Бекіту/Судың адам өміріне қажеттілігі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

132-сабақ

Тақырыбы:

Бекіту/Судың адам өміріне қажеттілігі

Оқу мақсаты:

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

3.2.1.5 әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады, әріпті, санды өрнектерді (үш амалдан артық) салыстырады.

Оқушылардың кейбірі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмінің орындалу ретін түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

- Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- Бөлуді қалай орындайды?

Жазу:

Баған түрінде орындау.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

- Шаттық шеңберін құрып, қолымызды ұстап, мына өлеңді қайталайық.

Су деген- тіршіліктің қаны емес пе?

Су деген-табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

- Сонымен, балалар, судың пайдасы бар ма?

- Судың адам өміріне қажеттілігі қандай?

Суқоймалар туралы суреттер, ролик көрсету

Плакат

2-слайд

3-слайд

4-слайд

Ролик

3-5

Өзектендіру.

(Т.) 1-тапсырма

Өрнектерді баған түрінде орындау.Олардың мәнін өсу ретімен қойып, өлең жолдарын жазған ақынды анықтау.

640:2=320 Х 390:3=130 А 110∙9=990 А

840:4=210 P 430∙2=860 О 110∙4=440 І

660:3=220 И 110∙5=550 А 130∙3=390 А

620:2=310 М 220∙3=660 Н 230∙2=460 М

220∙4=880 В 480:2=240 Я

240∙2=480 Ж 360:3=120 М

210∙2=420 К

120 130 210 220 240 310 320 390 420 440 460 480 550 660 860 880 990

Мариям Хакимжанова

«Қалам үстел ортасында» әдісі арқылы тексеру.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң қаламдарын партаның ортасына қояды екі топтан екі оқушыдан шығып, өздеріне ұнаған қаламдарын алады. Сол қалам иесінің орындаған тапсырмасы оқылады.

Бармақ арқылы бағаланады.

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Оқулық, карточкалар

5-слайд

6-слайд

7-слайд

Қалам

6-10

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

-Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

  • Есептеу тәсілдері туралы білімін бекіту.

Оқулық

11-28

(Ө.) №2 тапсырма

Амалдарды баған түрінде жазып,өрнектің мәнін табу.

220∙2-880:8=330 860:2-930:3=120

990:3+120∙4=810 640:2+220∙2=1720

№3 тапсырма

Есепті талдау:

Алғашқы машине 1 рет-120л

Қазіргі машине 10 рет-алғашқы машине 4 рет

Қазіргі машине 1рет-?л

120∙4=480л

480:10=48л

Оқушылар тапсырманы орындайды, өздерінің есептеу кезінде қай жерден қате жібергендерін анықтайды. Қате жіберудегі себебін анықтайды. Олар: алгоритмді білмеу, есептеуде жіберілген қате, жазу барысында жіберілген қате.

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Сіз қай жерде қателік жібердіңіз?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастырыңыз.

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін қайталау, есептеуде қате жібермеу, баған түрінде жазуда қате жібермеу.

Смайликтермен бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау.

Сергіту сәті

Оқушылар орындарынан тұрып,оң қолын көтеріп, 5-ке дейін ағылшынша санайды, сонан соң сол қолын көтеріп ағылшынша санайды. Басын шалқайтып 5 рет ха-ха-ха деп, еңкейіп 5 рет хи-хи-хи деп айтады, сонан соң 4-ке дейін санайды,3-ке дейін санайды, 2-ге дейін,1 рет санайды және ха-ха,хи-хи деген сөзді айтады.

(Т.) №4 тапсырма

Қысқаша жазылуы бойынша есептер құрастыру және оларды шығару. Тапсырманы орындамас бұрын есептердің қысқаша жазылуына оқушылардың назарын аудару. Екі есепті салыстыру. Оқушылардан есептердің жазылуындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы сұрау. «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы тапсырманы топтарға бөлініп орындау. Оқушылар қандай есеп құрастырғандарын, оны қалай шығарғандарын басқа топтарға барып түсіндіру.

а)"Динамо"хауызында 120 бала, ал дельфин хауызында одан,3 есе артық бала бар.Екі хауызда барлығы қанша бала бар?

Шешуі:

120+120∙3=480(б.)

Жауабы:екі хауызда барлығы 480 бала бар.

ә)Бассейндегі балалардың саны 360, бұл ересектерге қарағанда 3 есе кем.Бассейндегі балалар ересектерге қарағанда қаншаға кем?

Шешуі:

360∙3=1080(ер.)

1080-360=720(ад..)

Жауабы: балалар ересектерге қарағанда 720-ға кем.

Дәптерде өзіндік тексерумен және критерий бойынша бағалаумен жұмыс.

(Ж.)№6 тапсырма

Өрнектерді салыстыру.

930:3+8∙9>930:3+56 130∙2-28:7 <130∙2-2

382> 366 256<258

310∙3+26>310∙3+80:4 680:2+5 =680:2+30:6

956 > 950 345=345

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Оқулық, дәптер, үлестірмелі материал

Смайликтер

Оқулық, есептің шарты

8-слайд

Оқулық

Сигналды карталар

29-37

Өткенмен жұмыс.

(Т.) 6-тапсырма

Әлия мен Сырым суды бір тәулікте қанша көлемде жұмсайтындарына зерттеу жүргізді. Әлияның отбасында 3 жан және Сырымның отбасында 4 жан бар. Зерттеу нәтижесі кестеде берілген.

Аты-жөні

Тамақ пісіру

Ішу

Ыдыс жуу

Жуыну

Кір жуу

Басқа қажетті- ліктер

Барлы- ғы

Сыр-ым

12 л

8 л

6 л

20 л

5 л

23 л

74 л

Әлия

10 л

6 л

5 л

15 л

5 л

19 л

60 л

Кестедегі мәліметтер бойынша топтағы оқушыларға арнап сұрақтар құрастыру. Мысалы:

-Кімнің отбасы суды көп жұмсайды?

-Қандай қажеттілікке суды көп жұмсаған?

-Әр отбасы 5 тәулікте, 10 тәулікте неше литр су жұмсайды?

-Суды қалай үнемдеуге болады?

Топтағы әрбір оқушыға өз отбасында қанша литр су жұмсайтынын зерттеп, оны кестеге түсіруге тапсырма беру.

(Т.) 7-тапсырма

Бос орындарға тиісті сандарды жазу. Ол өтілген тақырыпқа берілген тапсырма болғандықтан, оны орындауда қиындық туындамауы қажет.Тапсырманы орындамас бұрын оқушылардан бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін сұрау. Оқушылар осы алгоритмді қолданып тапсырманы орындау.

"Отшашу" арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру

Оқулық, сызба

9-слайд

Кесте

10-слайд

11-слайд

Қима қағаздағы үлгі

12-слайд

13-слайд

Блум түймедағы

38-40

Рефлексия.

- Бүгінгі сабақ ұнады ма?

- Бүгінгі сабақта не қызық болды?

- Қандай қиындықтар кездесті?

- Нені түсіндің?

-Нені түсінбей қалдың?

14-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу