Таңдап алу әдісімен комбинаторлық есептерді шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Таңдап алу әдісімен комбинаторлық есептерді шығару

Оқу мақсаты:

4.4.4.1

«таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Кеңістіктік ойлауға берілген догикалық есептерді шығара алады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Кіріспе тапсырма

Сабақ басында оқушыларды «Комбинаторика» ұғымымен, онда қарастырылатын есеп, мысалдармен таныстыру. 1. Заттардың орны. Заттардың орындарын ауыстыру арқылы неше әдіспен орналастыра алатынын санауы керек. Заттардың орнын ауыстыру әдістері мынадай:

Комбинаторика есептері. Заттарды орналастыру, таңдау тәсілдері және олардың санын табуға болады. Мұндай есептерді комбинаторлық есептер деп атайды.

«Комбинаторика» сөзін латын тілінен аударғанда, «құрастыру» деген мағына береді. Ол терминді ғылымға неміс философы Готфрид Лейбниц 1966 жылы енгізген.

Заттар топтамасы

Сабақтың ортасы

(Т)Шығарып көр. а) Оқушылар тапсырманы орындауда комбинаториканың негізгі есептерін шешуге үйренеді. Алдыңғы жаттығуды орындау тәжірибесін қолданып, бұл есепті де орындай алады. Бірақ, оқушылар белсенділігін арттыру үшін ламинат қағаздарға екі орынды санды жазуды ұсыныңыз. Әр оқушы жазып көрсеткен санды тақтаға жазып, тізіп отырыңыз. Осылайша, олар сандардың қайталанбауын қадағалай алады. Соңында, барлық жауаптарды алады. Жауабы: 11, 12, 13, 14, 15, 21, 22, 23, 24, 25, 31, 32, 33, 34, 35, 41, 42, 43, 44, 45, 51, 52, 53, 54, 55.

ә) Топтарға бірігу. Біріктіруді 1, 2, 3 деп саналу арқылы жасау. Үш топқа төмендегідей орындаудың үлгілерін беру.

1-топ «Бұтақтар» әдісі: Қандай ас мәзірлерін таңдауға болады? 2-топ Кестелік әдіс Қандай ас мәзірлерін таңдауға болады?

3-топ «Графтар» әдісі

Қорытынды жаса. Қандай ас мәзірлерін таңдауға болады?

Әр топ оқушылары өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылар топ атынан сөйлеушіге сұрақтар қояды. Бір есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды көрсету арқылы өзара оқыту жүзеге асады. Топ жұмысына мадақтау жасау.

б) Оқушылар жоғарыда айтылған әдістердің біреуін қолданып шығара алады. Жеке орындап, тексеру жұмыстарын өзара орындайды. Оқушылардан қай әдісті таңдағанын, таңдаудың себебін сұрау. Жауабы: 10 тәсіл.

в) Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды. Ең бірінші болып аяқтаған оқушыларды басқа оқушылар жұмысын тексеру. Оқушылар өзара кері байланыс жасайды. Тапсырма бойынша көмекті қажет ететін оқушыларды анықтау.

Би үйірмесіне қатысушы қыздар: Жазира, Айсұлу, Айша, Дариға және ұлдар: Сұңғат, Рүстем, Ерлан, Темір жұптасып билеуі керек.

Құруға баратын барлық жұптарды атап жаз. Жауабы: 1) Сұңғат-Жадыра, 2) Сұңғат-Айсұлу, 3) Сұңғат-Айша, 4) Сұңғат-Дариға, 5) Рүстем-Жадыра, 6) Рүстем-Айсұлу, 7) Рүстем-Айша, 8) Рүстем-Дариға, 9) Ерлан-Жадыра, 10) Ерлан-Айсұлу, 11) Ерлан-Айша, 12) Ерлан-Дариға, 13) Темір-Жадыра, 14) Темір-Айсұлу, 15) Темір-Айша, 16) Темір-Дариға.

г) Жауабы: Ара, қоңыз; Ара, көбелек; Ара, шыбын; Қоңыз, көбелек; Қоңыз, шыбын; Көбелек, шыбын. Барлығы 6 әдіс.

(Ө)Орындап көр.Суреттерді келесі парақтарға қайталанбайтын ретпен қалай салуға болады? Оқушылар тапсырманы орындауды сурет салу арқылы орындайды. Жауабы:

Есептер жазылған қима қағаздар

суреттер

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақ соңында оқушылармен кері байланысты ауызша орындауды ұйымдастыру. Ол үшін слайдқа «Сабақта үйренгенім …», «Сабақта орындай алмадым …» деген аяқталмаған сөйлемдерді көрсету. Оқушылар сөйлемді жалғастыру арқылы өз ойларын айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Үздік криптобиржа: Binance, ByBit, OKX

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу