Тура пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
Жалпы сыныппен жұмыс.
А деңгейі
№89. Ауызша орындау.
у – тің мәні х – тің мәніне тура пропорционал. Кестені толтырыңдар:
х | 3 | 4 | 6 | 8 | 9 | 12 | 15 |
у | 12 | 36 |
№90. Автоматты станок сағатына 58 бөлшек дайындап, берілген уақытта 348 бөлшек дайындады. Егер осы автоматты станок сағатына 75 бөлшек дайындайтын болса, берілген уақытта неше бөлшек дайындайды?
№91. 500 г ерітінді де 40 г тұз бар. Осы ерітіндінің 200 грамында неше грамм тұз бар?
В деңгейі
№100. Токарь 5 айда жылдық жоспардың 47,5 % -ін орындады. Токарь осындай тұрақты жұмыс өнімділігімен 12 айда жылдық жоспарды неше процент орындайды?
№101. Ұзындықтары әр түрлі, ендері бірдей екі тік тқртбұрыш берілген. Бірінші тік төртбұрыштың ұзындығы 10,2 см, ауданы 51 см2. Екінші тік төртбұрыштың ұзындығы 6,8 см. Екінші тік төртбұрыштың ауданын табыңдар.
№103. Алтын мен күмістің қоспасынан қорытпа дайындады. Ондағы алтынның массасының күмістің массасына қатынасы 3:5 қатынасындай. Қорытпадағы күміс алтыннан 12 г артық. Қорытпаның массасы неше грамм? Қорытпадағы алтын неше грамм?
С деңгейі
№108. Жұмыс өнімділіктері бірдей 3 станокта 3 минутта 9 сақина дайындалады. Осындай 6 станокта 24 сақина неше минутта дайындалады?
№109. 4 тігінші 15 күнде 20 көйлек тіккенде, 2 тігінші 9 күнде неше көйлек тіккен?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру