Мәтін есептерді шешу. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Буркенов Н.С.

Құрманбаев А.А.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Мәтін есептерді шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.5.2.5 бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару.

 Сабақмақсаттары

Бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану арқылы мәтін есептерді шешеді.

 Сабақтүрі

Жаңа материалды меңгеру сабағы

Бағалау критерийі

Оқушы

  • Мәтін есептерді шығару үшін бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Лексика/Терминологияжай бөлшек, ондық бөлшек, қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарын қолдану, мәтін есептің шарты/сұрағы.

Үштілділік. Келесі глоссарийді қолдану:

Жай бөлшек –Обыкновенная дробь - Fraction

Ондық бөлшек–Десятичная дробь - Decimal

Қосу– Сложение – Addition

Азайту– Вычитание - Subtraction

Көбейту – Умножение - Multiplication

Бөлу – Деление - Division

Диалог пен жазылымда қолданылатын тіркестер:

Бұл есептің шарты бойынша ... Есептің сұрағына жауап беру үшін...

Бұл есепте ... арифметикалық амалын қолданамыз.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушының өзінің білім алуына жауапкершілігін арттыру.

Бір-бірінің ойын, жауабын құрметтеуге топтық/жұптық жұмыс жүргізу арқылы баулу.

 Пәнаралық байланыстар

Экономика, Жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Оқушылармен амандасу, түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

Жеке жұмыс (2 минут)

Оқушылардың әрқайсысына келесі тапсырманы ұсыну:

Кітап шығаратын басылымдаманың

қызмет көрсету құны көрсетілген

Айнұр өзінің оқулығы үшін

қаптамасын қоса санағанда 652 теңге 50

тиын төледі.

Оның кітабында неше бет болды?

Жұптық жұмыс (2 минут)

2 минут әр оқушы өз бетімен ойланып

көргеннен кейін, жанындағы оқушымен

бірігіп, жұпта өз ойларымен бөліседі.

Топтық жұмыс (2 минут)

Әр жұп жанындағы жұппен бірігіп, 3-4

оқушыдан тұратын кіші топта өз

шешімдерімен, ойларымен бөліседі.

Сабақтағы бұл іс-әрекет Snowball деп

аталады. Бұл іс-әрекеттің тиімділігі

оқушылардың ойлары, есепті

талдауы әр кезең сайын кеңейе түседі.

Сонымен қатар, бұл тапсырма ең

алғашқы ұсынылып отырған тапсырма

болғандықтан, есептің шартын тез түсіну мақсатында (көмек ретінде) оған қосымша сурет ұсынылып отыр. Бұл есепте бүкіл сыныппен де талдау жасап өту керек, өйткені кейбір оқушылар бұл есепте қолданылатын кейбір сөздерді жетік түсінбей қалуы да мүмкін.

https://www.tes.com/teaching-resource/word-problems-levelled-sats-questions-6435917

Сабақтың ортасы

15 мин

15 мин

Топтық жұмыс.

Оқушыларды деңгейлері бойынша кіші топтарға бөліп, келесі тапсрымаларды ұсынуға болады:

№1. Замира Францияға барған сапарында әпкесіне сый сатып алды.

Оған ол 44,85 француз франкін төледі.

1 теңгенің құны 5,37 француз франкіне

тең.

Осы сыйдың теңгеге шаққандағы

бағасы қандай болды?

№2.

8 адамға арналған бүлдірген балмұздағының рецепті

литр кілегей

1 кг бүлдірген

250 г қант

Бұл рецепт 8 адамға арналып жасалған.

а) Жания 12 адамға арнап бүлдірген

балмұздағын даярлады.

Ол қанша кілегей қолданды?

ә) Фархат бүлдірген балмұздағын дәл осылай даярлады. Ол кг бүлдірген қолданды. Ол қанша қант қолданды?

Мұндағы №2 тапсырманы деңгейі жоғары оқушыларға ұсынуға болады.

Осындай мәтіндік есептерді шешуде, оқушылардың назарын келесі негізгі сұрақтарға аудару керек:

  • Есептегі кездесетін шамалар қандай?
  • Шамалардың арасындағы қандай тәуелділік бар?
  • Бір шаманы екінші шама арқылы қалай жазуға болады?
  • Есептің сұрағы қандай?

Формативті бағалау.

Есепті шешіңіз:

a) Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 1,25 есе үлкен. Егер тіктөртбұрыштың периметрі 66,6 см болса, онда ауданын табыңыз.

b) Бірінші қапта 46,3 кг, ал екінші қапта 38,5 кг қант бар. Екі қаптағы қанттың массаларын теңестіру үшін неше килограмм қантты бірінші қаптан екінші қапқа ауыстырып салу керек?

Бұл тапсырмаларды бағалау критерийі:

  • Мәтін есептерді шығару үшін бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданады.

Дескриптор: Білім алушы

- есептің шартын жазады;

- Не табу керек екенін анықтайды;

- Арифметикалық амалдар қолданады;

- мәтін есепті шығарады.

Вассерман Ф.Я. Математика 5-сынып, Оқушыларға арналған әдістемелік нұсқау, Алматы 2015ж.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия және кері байланыс.

Оқушыларға келесі Білім алу үшбұрышын толтыру ұсынылады:

Үй жұмысы:

Есепті шешіңіз:

Қайық өзен ағысымен 8,4 км/сағ жылдамдықпен жүзіп барады. Қайық пен салдың арақашықтығы 2 км. Егер қайық салды 24 мин кейін қуып жететіні белгілі болса, салдың жылдамдығын табыңыз.

Үшбұрыш сызылған парақ

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұппен жұмыс барысында жұп жанындағы жұппен бірігіп, 3-4 оқушыдан тұратын кіші топта өзшешімдерімен, ойларымен бөліседі. Сабақтағы бұл іс-әрекет Snowball деп аталады. Бұл іс-әрекеттің тиімділігі оқушылардың тапсырмалар орындау барысында әлсіз оқушыға түсіну үшін көмек көрсету , мықты оқушыға – бағыттаушы сұрақтар қою. Қабілетті оқушылардан тапсырмалардың барлығы орындалуы немесе аздаған қате жіберіп орындалуы күтіледі.

Бақылау

Талдау

Түсінуге сұрақтар

Рефлексия

Сыныпты бөлмесінің ауасын тазарту, ноутбук пайдалану ережесін қайталау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу