Таңдап алу әдісімен шығарылатын есептер. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Қозғалысқа, егіннің түсімділігіне берілген есептер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||
Тақырыбы: | Таңдап алу әдісімен шығарылатын есептер | |||||
Оқу мақсаты: | 4.4.4.1 «таңдап алу» әдісімен комбинаторлық есептерді шығару | |||||
Ғылыми тіл |
| |||||
Құндылықтар | Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыс | жаратылыстану | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | шамалар арасындағы тәуелділікті біледі | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | (Ұ)Тіктөртбұрыштар Оқушылар ауданы 12 см2 болатын тіктөрбұрыштарды салады. Ол үшін тіктөртбұрыштың қабырғалары ұзындығын анықтауы керек. Ол үшін аудан формуласын қолданып, 12 санын көбейткіштерге жіктейді: 12 = 1 · 12; 12 = 12 · 1; 12 = 2 · 6; 12 = 6 · 2; 12 = 3 · 4; 12 = 4 · 3. Әр оқушы мүмкін болатын 6 тіктөртбұрыш салуы мүмкін. Жаттығуда келтірілген сұрақтарға жауап бере отырып, олар басқа жағдайлардың жоқтығына, себебі, барлық жағдайларды таңдап алу арқылы мүмкіндіктердің барлығын қарастырғанына көздері жетеді. Бұл мысалда неге «таңдау әдісі» қолданылғандығын қайталап сұрап, түсінгендеріне көз жеткізу. Тіктөртбұрыштың ауданы 12 см2 . Қабырғаларының ұзындықтары бүтін сандармен берілген. Есеп шартына сәйкес тіктөртбұрыш салып көр. Неше тіктөртбұрыш салдың? Олардың аудандары бірдей ме? Қабырғаларының ұзындықтары ше? Ауданы тағы да 12 см2 болатын тіктөртбұрыштар салуға бола ма? Себебін түсіндір. «Таңдап алу» әдісі «Таңдап алу» әдісінде есеп шартын қанағаттандыратын барлық жағдайлар қарастырылады. Олардың арасынан мүмкін болатыны таңдап алынады. Мысалы, a . b = 8 теңдігі орындалатындай, екі жұп санды табу керек болсын. Шешуі: 1 . 8 = 8; 8 . 1 = 8; 2 . 4 = 8; 4 . 2 = 8 теңдіктері арасынан есеп шартына 2 . 4 = 8 және 4 . 2 = 8 теңдіктері келеді. Ал, 1 · 8 = 8 және 8 · 1 = 8 теңдіктері келмейді. Себебі 1 — тақ сан. | |||||
Сабақтың ортасы |
(Ж)Шығарып көр. а) Таңдап алу әдісін тікелей қолдану арқылы есепті шешеді. Тапсырманы жұптасып орындауларына болады. Көмекті қажет ететін оқушыларға: «Екі көшет сыятын ыдыстан біреу алсақ бола ма?», «Екеу алсақ ше?» деген бағыттаушы сұрақтар қою. Осы арқылы дұрыс жауапқа келуге көмектесу. Жауапты сынып бойынша талқылау. Мүмкін жауаптар санын айту. Жауаптары: 1) екі көшеттік 3 ыдыс және үш көшеттік 4 ыдыс; 2) екі көшеттік 6 ыдыс және үш көшеттік 2 ыдыс. Себебі, 18 = 2 · 3 + 3 · 4 және 18 = 2 · 6 + 3 · 2 орындалады. ә) Оқушылар таңдау әдісін қолданады. Көмек ретінде: «160 · a + 170 · b + 200 · c = 1220». Алдымен, осы жазудағы 160 · a, 170 · b, 200 · c өрнектерінің нені көрсететінін сұрау. 160 · a + 170 · b + 200 · c = 1220 жазуы есеп шарты бойынша жасалған модель екенін түсінгеніне көз жеткізу. Бұл жазудың есепті шешуде не пайдасы бар екендігін сұрау. Оны түсінген соң, оқушылар әріптер орнына сандар қою арқылы есеп жауабын тез тауып алады. Талқылау кезінде жауап беруде сенімсіздік көрсеткен оқушылардың ары қарайғы жеке жұмысына назар аудару. Дәптердегі жазуларды қадағалау. Жауабы: 160 см — үш бөлік, 170 см — екі бөлік, 200 см — екі бөлік. б) Шешу әдістері түрлерінің енді бір түрін көрсету арқылы оқушылардың мүмкіндігін арттыру. Ол үшін оқушыларға көмек ретінде кесте ұсыну: Кестеде не жазылғандығын, не жазу керектігін талқылау. Жауаптарды салыстыру арқылы өзара бағалау. Жауабы: 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 адам. Себебі, в) Тапсырманы талдап алу әдісі арқылы орындайды. Оқушылар оны жеке орындайды. Тексеру үшін көрші парталардағы оқушылар жұмыстарын ауыстырып, тексеруге болады. Олардан тексерілген жұмыстың қандай артықшылығы мен кемшілігі болғанын сұрау. Жауабы: 2 тауық және 2 мысық. Себебі: 2 + 2 = 4; 2 · 2 + 4 · 2 = 4 + 8 = 12. (Ө)Геометриялық фигуралар Қорапта 24 геометриялық фигура жатыр (дөңгелектер, үшбұрыштар, шаршылар). Егер үшбұрышқа қарағанда шаршылардың 7 есе кем екені белгілі болса, қорапта әр фигураның нешеуі жатыр? (Ж)Ойлан. Үш орынды санның цифрларының қосындысы 3-ке тең. Цифрлары әртүрлі болса, ол қандай сан?Ойлан. Оқушы бұл тапсырманы орындауда талдау жасауды үйренеді. Оларға көрнекі жерге цифрлар жазылған кеспеқағаздарды ілу, назарын аудару. Ойлануға белгілі бір уақыт беріп,ламинатталған қағаздарға өз жауабын жазып көрсетеді. Егер оқушылардың басым бөлігі жауапты таба алмайтын болса, онда сынып бойынша талқылау ұйымдастыру. – Үш орынды сан цифрларының қайсысы бірінші болып орналаса алмайды? Неге? (0, себебі 0-ден сан басталмайды ) – Қай цифрлардың қосындысы үшке тең болуы мүмкін? (0, 1, 2) – 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрлары орналаса ала ма? (жоқ) – Цифрларды қайталауға бола ма? (болмайды) – Цифрлардың орнын ауыстырса не болады? Ауыстыру керек пе? (басқа сандар пайда болады, ауыстыру керек. Себебі, олардың да қосындысы 3-ке тең болуы мүмкін). Жауаптар негізінде оқушылар дұрыс жауапты табады. Жауабы: 102; 120; 102; 201; 210. Орындап көр. Оқушылар цифрларды қойып тексеру арқылы, таңдап алу әдісін қолданады. Тапсырма логикалық ойлау дағдысын жетілдіреді. Жауабы: 2 | Есептер жазылған қима қағаздар Кеспеқағаздар кеспеқағаздар | ||||
Сабақтың соңы Кері байланыс | Сабақтың рефлексиясы. Сабақ соңында оқушылармен кері байланысты ауызша орындауды ұйымдастыру. Ол үшін слайдқа «Сабақта үйренгенім …», «Сабақта орындай алмадым …» деген аяқталмаған сөйлемдерді көрсету. Оқушылар сөйлемді жалғастыру арқылы өз ойларын айтады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?