Бірнеше амалмен шығарылатын есептер. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

3-бөлім. Жазбаша көбейту және бөлу

129- сабақ. Тақырыбы: Бірнеше амалмен шығарылатын есептер

Оқу мақсаты: 3.2.1.6 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,тапсырмалар, тапсырмалар жазылған кеспеқағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бірнеше амалдар арқылы шешілетін есептерді шығарғанда алдымен есептің шартымен және сұрағымен танысу керек. Содан соң сызба, кесте, диаграмма немесе қысқаша жазба түрінде есептің қысқаша шартын жазу керек. Осыдан кейін есепті шығару жоспарын құрған пайдалы болады. Жоспар бойынша тапсырманы орындаған түсінікті болады. Есепті орындалған амалдар бойынша санды өрнек құрап шығаруға болады. Әдетте соңғы амал негізге алынып, сандық мәндер өрнектермен ауыстырылады. Оқушылардың есепті амалдар бойынша шығару дағдысы қалыптасқан жағдайда бұл қадамнан аттап, есептің жоспарына сүйеніп, бірден санды өрнекті құрудан бастауға болады.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Ынталандыру. Сабақ бір-бірлеріне жүрекшені беріп жылы тілектерін айтудан басталады.

Шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жүрекше беру арқылы жақсы тілектер айтамыз.

Т.Т. «Жұбың кім?» ойыны арқылы бүгінгі тақырып мазмұнын ашу. Әр топқа екі бөліктен тұратын қағаздарды таратыңыз: бірінші бөлікте үш санды өрнек, екінші бөлікте олардың жауаптары жазылған. Өрнек пен оның сәйкес мәнін табу керек. Есептеу арқылы сәйкестікті тапқан соң, оқушылар қағаздарды желімдеп дұрыс жауабын көрсетеді. Орындалған жұмыстарын топтардың арасында сағат тілінің бағытымен ауыстырып, тексеру ұйымдастырыңыз. Дұрыс шығарылған жауаптарды тақтаға жапсырып, әр түрлі тәсілмен өрнектерді оқуды жүргізіңіз.

Ұ.Ж. «Жоспар құр шығар» Оқушылардан есептің қысқаша шарты туралы не білетінін сұраңыз. Нені табу керек? Берілген қысқаша шарты бойынша есеп құрастыруды сұраңыз. Жұмыс нәтижесін ұжым болып тексеруді ұйымдастырыңыз. Осыдан кейін есепке өрнек құрып, тақтаға жазып, дұрыс өрнекті ұжым болып анықтаңыз.

Бір кітапта 138 бет бар. Екінші кітапта одан 2 есе артық, ал үшінші кітапта екіншіден 3 есе кем. Үш кітапта барлығы неше бет бар?

І кітапта-138 бет

ІІ кітапта-? 2 есе артық ? бет

ІІІ кітапта-3 есе кем

Жоспар:1) Екінші кітаптың беттерін анықтау

2) Үшінші кітап беттерін анықтау

3) Үш кітаптағы барлық беттерді анықтау

Жауабы: 138*2=276 (екінші кітап беті)

276:3=92 (үшінші кітап беті)

138+276+92=506 (барлық кітап беттері)

Т.Т. «Тиісті өрнекті тап» Берілген өрнектерді шығару арқылы нені табуға болатынын талқылау, оқушылардың шағын топқа бірігуін сұраңыз. Ізделінді өрнекті параққа жазып алып, оның мәнін табуды ұсыныңыз. Бірін-бірі бағалауды ұйымдастырыңыз.

Вагонға 30 қап бидай жармасы және 200 қап қарақұмық жармасы тиелді. Бір қап бидай жармасының массасы 8 кг, ал бір қап қарақұмық жармасының массасы одан 20 кг кем. Барлық жүктің массасын тап.

а)30*8+200*(20-8)

ә)30*8+200*2

б)(20-8)*200+30*8

Жауабы: а)

Ұ.Ж. Шығарып көр. Алдымен есептің шартын сынып болып талқылаңыздар. Бірінші күнмен салыстырғанда екінші күннің адам саны қандай екенінен мән беру керек. Оқушыларға есепті жұп болып талқылап, амалдар бойынша шығаруға мүмкіндік беріңіз. Жұптар арасында бірін-бірі бағалауды ұйымдастырыңыз.

Кітап көрмесіне бірінші күні 690 адам, екінші күні бірінші күндегіден 410 адам кем, ал үшінші күні екінші күндегіден 330 адам артық келді. Көрмеге үш күнде қанша адам келді?

Жауабы: 690-410=280

280+330=610

690+280+610=1580 адам

Ұ.Ж. Оқушылардың есепті санды өрнек құру арқылы шығара алатынын тексеру үшін келесі есепті беріңіз: Сайысқа 2- сынып оқушыларынан 35 бала, 3- сынып оқушыларынан 28 бала келді. Олар 3-еуден топтарға бөлінді. Қанша топ болды?

Жауабы: (35+28):3 =21

Ұ.Ж. Есептерді амалдар бойынша немесе санды өрнектің мәнін есептеу арқылы шығар.

1)Тігінші тапсырыспен балалар бас киімдерін 4 күн, қолғапты 3 күнде тікті. Барлығы 77 бұйым тікті, бір күнде неше бұйымнан тіккен?

Жауабы: 77:(4+3)=11

2)Вагонда 380 ц көмір болды. 7 мәшинеге бірдей мөлшерде тиеп жібергеннен кейін, вагонда 100ц көмір қалды. Бір мәшинеге қанша көмір тиелген?

Жауабы: 40ц

Бағдаршам әдісі арқылы бағалауды ұсыныңыз.

Кері байланыс

1.Көк- мен күткендей болмады.

2.Жасыл-ұнады бірақ сұрағым бар.

3. Қызыл-маған қызықты болды, үйрендім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қауіпсіз каникул: балаларыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады
» 🙌 ҚАРЫЗ ҚАЙТАРУМЕН ҒАНИБЕТ
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
Пікір жазу