Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.2.2 пропорцияны оқу және жазу;

6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;

6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

- пропорцияны оқиды және жазады;

- пропорция анықтамасын біледі;

- пропорцияларды ажыратады және құрастырады;

- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

- пропорцияны оқи және жаза біледі;

- пропорция анықтамасын біледі;

- пропорцияларды ажырата және құрастыра алады;

- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;

- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- пропорция;

- пропорцияның негізгі қасиеті;

- пропорцияның шеткі мүшелері;

- пропорцияның ортаңғы мүшелері;

- пропорцияның белгісіз мүшесі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;

- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;

- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;

- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Өмірмен байланысты есептер

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылығын ояту.Оқушылар орындарыннан тұрып, бір-бірінің алақандарына жылы-жылы тілек лебіздерін айтады. Оқушылардың сабаққа деген құлшыныстарын және де қызығушылықтарын ояту.

Қайталау оқу- анасы. Ауызша сұрақ- жауап алу.

  • Қатынас дегеніміз не?
  • Пропорция дегеніміз не?
  • Пропорцияның негізгі қасиеттері?

Презентация

6 – 20 мин

Жұппен жұмыс.

А деңгейі

№61. Мұнайдың 14 литрінің массасы 11,2 кг. Мұнайдың 30 литрінің массасы неше килограмм?

№62.

2) Қарбыз массасының 98% -і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?

3) Кептердің ұшу жылдамдығы шамамен 17 м/с. Ал қарғаның ұшу жылдамдығы кептердің ұшу жылдамдығының 90 % -іне тең. Қарғаның ұшу жылдамдығын табыңдар.

№63.

2) Бір аптада балықшылар 160,5 ц балық алады, бұл олардың бір айда аулауға тиісті балық массасының 30 % -індей. Балықшылар бір айда неше центнер балық аулауға тиісті?

3) Қиярды тұздау үшін 250 г тұз салынды. Бұл барлық тұздалған қияр массасының 8 % -індей. Барлық тұздалған қиярдың массасы неше килограмм және грамм?

В деңгейі

№72.

2) Домбыра жасайтын шеберхана бір айда 8 домбыра жасау кекрек еді. Олар бір айда 2 домбыраны артық жасады. Домбыра жасайтын шеберхана бұл айда жоспарын неше процент орындады?

3) Тік төртбұрыштың ауданы 90 дм2, ал ұзындығы 15 дм. Тік төртбұрыштың ені ұзындығының неше проценті?

С деңгейі

№79. х – ті табыңдар: (тақ номері)

1)15: 2,5 = 0,8x : 3) 5: 3 = 5 : 3,3х;

Презентация

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

21 – 30 мин

Топтық жұмыс

Оқушыларды сыныпқа төрт түс бойынша топқа бөлу.

І топ.

1)Тік төртбұрыштың бір қабырғасының ұзындығын тұрақты деп алып, оның екінші қабырғасының ұзындығы мен ауданына сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.

2)Тараудың бағасы тұрақты болғанда, оның құны мен мөлшеріне сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.

ІІ топ.

1)Бірдей жол жүріп өткен кездегі жылдамдық пен уақытқа сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.

2)Еңбек өнімділігін тұрақты деп алып, жұмыс уақыты мен орындалған жұмыс көлеміне сәйкес шамалардың мәндерінен әртүрлі пропорция құрыңдар.

Қосымша 1

31 – 32 мин

Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы.

33 – 37 мин

Өз беттік жұмыс

  • санына;
  • және сандарының қосындысына;
  • және сандарының көбейтіндіндісіне кері сандарды жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

-ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады;

-аралас сандардың қосындысын есептейді;

-рационал бөлшектердің көбейтіндісін есептейді;

-нәтижелерге кері сандарды жазады.

Математика 6 кл Виленкин, Муравина 2014.

102 бет.

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеттерін қайталау. №58-59.

Рефлексия.

Мұғалім: Бүгінгі математика сабағы сіздерге не бергенін, алдарыңыздағы түрлі- түсті карточкалар арқылы көрсетіңіздер?

Сіздер өз жұмыстарыңызды қалай бағалар едіңіздер?

Түрлі-түсті карточкалар:

« жасыл карточка – мен бәрін түсіндім »,

« сары карточка – мен түсіндім, бірақ бәрін емес»,

« қызыл карточка – мен ештеңе түсінбедім »,

- Сабақта жаңадан не білдіңіздер?

- Біз сабақ басында қандай мақсат қойып едік?

- Біз мақсатымызға жеттік пе?

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.

20 – 21 бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта топтық және жұптық жұмысты бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Жұптық жұмыста оқушылар бірлесе отырып орындайды, өзара көмек беріледі.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту.Топтық жұмыста, жұптық жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу