Жарыстарда есептеулер қалай пайдаланылады? Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1В бөлімі – Көбейту және бөлу. Есептер | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Мерзімі: 1-тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | ||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Жарыстарда есептеулер қалай пайдаланылады? | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.5.1.4 құрама есептерді құрастыру, салыстыру, шығару/ нәтижесін есеп шартына сәйкестігін бағалау | ||||
Сабақ мақсаттары | Есептер құрастырып үйрену | ||||
Бағалау критерийлері | Есептер құрастырады, салыстырады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Тақырыпқа байланысты математикалық тілді дамыту. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Тапсырмаларды шынайы өмір негізінде алады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады. | ||||
АКТ-ны қолдану | Ойын есептерді шығарады. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қозғалысқа есептер шығара алады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушыларды сүйікті спорт және жарыс түрлері туралы айтуға және спорттық, нәтижелер қалай бағаланып, бағалары қалай жазылатыны туралы әңгімелесуге шақыру. Көптеген жарыстарда мысалы, футбол лигасында әр команданың бір-бірімен арасын анықтау үшін маусым бойы жинақталатын «аралық қорытынды» қалай екендігін талқылау. Жарыстарда қандай нәтижелерге жеткендерін есепке алу. |
| |||
Сабақ ортасы 33 минут | (Ұ) Есептеу орындалатын өзге ерекшеліктерін талқылау– мысалы, футболда командалардың ұпайлары бірдей болғанда командаға артықшылық беру үшін «ұпайлардың орташа» есебі есептеледі. АКТ да спорттық жарыстардағы есептеулерді қарау. (Т) Спорттың бір түрін немесе өзіне ұнайтын түрін таңдаған оқушалардан топпен жұмыс жасауларын ұйымдастыру. Спорттың бір немесе танымал түрінен таңдаған оқушылардан қажет болған жағдайда екі немесе одан да көп топтар құруды ұйымдастыру. Егер ешқандай спорт түріне қызықпайтын оқушылар болса, олардан өздерінің қызығушылықтарына жақын келетін өзге жарыс түрлерін үйренулерін сұрау– мысалы, оқушыны тек аттар қызықтыратын болса, ол Олимпиадалық ат жарыстарын зерттей алады. (Т) Диаграммасын құру. (Т) (ҚБ) Топтарға өз нәтижелерін көрсетулеріне және қалған оқушылардың сұрақтар қойып, топтың есеп беру мәліметтерін бағалауына мүмкіндік беру. (Т) АКТ да ойын есептер шығарып жарысады. (Ұ) Жарысқа арналған есептер шығару. Спорт машинасымен жарысушы тасжолда 78км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Ол 2 сағатта қандай қашықтықты жүріп өтеді? (156км) Велосипедші 2 сағатта 45 км/сағ жылдамдықпен неше километр жүреді? (90 км) Мотоциклші 30км/сағ жылдамдықпен 5 сағатта неше километр жүреді? (150 км) (Т,Қ) Топтардан таңдалған жарыс түрінің нәтижелерін анықтау және статистикалық мәліметтерін жинау үшін есептеулерді пайдалануды зерттеп білуді сұраңыз. Олар өзге топтарға есеп беруге дайындалу үшін зерттеу жүргізіп, қызықты мысалдар жинастыруы тиіс. Есеп беру мәліметтері плакат, дәріс, Power Point презентациясы, т.б. сияқты болуы мүмкін. Жұмыстың аяқталуы мен презентациялар дайындау үшін уақыт белгілеу. Әр топ өз есептерін құрастырып, басқа топқа ұсынады. |
https://www.youtube.com/watch?v=1LXBb_3CmBM https://www.youtube.com/watch?v=ZkW83_LjR3o | |||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. Шеңбердің бір бөлігін бояңыз.
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Қабілеті жоғары оқушыларға диаграмма құруды басшылыққа алады. | Зерттеуге қатысуы. Есеп шығару дағдылары бағаланады. | Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарланды. Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесі ескертілді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?