін қоямыз.
- Кез келген санға оң санды қосқанда, ол артады.
Координаталық түзудің көмегімен және 1 сандарының айырмасын табайық: 1) А нүктесін координаталық түзуде белгілейміз; 2) солға қарай 1 бірлік кесіндіге (4 сызыққа) жылжытамыз; 3) В нүктесін қоямыз. 2 – 4 = 2 + (– 4) = – 2. Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең: a + ( - a) = 0;3 + (–3) = 0; 7 – 7 = 0. Санға нөлді қосқанда, сол санның өзі болады: a + 0 = a;5 + 0 = 5; 9 – 0 = 9. Жұптық жұмыс. №1. Қай суретте 5 – 7 амалы дұрыс көрсетілген: Жауабы: 3 сурет №2. Координаталық түзудің көмегімен а) А және В нүктелерінің координаталар қосындысын табыңыз; б) А және С нүктелерінің координаталар қосындысын табыңыз. Жауабы: - 5; - 2. Дескриптор: Білім алушы:
Жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі. Жеке практикалық жұмыс. №1. Қосу амалы көмегімен жазыңыз: А (3) нүктесі солға 5 бірлікке жылжиды. В (4) нүктесі оңға 2 бірлікке жылжиды. С (-3) нүктесі оңға 3 бірлікке жылжиды. D (-7) нүктесі солға 4 бірлікке жылжиды. №2. Бос орынды толтырыңыз: - 3 + … = 4
4 + … = - 2 - 1 + … = - 4 «Карусель» әдісі бойынша бірін – бірі бағалау жүргізіледі. Шағын топта ТАРСИЯ құрастыруды ұсыну:
Дайын жауаптары арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізіледі. | Қосымша 2 Слайд 5 - 6 http://school-assistant.ru/?predmet=matematika&theme=slozenie_chisel_na_koord_pramoi
Слайд 7
Қосымша 3 Слайд 8 «Математика–6» Н.Я. Виленкин М - 2014 г. ISBN 978-5-346-03018-8 173 бет Қосымша 4 Слайд 9 Қосымша 5 Слайд 10 | ||||
Сабақтың соңы 39– 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Үй тапсырмасы. №1. Координаталық түзудің көмегімен а) С және В нүктелерінің координаталар қосындысын табыңыз; б) С және А нүктелерінің координаталар қосындысын табыңыз. Рефлексия.
| Қосымша 6 Слайд 11 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар біртіндеп күрделеген. Көмек қажет оқушыларға сабақты жетік меңгерген оқушылардан көмек ұйымдастыру. | Жұптық жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, топтық жұмыста өзара, мұғалімнің бағалауы. Әр жұмыстан кейін кері байланыс жасап отыру. | Оқушылар ТАРСИЯ құрастырған кезде, тапсырмалар орындаған кезде емін еркін қозғалыста болуына көңіл аудару.. | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру