Аудан, көлем, периметр үшін формулаларды құру. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 В бөлімі: Геометриялық фигуралар. Есептер | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Аудан, көлем, периметр үшін формулаларды құру | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.5.1.2 есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: биіктік, ен, ұзындық, көлем | |||||
Сабақ мақсаттары | Есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: | |||||
Тілдік мақсаттар
| Талқылауға арналған сұрақтар: Есептерді шешеді; Есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдаланады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | өмір бойы білім алу | |||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жылдамдық, уақыт, қашықтық | |||||
Сабақбарысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 3 мин | І. Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпты ұйымдастыру. Мақсаты: Сабаққа дайндығын тексеру. Оқушылардың кітаптары мен дәптерлерін, құралдарын тексеру. Өтілген тақырыптарды қайталап, білімдерін пысықтау. - Бірімізге біріміз күлкі сыйлап, сабағымызды бастайық. Сабаққа назарымызды шоғырландырып, жаңа сабағымызды бастайық. -Жұмысымыздың ретімен танысытырайық: бақылаймын байқаймын ойланамын қорытынды жасаймын . Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу. | Презентация | ||||
Сабақ ортасы
| ІІІ. Жаңа сабақ Жауабын жызыңдар: Оқушылар аудан бірліктерін тиісті өлшемге қатысты түрлендіріп жазады. Өзара бағалау жасайды 1 см²(квадрад сантиметр) = 100 мм²1 дм²(квадрат дециметр)= 100 см²1 м² (квадрат метр) =100 дм²1 км²(квадрат километр) =1 000 000 м²1 а(ар) =100 м²1 га(гектар)= 100 а1 га=100 а=10 000 м²1 м² = 100 дм²= 10 000 см² = 1 000 000 мм²1 дм²= 100 см²=10 000 мм² Жұпта өзара бағалау жасайды. – Бүгін біз сендермен тікбұрышты үшбұрыштың ауданын қалай табу керектігін жалғастырамыз. А) (әр жұпқа тікбұрышты үшбұрыштың суреті беріледі)· Мына фигураларға қарап, не айта аласыңдар? (Оқушылар: – бұл тікбұрышты үшбұрыш, олар тең)· Үшбұрышта аудан болады ма? (Оқушылар: – Ия , ол қандай да бір жазықтың бөлігн алып жатыр)· Үшбұрыштың ауданын қалай табамыз? · Балалар қазір сендер жұппен қолдарыңдағы екі үшбұрыштан қандай да бір фигураны құрастырып көріңдерші. (Оқушылар үлкен үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш жасайды). Қандай фигуралар шықты? – Біз қай фигураның ауданын таба аламыз? – Не байқадыңдар? (Тіктөртбұрыш екі бірдей тікбұрышты үшбұрыштан, ал оның ауданы осы тіктөрбұрыштың жартысына тең болады) – Үшбұрыштар тең болғандықтан олардың ауданы тіктөрбұрыштың жартысына тең болады. – Осы тапсырманы орындау үшін қандай алгоритм құрасыңдар? (оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін, оны тіктөртбұрыш шығатындай етіп құрып, оның ауданын тауып, екіге бөлеміз. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу алгоритмін құрады. Алгоритмнің жоғарғы бөлігі бос біз оған сабақ соңына қарай қайта ораламыз. Сабақта алгоритм презентацияда қатар көрсетіліп, оқушылар соны қолданатын болады)– Ткібұрышты үшбұрыштың ауданын табу формуласы : (а×в):2 Б) – Қабырғалары 3 см және 6 см болатын тікбұрышты ұшбұрыштың ауданын табыңдар. (оқушылар үшбұрышты тіктөртбұрыш шығатындай етіп салып, есептің шарты мен шығару жолын анықтайды. (3×6):2 = – Келесі есепті шығарайық. Берілген төрбұрыштың ауданын табайық. Оқушылар есепті жеке жұмыс ретінде орындайды. Егер қиындық туындап жатса, сүйемелдеуші сауал қойылады. Мына төртбұрышты қандай фигураларға бөлуге болады? (тіктөртбұрыш пен тікбұршыт үшбұрыш) . Уақыт аяқталысымен талықлап, дәптерге жазады) – Қолдарыңа шаршы алып,одан сегізбұрыш шығарыңдар. (шаршыдағы белгіленген нүктелер бойынша саусақ жатттығуларын жүргізеді. Әр төбеден екі см қашықта нүктелер белгіленген. Солар арқылы кесінді жүргізіп, төртбұрышты шыққан сызықтар арқылы бүгеді) – Ал енді есеп құрастырыңдар. (№5 есеп: бүгілген бұрыштың, үлкен шаршы мен қалған сегізбұрыштың ауданын табуды ұсынады) Сыныппен есептің шығарылуын орындайды: (2×2):2=2 (кв. см) – бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын.2×4=8 (кв. см) – төрт тікбұрышты төртбұрыштың ауданы. 10× 10 =100 (кв. см) – үлкен шаршының ауданы.100 – 8=92 (кв. см)Жауабы: сегізбұрыштың ауданы 92 см2.Д) – Осындай қызықты тапсырмадан кейін алдарыңдағы партаның бетінің бұрышын кесіп алсақ, қандай фигура шығады (оқушылар тіктөртбұрышты алып, оның бұрышын кесіп алады. Үшбұрыш, төртбұрыш пен бесбұрыш шығуы мүмкін). – Әр нұсқаны қарастырып, қалған бөілктің ауданын табайық. Парта бетінің өлшемі 60см×100см,– егер үшбұрыш шығатын болса, оның ауданы =3000 см2;–егер тіктөрбұрыш болса : 60см×100см – (60см×20см):2=5400 см2;– егер бесбұрыш болса 20см×40см, қалған фигураның ауданы 60см×100см – (40см×20см):2=5600 см2 тең болады. – Тақтаға назар аударайық. Мына фигуралардың бұрыштарын назарға ала отырып, оларды қандай топтарға бөлуге болады? Аудандарын ауызша есептеңдер. (бір оқушы тақтаға шығып, сыныпқа арқасымен тұрып, ауада жазады. Егер жауап дұрыс болса, онда барлық сынып жазады: жасыл фигураның ауданы - 8 см2, көк түсті фигураның ауданы – 9 см2, күрең қызыл фигураның ауданы – 9 см2.) – Сендер тікбұрышты үшбұрыштың ауданы табуды тез үйрендіңдер. Ендеше келесі №8 есептің нұсқаларына нзар аударайық. 1 нұсқа гүлдің, ал 2 нұсқа үйдің ауданын табады. Бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын тауып алып, осындай үшбұрыштың санына көбейтуіміз керек.Гүлдің ауданы = 36 см2, үйдің ауданы = 144 см2.) Осыдан кейін талқылайды. – Енді сабақ басында құрылған алгоритмге оралайық. Алгоритм басында қандай сауал қойылу қажет еді? ( сауал: «Үшбұрышымыз тікбұрышты ма?») – Егер үшбұрышымыз тікбұрышты болса, онда біз оның ауданын таба аламыз. | Презентация Үлестірмелі карточкалар | ||||
Сабақтың соңы 4 мин | Рефлексия. Қорытынды, өзін өзі бағалау. – Үй тапсырмасының шығарылу жолына назар аударыңыздар. Мына слайдтағы аппликация теңбүйірлі үшбұрыштан құралған. Осы үшбұрыштың 3см өлшемді биіктік сызығы мен 4см тең негізі бар. Ендеше ол бірдей екі тікбұрышты үшбұрыштан құралады. Шешуі: (3×2):2=3 см2, 3+3=6 см2 – бір теңбүйірлі үшбұрыштың ауданы. Енді үшбұрыштар санын санаймыз – 32 шт.6×32 =192см2. | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар білім деңгейлеріне байланысты тапсырмалар тарату. | Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларын анықтайды. | Сергіту сәті Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. | ||||
Сабақбойыншарефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрысжүргізілдіме? Сабақтың уақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? | ||||||
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?