Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

№ сабақ. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жанғабылова Кенжекүл Ғаниқызы

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту

Оқу мақсаты:

4.5.2.1жай бөлшектердің құрылуын, салыстыру, қосу және азайтуды бейнелеу үшін жазық фигуралардың бөлігі және сан сәулесін қолдану;

4.1.2.1бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту үшін, бөлімдерін өзгертпей қалдырып, сәйкес алымдарын қосу және азайту деп түсіну

Бағалау критерийлері

Жай бөлшектерді құра алады, салыстырады. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу азайту үшін бөлімдерін өзгертпей алымдарын қосып, азайта алады

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: бөлімдері бірдей, жай бөлшектер

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады? Бөлшектерді салыстыру қалай орындалады?

Бөлімдері бірдей болатын жай бөлшектерді қосу және азайтуды қолдануға үйренеді.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыруды біледі, қосады, азайтады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сабаққа кіріспе тапсырма

Сабаққа кіріспе ретінде жұптық жұмыс ұйымдастырылады. Барлық жұптарға «Домино» ойынына керекті комплектіні беріледі. Ойын мақсаты — бөлімі бірдей бөлшектерді қосуды және азайтуды еске түсіру. Жауаптарды салыстыру арқылы тексеруге болады. Дұрыс жауаппен салыстыру арқылы оқушылардың өзіндік бағалауын ұйымдастыру.

Шығарып көр

а) Бос орындарға берілген сандарды қою арқылы оқушылар дұрыс теңдік құрады. Ол үшін бөлімі бірдей бөлшектерді қосу мен азайтуды қолданады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды, жауабын шағын топтарда тексереді. Өзара бағалауды ұйымдастыру. Бағалау критерийлері алдын-ала беріледі.

сандары берілген.

Оларды төмендегі теңдік орындалатындай етіп бос орындарға қой. Бір бөлшек бірнеше рет жазылуы мүмкін.

Мүмкін жауаптар:

ә) Бұл тапсырма оқушыларға алдыңғы өткен бөлшекті диаграмма немесе сан сәулесі арқылы көрсетуді еске түсіру үшін және бөлшектерді қосу және азайту амалын түсіну үшін беріледі.

Спорт ойындары апталығында мектеп оқушылары «Тоғызқұмалақ» сайысына қатысты. Олардың бөлігі төртінші сыныпта оқиды. бөлшегін дөңгелек бөліктер немесе сан сәулесі арқылы көрсет. Осы сайысқа қатысқан, бірақ төртінші сыныпта оқымайтын балалар өзің салған суретте қанша бөлікті көрсетеді?

Жауабы:

Орындап көр. Тапсырманы орындау үшін оқушылар үшбұрыш, тіктөртбұрыш периметрлерін білуі керек. Периметрді өрнектеу арқылы бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу, азайту, салыстыруды орындайды. Орындау үшін оқушылар шағын топтарға біріктіру. Топ жұмысын орындауға берілетін уақыт мөлшерімен таныстыру. Топтар «Джигсо» тәсілімен жауаптарын талқылау үшін топтарға қайта бөлісу. Топ жұмысы уақытында бақылау. Белсенді емес, қате орындап отырған оқушыларға көмек беру.

Жауабы:

а) 5 см. Себебі, см;

ә) 11 см. Себебі, см;

б) ВСДЕ тіктөртбұрышының периметрі үлкен, үшбұрышының периметрі кіші. Себебі, 115;

в) 6 см. Себебі, 11-5 = 6 см;

г) 12 см. Себебі, см;

ғ) дұрыс емес. Себебі, 125+11

Ойлан. Бұл тапсырма оқушылардан жоғары деңгейлі дағдыларды талап етеді. Оқушы мәселені шешу үшін өзіндік әдіс қолданады. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу мен азайту арқылы есептеулер жүргізеді. Ой қорыту арқылы керектілерді анықтайды. Ойын жеткізу үшін есептеулер нәтижесін пайдаланады, негіздеме жасайды. Бұл жұмысты орындауда оқушылар өз қалауынша жұмыс түрін таңдату. Қабілеті жоғары оқушыларға жеке орындау, көмекті қажет ететін оқушылар шағын топта бірігіп орындату. Бақылау мен қадағалау нәтижесі бойынша оқушыларға кері байланыс беру.

Жауабы:

а) бөлігі;

ә) қабырға. Себебі, сағат 10:00 – 10:30 дейін 1 қабырға,

10:30 – 11:00 дейін 1 қабырға,

11:00 – 11:30 дейін 1 қабырға. Барлығы 3 қабырға;

б) жетеді. Себебі, жасыл түсті 1 қабырғаны бояу үшін 1 құты, қызыл қабырғаны бояу үшін 1 құты, тоқсары түсті 2 қабырғаға құтының бөлігі, яғни 1 құты керек. Ал, 3 құты бояу 1200*33600 тг тұрады.

в) жетеді. Себебі, тоқсары түсті бояуы бар құтының бөлігі бірінші бөлменің екі қабырғасын бояу үшін жұмсалды. Қалған бөлігі 4 қабырғаға жетеді, өйткені

Бөлу алгоритмі жазылған кеспеқағаздар

№4 слайд

№5 слайд

№6 слайд

№7 слайд

№8 слайд

№9 слайд

№10 слайд

Кері байланыс

Сабақ соңында «Кемпірқосақ» әдісімен қорытынды жасау.

Оқушылар мына сөз тіркестерінің екеуіне жауап

береді:

–– Мен енді … үйрендім.

–– … қиын болды.

–– … қызықты болды.

–– … таң қалдырды.

–– Бүгін білгенім … .

№11 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу