Бөлшектерді салыстыру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бөлшектерді салыстыру

Оқу мақсаты:

4.1.1.6 бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру/ сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

бөлшек;

дұрыс бөлшек;

бұрыс бөлшек;

аралас сандар

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қозғалыс пен өнімділікке берілген есептерді шығара алады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Сабаққа кіріспе тапсырма. Сабақ жұптық жұмыстан бастау. Оқушылар «Домино» ойынын ойнатуОсы ойын арқылы оқушылардың алдыңғы сабақ материалын игеруін тексеру. Ол үшін бақылау жасау. Оқушылардың қайсысы белсенді немесе кім көмекті қажет ететіндігін анықтау, жазып алу.

Есептерге сәйкес макеттер

Ламинатталған парақтар

Алма, апельсин немесе шоколадтар суреті

Сабақтың ортасы

Шығарып көр. (Ж) (Ж) Тапсырманы оқушылар жеке орындайды. Тапсырма мәтінін түсініп оқу, оның сұрағына жауап беру үшін бөлшектерді салыстыру. Бөлімдері бірдей, алымдары әртүрлі бөлшектердің қайсысының алымы артық, сол артық екенін білетіндігін көрсету. Оқушылар жауабын ламинатталған қағазға жазады.

Жауабы: Ә сыныбы. Себебі, 1 4 3 4 < . ә) Оқушылар жеке орындап, жауаптарын жұпта тексеруіне болады. Жауаптарының дұрыстығын талқылаған соң, қалауынша, өзара бағалау жасату. Жауабы: үй шатырында. Себебі, 2 5 3 5 < . б) Оқушылар тапсырманы дәптеріне жеке орындайды. Олар сызбадағы дөңгелек бөлігіндегі сарымен боялған 1 3 , қалған бөлік 2 3 екенін ажырату. Қалған жұмыстың аз-көптігін осы екі бөлшекті салыстыру арқылы анықтау. Дәптерлеріндегі жазбаларды тексеріп, ауызша кері байланыс жасау, әрекетке бағытталған мадақтау жасауды қолдану. Жауабы: үлкен бөлігі. Себебі, 1 3 2 3 < .

Қайсысы алыста? Оқушылар сұрақтарға жауап беру, соңынан ой қорыту арқылы сан осьіндегі сандарды салыстыруды түсінеді. Талқылауды жұпта орындап, қорытындыны ішінара айтады. Қалған оқушылар қажетінше толықтырады.

Ит қай санға сәйкес нүктеде тұр? Мысық ше? Ит тұрған нүкте мен үйдің арақашықтығы қандай? Сен 0 1 2 3 4 Мысық тұрған нүкте мен үйдің арақашықтығы қандай? Үйден мысық алыста ма, әлде ит пе? Қорытынды жаса: 0-ге жақын сандар үлкен бе, әлде 0-ден алыс сандар үлкен бе?Жауабы: 0-ден алыстаған сайын сандар үлкейеді.

2. Қайсысы артық? 1-cуретті пайдаланып, оқушылар бүтін сан мен дұрыс бөлшекті, 2-суретті пайдаланып, аралас сандарды салыстыру ережесін тұжырымдау. Жауабы: бүтін сан мен дұрыс бөлшекті салыстырғанда, бүтін сан артық болады. Аралас сандардың бүтін бөлігі қайсысында артық болса, сол артық болады. Дауыстап әртүрлі бөлшектер оқу. Оқушылар оқылған бірінші сан артық болса, оң қолын, екіншісі болса — сол қолын көтереді. Жаттығуды орындау кезінде оқушылар дұрыс жауапты таба алды ма, бақылау. Бірнеше мысалды келтіру арқылы жауаптар түзелді ме, жоқ па, мән беру. Бұл жаттығу сергіту сәті ретінде де пайдалы.

(Ө,қ)«Математикалық өріс». Өрісте дұрыс, бұрыс бөлшектерді, аралас сандарды табу және оларды сәйкес түспен бояу керек: сары – дұрыс бөлшектер, қызыл – бұрыс бөлшектер, сарғыш – аралас сандар. Оқушылар тапсырманы дұрыс орындайтын болса, тапсырманың дұрыс орындалғанын және осы бөлшектер мен сандарды айырып білу қабілетін растайтын белгі/таңба беру. Немесе бірін-бірі/ өзін-өзі бағалау жүргізу.

Ойлан.(Ж) Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Олар аралас сандарды салыстыру ережесін пайдаланып, қай сан артық екенін анықтайды. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру арқылы, артық сан мен кем санның арасындағы санды анықтау. Жауабында олардың санын көрсетеді. Жауабы: біреу. Себебі,

3 = : 4, ал < < . - бір бөлшек

Орындап көр.(Ж.Ж) Жұпта орындайды. Оқушылар өздері шеңбер сызып, кезектесіп, ойын сүйегін шеңберге лақтырады. Кім шеңберге түскенін жазып отыру. Шеңберге түсу саны 10-ның қанша бөлігін құрайтынын табады, бөлшек арқылы жазу. Екеуінің нәтижесі — екі бөлшекті салыстыру. Кімдікі артық — сол ұтып алған болады

Есептер жазылған қима қағаздар

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақ соңында оқушыларға стикерлерге мыналарды жазуды ұсыныңыз:

- Сабақтағы екі жақсы түсінген екі терминді жаз: - Сабақтағы түсінбеген бір есепті жаз (не туралы?):



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу