Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару. Математика, 6 сынып, презентация.


Тақырыбы:

Мәтінді есептерді пропорцияның

көмегімен шығару

Оқу мақсаттары:

6.5.1.2

пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу;

Бағалау критерийлері:

Білім алушы

- пропорция ұғымын біледі;

- пайыз ұғымын біледі;

- cанның пайызын, пайызы бойынша санды таба алады;

- пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шеше алады.

Ой қозғау .

С-1: Берілген санның пайызы қалай табылады?

С-2: Пайызы бойынша санды қалай табамыз?

С-3: Пропорция дегеніміз не?

С-4: Пропорцияның негізгі қасиеті қалай айтылады?

C-5: Тура пропорционал шама дегеніміз не?

С-6: Кері пропорционал шама дегеніміз не?

Мәтінді есептердің түрлеріне мынандай схема

Есеп: Туристер 200 км қашықтықты жүріп өтті. Оның 40%-ын машинамен жүріп өтті. Туристер машинамен қанша жол жүріп өтті?

 

Жалпы сыныппен жұмыс

1-Есеп. Тігін фабрикасы 1200 костюм шығарды. Оның 30% жаңа костюмдер түрі . Фабрика неше жаңа костюмдер шығарды?

Шешуі:

1200 костюм ------ 100%

х костюм ------ 30%

Жауабы: 360 костюм.

2-Есеп. 1700 га жердің 357 га жеріне қарбыз егілді. Жердің қандай бөлігінің процентіне қарбыз егілді?

3-Есеп: Математикадан бақылау жұмысында «5» деген бағаны 12 оқушы алды,бұл барлық оқушының 40%. Сыныпта неше оқушы?

Сергіту сәті.

Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.

Үйге тапсырма: Пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу. Есеп құрастырып келу.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Сөйлемді жалғастыр»

1. Бүгінгі сабақта... білдім

2. … үйрендім

3. … қиындықт туындады

4. … әлі де жұмыстануым керек

5. … маған қызық болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу