Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары4

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.5.2.2 пропорцияны оқу және жазу;

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;

Сабақ мақсаттары

  • Пропорция ұғымын және пропорцияның негізгі қасиеттерін бекіту. «Қатынас. Пропорция» тақырыбы бойынша материалдарды жүйелеу.
  • Білімді әртүрлі практикалық жағдайларда қолдана білу дағдысын қалыптастыру, салыстыру, талдау, қорытындылау.
  • Қажетті түзету жұмыстарын жүргізу

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Сабақтың соңында оқушылар пропорцияға берілген есептерді шеше біледі.
  • Топпен жұмыс жасауды үйренеді;

3) Өзіне-өзі бақылау жасай білуге жаттығады;

Тілдік мақсаттар

Оқушыларға:

Арнайы лексика және терминология

Қатынас, қатынастың мүшелері, кері қатынас, пропорция, пропорцияның мүшелері, шеткі мүшелері, ортаңғы мүшелері, пропорцияның негізгі қасиеті.

Диалог жүргізу мен жазуға қажетті сөздер қоры

Екі санның қатынасы ...

Берілген қатынаста бөлу.

Пропорция дегеніміз ...

Пропорцияның негізгі қасиеті … .

Пропорцияның белгісіз мүшесін табу үшін ...

Пропорцияның ортаңғы мүшесін табу үшін ...

Пропорцияның шеткі мүшесін табу үшін ...

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыстар

Геометрия.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Қатынас, екі санның проценттік қатынасын табу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылығын ояту (Білу және түсіну)

5 минут

Ұйымдастыру.

Бүгінгі сабақты Ұлы педагог Ушинскийдің мына сөзімен бастау:

«Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмытылғанды еске түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау»

  • Стартер: « Кім жылдам?»

Кеспеқағаздарға тақырыпты қайталауға арналған сөйлемдер жазып, оларды жинақтау. (Презентация бойынша тексеру.) Қосымша №1

  • Сабақтың тақырыбы: «Пропорция тақырыбын қайталау»;
  • Сабақтың мақсаты туралы өз ойларын айтқызу;
  • «Жетістік ағашы» тәсілі.

«Менің сабақтан күтетінім...» деп өз ойларын жазып, ағаштың төменгі жағына жапсырады. Қосымша № 8.

  • Оқушылардың өткен тақырыптарды қайталау үшін «Ақиқат, жалған» әдісімен сабаққа қажетті білімдерін еске түсіру жұмыстарын жүргізу. (Графикалық диктант түрінде алу: «Ақиқат» болса «кесінді»; «Жалған» болса бұрышты жалғастырып сызу.) Қосымша № 2.

Кеспеқағаздарды таратып беру

Бағалау парағына белгі қою

«Жетістік ағашы»

Стикерлер

Презентация

Аудио жазылымнан тыңдап, жауаптарын табу

Сабақтың ортасы

Мағынаны ажырату (Қолдану және талдау)

30 минут

2. Ауызша есептеу – ақыл-ойдың гимнастикасы.

«Маған көрсет Қосымша № 3.

Пропорцияның белгісіз мүшелерін тап. Сандарды кестедегі әріптермен ауыстырып, жасырынған сөздерді анықта.

с

д

е

к

в

и

л

о

3

10

2

6

30

12

20

4

3. Демалыс сәтін өткізу. Қосымша № 6.

(Топқа бөлу. Әркім өз партасының астынан мақалдар жазылған қағаздар алады да, сәйкестендіру бойынша жаңадан топ құрастырады.)

4. Топтық жұмыс. Математикалық зерттеу. Қосымша № 4.

  • Кез келген радиустағы дөңгелектің АВ және CD екі хордасын жүргізіңдер. Олардың қиылысу нүктесін О әрпімен белгілеңдер. көбейтінділерін салыстыру.
  • Әркім бір дөңгелек сызады. Осы тапсырманы енді бір рет орындау. Олар туралы не айтуға болады?
  • Осы теңдіктерден жинақтап пропорциялар құрастыру.
  • Топ жұмысын ауыстырып, талдату.

(Рефлексия жасау. Топпен жасаған жұмыстарын талдау, кімде қандай кемшіліктер барын бір-біріне қорытындылап айту. Топтық талдау жүргізу.)

Топтық жұмыстың критерийлерін құрастырып үйрену.

Қосымша № 5.

Қалыптастырушы бағалау.

(Тест)

Қосымша № 7.

Оқулық:

Алдамұратова Т.А. 6-сынып

Кеспеқағаздар

Кеспе қағаздармен таратып беру.

Соңы

3 минут

1) Сабақты қорытындылау.

2) Үйге тапсырма. Пропорция ұғымының пайда болу тарихы және оның қайда қолданатыны туралы деректер тауып келу.

Презентация

Қорытынды

2 минут

2) Рефлексия.

«Жетістік ағашына» стикерлерді қайтадан алып, өздерінің күткен нәтижелеріне жетті ме, сол туралы толықтырып жазып ілу. Қосымша № 8.

Стикерлер арқылы өз ойларын жазу.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта барлық оқушыларға жағымды әсер ету үшін жағдай жасалды.

Оқушылардың зерттеушілік қасиеттерінің дамуына, өзара бірлесіп жұмыс атқаруына, бірін-бірі тыңдап, көмекке келу немесе сөз саптау, түсініктеме беру, сурет арқылы беруге баса назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу