46:2 түріндегі екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу 113 сабақ | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шахманова Адигул | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы: | 46:2 түріндегі екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша бөлу | ||||||||||
Оқу мақсаты: Сабақ мақсаты: |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері | Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалын түсіндіре алады. | ||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||
Құндылықтар | Алған білімін өмірде қолдана алу сияқты кең ауқымды дағдыларын қалыптастыру. | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі, дүниетану | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 123∙2 түріндегі үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||
Психологиялық дайындық Сабақтың басы Сабақтың ортасы | «Табыстылық ассоциясы» Оқушыларды топқа бөліп әрқайсысында «табыс» сөзімен байланысты өзіндік пікірлері бар екенін ескеріп, «табыс» сөзімен 1 минуттың ішінде топ ішінде қабылданған жалпы анықтама беру талап етіледі. Мысалы, 1-топ – зат есімдерден тұратын сөздер, 2-топ сын есімдерден, 3, 4-топ – етістіктерден тұратын сөздер ойлайды. Топтардың сөздері талқыланып, «табыс» сөзінің формуласы тұжырымдалады. (Т) «А,В,С»тәсілі арқылы өткен сабақты нақтылау А-сұрақ қояды. В-жауап береді. С-айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады. Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, соңында қорытынды береді.Парақтарға жазылған мысалдар. (Т)«Мағынаны тану» Бөлу алгоритмі. Топтарға алгоритмі көрсетілген парақшалар тастау.Есептеуге дайындалған мысалдар жазылған парақтарды тарату. Оқушыларға бөлу алгоритмі беріген парақшаны пайдаланып мысалды топта орындауды ұсыну. Топтардың тапсырманы қалай орындағанын жұмыс барысында қадағалау.Топтар тапсырманы орындағанан кейін өздері түсіндірме жасайды. Сол кездегі мұғалім төмендегі бағыттауыш түсіндірмелерді қажетінше пайдалана отырып, толықтырады. (Оқушыларға бөлудің екі тәсілін салыстыруды сұрау: ауызша және жазбаша түрде бөлу. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлудің қандай тәсілін қолданған ыңғайлы болғанын түсіндіре отырып орындауларын сұрау: 1.Бөліндідегі цифрлар санын анықтаудан бастау.Бөлуді орындауға дейін бөліндідегі цифрлардыңсанын анықтап алу бөлуді бақылау құралы ретіндекөмектесетінін айту. Бөлу кезінде бөліндідеартық цифрдың пайда болуын бақылау немесецифрды жоғалтып алуды қадағалаумаңызды. 2.Бөлінгіштің жазылуында жоғары разрядтан бастап2-ге бөлгенде 0-ден өзге бір таңбалы сан шығатынсанды анықтап, бұл сан бірінші толымсызбөлінгіш деп аталады. Біздің мысалда ол ондықтыбілдіреді. 3.Бөліндінің мәніндегі цифрлардың санынанықтау. Бұл есептеу барысын бақылауғакөмектеседі. Бірінші толымсыз бөлінгіш ондықтыбілдіретіндіктен, бөліңдінің мәніндегі бірінші цифрда ондықты білдіреді. Бөліндінің мәнінде екі цифрболады. 4.Сонан кейін бөлінгіштің әрбір разрядтықсанын бөлгішке бөлу керек. Бөлу алгоритміндауыстап айту:Ондықтарды бөлемін. Бірліктерді бөлемін.Көбейтемін. Көбейтемін.Азайтамын. Азайтамын.Жауабын оқимын.Егер қалдық бөлгіштен артық сан болса, есептеуде қате жіберілгенін және біз алғанкөбейтіндіден басқа бөлінгішке жақынырақкөбейтінді бар екенін айту. Барлық қалдықнөлге тең болады) Қорытынды жасау: жазбаша бөлу үшін бөлу алгоритмін білу керек. Бағалау: Жарайсың! Ұмтыл! Талпын! Сөздері арқылы ауызша бағалау (Ұ) «Сиқырлы сандық» Алгоритм бойынша сыныптық жұмыс ұйымдастыру. Ол үшін бір оқушыны тақтаға шақырып, теңдеуді түсіндіріп шығаруды сұрау. Жұмыс барысында оқушыларға сұрақ қою: - Белгісіз бөлінгішті қалай анықтаймыз? -Белгісіз бөлгішті калай анықтаймыз? -Бөлуге кері амал қандай амал? -Бөлуді қалай тексеруге болады? Бағалау:Жұлдызшалар арқылы бағалау | 3 слайд 4 слайд 5-6 слайд Ламинаттатталған А3 парақ, маркер Интербелсенді тақта 7-8 слайд | |||||||||
Сергіту сәті | «Ойлан, тез жауап бер» Мұғалім ауызша оқиды.Оқушылар ойланып тез әрі нақты жауап беру керек. (ЖЖ) Блиц турнир Жұптық жұмыс.Кесте бойынша жұмыс. Берілген өрнектердің мәнін сәйкестендіріп бояйды. Соның ішінде екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлудің дұрыс орындалғанына ерекше назар аудару. Олардың өзара бағыттаушы сұрақ қоюын, сұрақтарының мазмұнына мән беру. Бағалау: Жеңімпаздарды смайлик арқылы бағалау. (Т) Шығарып көр. Оқушыларға жұп болып есептің шартын сурет арқылы көрсетіп, шығаруды тапсыру. Соңында жұптардың арасында бірін-бірі бағалауды ұйымдастыру. Соңында топтарды жұлдызша арқылы бағалау. Бағалау:Геометриялық фигуралар арқылы жұлдызша-5, төртбұрыш-4, үшбұрыш -3 (ӨЖ) Салыстар.Тапсырманы баған түрінде бөлу және көбейту алгоритмдерін бекітуге арналған жаттығу ретінде пайдалану. Есептің дұрыстығына көз жеткізу үшін тексеру. Тақтада дайын жауабын көрсету. Оқушылардың дәптерлерін ауыстырып тексеру. Бағалау: Бірін-бірі бағалау
| 9 слайд
Өрнектер жазылған парақшалар 11-12 слайд 13-14 слайд | |||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
| 15- слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?